1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері Ең алдымен психология деген сөз не мағына береді,осыны ашып алайық. Психология грек тілінен енген сөз. «Жан туралы ғылым»
2020-2021 оқу жылы «Психология» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған №1 межелік бақылау сұрақтары
1.Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері Ең алдымен психология деген сөз не мағына береді ,осыны ашып алайық.Психология грек тілінен енген сөз. «Жан туралы ғылым» деген мағына береді. Психология-психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы зандылықтары туралы ғылым деп анықтамасын бере аламыз.Психология пәнін жіктейтін болсақ:
>ic-әрекет субъекті ретіндегі адам;
> өзін өзі реттеуіне кажет тұлғанын жүйелі өз сапалары; адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік Қызметке келу зандылықтары;
>адамның болмысты бейнелеу кабілеттері және оны тануы;
>соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ыкпалдасты байланыстарын реттей алуы.
Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны. Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы яни шулы тақырып. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнеше, түсін түстеп айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
2.Психология ғылымының даму кезеңдері. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.
1-кезең жан туралы ғылым ретінде. Психология Бұл психологияға екі мың жылдан астам уақыт бұрын берілген анықтама. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өм кұбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
2- Психология сана туралы ғылым ретінде. XVII ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен басталды. Ойлау, сезіну, ниеттеу қабілеттерін сана деп аталды. Негізгі зерттеу әдісі адамның өзін-өзі бақылап ,фактілерді сипаттауы болды.
3- Психология мінез-құлық туралы ғылым ретінде. XX ғасырдан басталады. Психологияның міндеті — тікелей көруге болатын құбылыстарды бақылау, яғни мінез-кұлықты, адамның реакциялары. Адамның қылығын тудыратын түрткілер есепке алынбады.
4.Психология — психиканың заңдылықтары мен механизмдерінің фактілерін зерттейтін ғылым ретінде.