1. "Қозы Көрпеш" жырының басты тақырыбы. Радловтың "Қозы Көрпеш" жырына сіңірген еңбегі



Дата25.01.2023
өлшемі13,64 Kb.
#62863

1. “Қозы Көрпеш” жырының басты тақырыбы.
2. Радловтың “Қозы Көрпеш” жырына сіңірген еңбегі.
3. Баян Сұлу образы.

1.«Қозы Көрпеш» жырының бас тақырыбы - қазақ арасындағы жұбайлы некенің негізгі қағидалары болған қалың мал, көп қатын алу, теңсіз неке, әмеңгерлік, белқұда, бесікқұда сияқты әдет-ғұрып заңының қайшылығын тыю, ислам заңы құптаған жұбайлы некенің жолсыздықтарын әшкерелеу болмақ. Басқаша айтқанда, «Қозы Көрпеш» жыры феодалдық қоғамдағы қазақ әйелінің ауыр халі, олардың мұң-зары, арманы жайындағы эпос. Негізгі идеясы әйелдің, жас ғашықтардың бас бостандығын, еркіндігін аңсау. «Қозы Көрпеш» әңгімесі (сюжеті қазақ халқының әйел теңдігі, олардың бас бостандығы) Энгельс сөзімен айтқанда, оның «эмансипациялануы» жайындағы ұлы әлеуметтік мәселеге құрылған эпостық жыры болып шығады. Мұндай жырлар қазақтың ауыз әдебиетінде көп. «Қозы Көрпеш» - сол жырлардың ішіндегі ең ерте заманнан бері келе жатқан, идеясы терең, рухы мейлінше халықтық, мазмұны шыншыл, ең көркем үлгісінің бірі.


2.«Қозы Көрпеш» жырының қазақ, ұйғыр, барабы татарларының арасындағы түрліше нұсқаларын халық аузынан жазып алып, сол елдердің өз тілінде тұңғыш рет жариялаған, айрықша еңбек сіңірген ғалым – академик В.Радлов. Дұрысына келгенде, Радлов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының әрі бірінші жинаушысы, әрі зерттеушісі болды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сюжетінің қазақша нұсқасын Радлов 1865 жылы Аякөз бойынан жазып алып, өзінің «Түрік тайпаларының халық әдебиетінің үлгілері» деген кітабының үшінші бөліміне қосқан. Радлов нұсқасы 968 жол, 11 буынды қара өлеңмен жазылған. Бұл жөнде ғалым «Қозы Көрпеш» ертегісін мен Сергополь төңірегінен, сол геройға меңзелген ескерткіш маңындағы елдер аузынан жазып алдым» деген. Осы сюжеттің Тобылдағы барабы татарлары арасынан жазып алған бір нұсқасын В.Радлов өзінің сол жинағының 1872 жылғы ІV бөліміне енгізген. Сюжеттің толымды аудармасын 1872 жылы қара сөзбен неміс тіліне де аударып, басып шығарған.
3.Баян образын біз негізінде екі арнада түсінеміз. Бірінде ол ата- ана салты, қарабайшылдық тәртіппен келіспей, өз жүрегінің сезімін, еркіндігін феодалдар дүниесінен жоғары ұстаған азатшыл қыз, ұлы халықтық бейне. Екінші жерде Баян патриархалдық қоғам салтымен ымыраласқан, сол үшін жесір не құдалық идеясының жетегінде жүрген пассив образ.Баян образының халыққа ұнаған ең күшті жағы трагедиялы жырларда десек, оның ең басты қасиеті – азатшылдығы. Қыз махаббатын дәлелді ететін де оның сол арманы. Қыз басындағы осы жүйені жыр берік махаббат, күшті адамдық сезім арқылы гуманизм рухында жырлай білген. Екі жастың махаббаты жырда үнемі дамып, күшейіп, динамикалық арнада беріледі. Қодарлар қиянат жасап, Қозыны Шоқтеректе өлтірген сәтте де Баян өзінің бұрынғы сертінен қайтпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет