1-оқушы. Мерейлі сәт мерекеге ұласып, Сегізінші наурыз келді қыр асып. Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы- көктемімнің шапағатын тұр шашып. 2-оқушы



Дата29.03.2023
өлшемі13,43 Kb.
#77263

1-оқушы.
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.


2-оқушы.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!


3-оқушы.
Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.


4-оқушы.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі!


5-оқушы.
Ару қыздар, ау қыздар,
Ерекше сұлу жансыздар.
Шұғылалы ататын,
Шырайлы ақ таңсыздар.
Құтты болсын мерекең,
Ару қыздар, бал қыздар!


6-оқушы.
Менің анам мұғалім,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет