Дамушы мемлекеттер типологиялық тобы және олардың топшалары, iшкi айырмашылықтары Орындаған: Болатбаева Ұлбосын



Дата01.04.2023
өлшемі10,28 Kb.
#78223

Дамушы мемлекеттер типологиялық тобы және олардың топшалары, iшкi айырмашылықтары

Дамушы мемлекеттер типологиялық тобы және олардың топшалары, iшкi айырмашылықтары

Орындаған:Болатбаева Ұлбосын

Кіріспе

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар .Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердід жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғанымен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізге өсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.



Елдердің даму типологиясы
дамыған
дамушы
өтпелі
1. Үлкен жетілік
2. Еуропадағы елдер
3. Еуропадан тысқары жатқан елдер (Қоныс аударған капитализм елдері)
4. Жаңа индустриялдық елдер (Сингапур, Малазия, Корея Республикасы, Ганконг)
1. Дамушы елдер көшбасшылары
2. Жаңа индустралды елдер
3. ОПЕК елдері
4. Плантациялық шаруашылық елдері
5. Жалға пәтер беруші елдер
6. Артта қалған елдер
7. Мешеу елдер
Бұрын КСРО құрамында болған елдер немесе социалистік жолмен дамыған елдер

Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.

Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.



Дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз:
1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер;
2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер
3) дамушы елдер
БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурс-тарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге елі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін «негізгі дамушы» немесе «жаңа индустриялы елдер» — Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.
Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың есу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын «өмір сүру сапасы» көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады. Оқулық қосымшасындағы 6-кестедегі елдердің әлеуметтік-экономикалық керсеткіштерін салыстыру барысында, оларды 3 топқа жіктеуге болады. Алғашқы 3 ел дамушы елдер тобына, соңғы 3 ел дамыған елдер тобына, ал ортадағы 3 ел етпелі экономикалық елдер тобына жатады. Осы кестеде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық байқалады. Мәселен, Швеция жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жан басына шаққанда Мозамбиктенағымдағы рести валюта курсы (АРВК) көрсеткішімен 250 еседей, ал сатып алу қабілетінің паритеті(САҚП) өлшемімен 25 еседен аса артық өндіруде. Сонымен қатар енді бір дамушы елдер (Сингапур, Қатар, БАӨ, Бруней) бұл көрсеткіштер бойынша кейбір жоғары дамыған елдерден (Испания, Жаңа Зеландия, Грекия, Португалия) алда тұр. Былайша қарағанда дамыған және дамушы елдер арасында белгілі бір шек жоқ сияқты. Бірақ жоғарыда аталған тарихи және саяси қалыптасу барысындағы өзгешеліктері, олардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзіндік ерекшеліктерімен сөйкестендіріліп, әлем елдері жалпы екі типке бөлініп қарастырылады.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси-қоғамдық жағдай ғана есеп-телініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігш көрсетіп отыр. 1970 жылдары Қытай, Югославия, Румыния, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі (славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси-қоғамдық жағдай ғана есеп-телініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігш көрсетіп отыр. 1970 жылдары Қытай, Югославия, Румыния, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі (славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет