1. Осы заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер



Дата02.05.2023
өлшемі20,81 Kb.
#89257

1.Осы заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер:
А.сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер*
Б,сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
В,сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Г,сыбайлас жемқорлық саясаты


2.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қолдану аясы:
А.ТМД мемлекеттері аумағындағы лауазымды адамдарға құқыққа қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар ұсынатын барлық заңды әрі жеке тұлғаларға
Б.ҚР аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты*
В.ҚР аумағында жеке тұлғаларға қатысты
Г.ҚР аумағында заңды тұлғаларға қатысты
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны:
А.Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне енгізеді
Б.Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді
В.Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді
Г.Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді*


4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызмет:
А.сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг*
Б.сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
В.сыбайлас жемқорлық анализі
Г.сыбайлас жемқорлық мониторингі


5.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін кім бекітеді?
А.Қазақстан Республикасының Парламенті
Б.Қазақстан Республикасының Президенті*
В.Қазақстан Республикасының Үкіметі
Г.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
6.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға адамдардың келісімін кім тіркейді?
А.құжаттама бөлімі жазбаша нысанда
Б.тиісті органның басшысы жазбаша нысанда
В.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган
Г.персоналды басқару қызметі жазбаша нысанда*
7.Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар пайдалануы кіріс әкелетін мүліктерін қандай мерзім ішінде сенімгерлік басқаруға беруге міндетті?
А.күнтізбелік отыз күн ішінде*
Б.бір ай ішінде
В.отыз жұмыс күні ішінде
Г.жиырма жұмыс күн ішінде
8.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызмет:
А.сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
Б.сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
В.сыбайлас жемқорлыққа қаржы шаралар
Г.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл*
9.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты:
А.мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функциялар атқаратын өзге де адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың мүдделерін қорғау
Б.жауаптардың барлығы дұрыс
В.қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою*
Г.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін құқықтық қылмыстық ықпал етудің шаралары мен жазаларын бекіту


10.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне не жатпайды?
А.Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұрату*
Б.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
В.Осы заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау
Г.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсыным енгізу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет