1. Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы. М. А. Данилов



Дата28.04.2023
өлшемі38,5 Kb.
#87979
Байланысты:
БӨЖ педагогика



1-ғалым және анықтамасы.

Ұқсастығы/Айырмашылығы
Хронологиялық даму мазмұны.

2-ғалым және анықтамасы.

1.Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі
байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік
құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына
айналатындығы.М.А.Данилов

Ұ:екі анықтамада да педагогикалық процесс адам бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. А:Данилов анықтамасында педагогикалық процесс ішкі процестер болса, келесі анықтамада педагогикалық процесс көмекші субьекттің яғни ұстаздың оқушыға сияқты ықпалымен дами отыра қалыптасатын тәжірибе.ХМ:Данилов Украиндық ХХ ғасырдың ғалымы,оның берген анықтамасы сол заманда шыныменде іске асқан,яғни ол тек ішкі процестер жиынтығы, ал Абай университетінің авторлары ХХІ ғасырға,заман ағымына сай сипаттаған.Шынымен де,қазіргі таңда қосымша субьекттің әсерінсіз құндылық қалыптастыру қиынға соғады және бұл жағдайдағы басты субьект-МҰҒАЛІМ болғандығы.

2.Педагогикалық процесс – ұстаздардың қатысуымен
және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың
бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені
меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте,
қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын
қалыптастыруға бағытталған.
Абай атындағы Ұлттық
Пед.университетінің авторлар ұжымы.

1.Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты,
мазмұнды, ұйымдасқан
педагогикалық
іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым
рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет
нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі .Б.Т. Лихачев

Ұ:екі анықтамада ұқсастық өте көп,екі автор ойы педагогикалық процесстің мақсатқа жетуге бағытталғандығы және бұл іс тәрбиеші арқылы іске асатындығы.А:Лихачев бойынша процессте басты рөлде тәрбиеші болса, Подсалый анықтамасында бұл процесс тек тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесуі арқылы ғана іске асатындығы.ХМ: Лихачев СССР педагогы болғандықтан,сол кезеңде тәрбиеші шыныменде бала өмірінде маңызды рөл атқарған болатын,ол балалар ақпаратты толық қорыта алмайтындығы, ал Подсалый 2004 жылдардың белгілі педагогы болған, сәйкесінше бала психологиясына байланысты тәрбиеші мен тәрбиленушінің рөлі бір.Ол түсіндіреді,бала ақпаратты жетілдіреді,

2.Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің
қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы.
И.П. Подласый
БӨЖ-2. Педагогикалық процесс ұғымын салыстыру
Орындаған: Жанділдаева Жания
Қабылдаған: Раукен Жеңісқызы
Ұ- Ұқсастығы
А- Айырмашылығы
ХМ- Хронологиялық дамуы


1.Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың
өмірлік іс-әрекетін
мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру. С.А. Пуйман

Ұ:екі анықтамада да қайталап айтып кеткендей, баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына бағытталған,яғни баланы өмірге,қоғамға тәрбиелеу. А:Пуйман анықтамасы бойынша пед. Процесс тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтарымен іске асырылса, Каптерев бойынша бұл өзіндік табиғатында өзіне-өзі әрекет жасау.ХМ: Каптерев ХІХ ғасыр педагог-психологы болғандықтан, қазіргі заманда іске асатын ол Пуйман анықтамасы, 1999-2003 жылдары еңбегі жарық көрген. Яғни, қазіргі заманда педагогикалық процесстің маңызы шыныменде ашылып, бұл сөздің нақты анықтамасын табуды қазіргі ғалымдардың таласа іздестіруі де сол, қазірге таңда тәрбиеші мен тәрбиеленушнің арасындағы коннект пен екі субьекттің бірлесе жұмыс жасауының маңызы және бұл процессті тез іске асырудың өнімділігі.

2.Педагогикалық процесс–өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі. П.Ф. Каптерев





ҚОРЫТЫНДЫ: Болашақ педагог ретінде және менің өз ойымша тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тәрбие мен дамуға бағытталған процесс- ол педагогикалық дегенге толықтай келісер едім. Еліміздің болашағы жас ұрпақ болғандықтан, сол өскелең ұрпақтың қарқынды дамуына неге көмектеспеске?Неге сол процессті педагог арқылы жылдамдатпасқа? 20-30 баланың ішінен 1 бала болсын, толыққанды әлеуметтік қоғамға дайын, өз құндылығын түсінетін, өз бағасын білетін, қазіргі заманға сай, яғни бәсекеге дайын қылып тәрбиелесем бұл маған да, кез-келген педагогқа үлкен жетістік деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет