1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


) Сана мен iсəрекет бiрлiгi принципi. Сана жəне iсəрекет жантану ғылымының өзектi категориялары



бет12/57
Дата24.01.2023
өлшемі162,62 Kb.
#62710
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
21) Сана мен iсəрекет бiрлiгi принципi. Сана жəне iсəрекет жантану ғылымының өзектi категориялары.
Бұл принциптiң жүйелi зерттелуi 30жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен iсəрекеттiң бiрлiгi жөнiндегi идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол "iсəрекет жəне сана назар аударылған объекттiң екi, əртүрлi тарапы емес. Олар табиғи бiртұтас; теңдiк емес, бiрлiк" деп жазған. Сана мен iсəрекет бiрлiгi принципi əрекеттiң санасыз, ал сананың əрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негiздейдi. Мұндай көзқарастан сананы тану iсəрекеттi зерттеу арқылы ғана мүмкiн екенi дəлелдендi. Əрқандай ғылыми (саналық) таным əрекет пен оның өнiмiн бiлуден олардың орындалу барысында көрiнетiн басқа психикалық процестерге өтуi қажет. Осылай, сана мен əрекет бiрлiгi принципi психологияның барша объектив əдiстерiнiң негiзiне айналды.
Маңызы. Ғылымға бұл принциптiң енуi iсəрекет теориясын дұрыс түсiнуге бағыт бердi. Осы кезге дейiн психологияның қай бағыты болмасын, психиканы iшкi құбылыс, ал əрекеттi сыртқы деп түсiндiретiн. Ал сана мен əрекет бiрлiгi принципiнен келетiн болсақ, шынында да, психика, сана тек iшкi құбылыс болып қалмайды. Осылайша, əрекет те тек тысқы көрiнiстерiмен танылып қалмай, өзiне тəн iшкi мазмұнға да ие, бiрақ бұл қасиет оның бiр тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен əрекет бiрлiгiнiң мəнi: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттерi əрекетте көрiнiп қана шектелмей, сол əрекет процесiнде қалыптасады да.
22) Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас.
Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні — өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет