Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже



бет1/3
Дата25.08.2023
өлшемі30,91 Kb.
#105565
  1   2   3

№ 425 от 25.11.2022
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының
2022 жылғы __ қарашадағы
№ ____ бұйрығына 15-қосымша

Қазақстан Республикасы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 172 бұйрығына 15-қосымша


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің)
Астана қаласы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ


1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іске асыру функцияларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді белгіленген құзыреті шегінде және әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.

  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болу құқығы бар.

  6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. Департаменттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Астана қаласы, Асқар Тоқпанов көшесі, 45.

  9. Департаменттің толық атауы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке кіріс әкелетін қызмет атқаруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда сол қызметтен келген кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет