Тақырыбы: «MISS CAMP»
Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, өлең оқу)
4. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Көрнекіліктер: Түрлі түсті шарлар, банер,
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру:
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Miss Camp» атты арулар сайысына қош келдіңіздер. Ендеше, байқауды тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ұстаздар байқауымызды бастайық.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1)Бақытбек Айару «Эльдорадо» тобы
2)Үсенбекова Балнұр «Жас Қыран» тобы
3)Болат Айару «Эльдорадо» тобы
4)Жамбылқызы Бану «Жас Қыран» тобы
5)Азизулла Раяна «Эльдорадо» тобы
6)Үсенбекова Ақнұр «Жас Қыран» тобы
7)Төлепберген Исламия «Эльдорадо» тобы
8)Дархан Нұрсезім «Жас Қыран» тобы
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
ІІ. Негізгі бөлім:
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру. Қатысушы қыздар өздерін таныстырады.
2. Қолөнер. Қолдарынан жасаған дүниелерін таныстарады.
3. Өз өнерін көрсету. Ән айтып, би билеп,қара өлең оқиды.
1- кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
2- кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
3- кезең. Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Ендеше қатысушыларымыздың жалпы ұпайын білу үшін әділқазылар алқасы ақылдасып алсын. Ал біз кезекте ____________________________ «Ата-әже» әніне кезек берейік.
ІІІ. Қорытынды: Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда. Бірі жеңер енді бірі жеңілер ханшайымды сайладық біз топ ішінде жеңгенді.
Олай болса «Лагерьдің аруы» мен бірге бикешін өткізейік.
Достарыңызбен бөлісу: |