Баяндау әдіс арқылы сабақта балаларға жаңа білім бері- леді. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды тәрбиешінің өзі жетік те, толық білуі тиіс



Дата07.01.2022
өлшемі13,57 Kb.
#20928
түріСабақ

Баяндау әдіс арқылы сабақта балаларға жаңа білім бері- леді. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды тәрбиешінің өзі жетік те, толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың басталуы, өрбуі, шарықтау шегі және аяқталуын дауыс ырғағы арқылы шебер жеткізіле отырып, көркем шығарманы баланың санасына жеткізуге жағдай жасалады.

Репродуктивті әдісті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қолдану кезінде тәрбиеші түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естері- не түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқи- ғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Ба- лалардың өткен тақырыпты естеріне түсіруге және жаңа мате- риалдарды меңгертуге мазмұнды суреттер беріліп әңгімелеу ұсынылады.

Эвристикалық әдістің көмегімен байланыстырып сөй- леуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғы- зылады. Сондай-ақ баладан ойын жүйелі құрастыруға және то- лық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау, әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері, мек- тепалды даярлық тобындағы балалардың ойын, өрбітіп, байла- ныстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет