1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары(7апта)



Дата14.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#73968
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары(7апта)
1.Тарих теориясы мен методологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

2.Тарих теориясы ғылымының қалыптасуы

3.19 ғ. 2-ші жартысындағы Позитивистік бағыттағы мектептер


4.Англияда тарих ғылымының дамуы және ой-пікірдің қалыптасуы


5.Тарихи зерттеулердің Оксфорд және Кембридж мектептері

6.Ағылшын позитивист-тарихшыларГ.Бокль және У. Лекки


7.Француз тарихнамасындағы ХІХ ғ. Позитивизм


8.Неміс тарихнамасындағы пікірлер бағыттарының дамуы және тарих ғылымының ұйымдық құрылымы және методологиясы


9.Тарих ғылымының өзіне тән түсініктері мен терминдері


10.Тарих пен идеологияның өзара қатынастары.


11.Тарих және саясат.тарих ғылымының саяси функциялары.


12.Тарих және қоғамдық сана.


13. «Тарих» термині.


14.Тарих ғылымының қысқаша тарихы.


15. Бүгінгі таңдағы тарихы ғылымының міндеттері.


16.Тархи сана және оның түрлері.
17.Тарих ғылымының салалары
18.Әлеуметтік ес функциясы (жады)



19.Ғылыми-танымдық функциясы

20.Тәрбиелік функциясы


21.Саяси-идеологиялық функциясы


22.Болжамдық функциясы



23. Позитивизм ағымы


Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті.

24.Неокантшылар

25.Марксизм


26.Тарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы


27..Постмодернизм
28. Тарихи таным анықтамасы.

29.Тарихи таным ерекшеліктері.


30.Тарихи таным принциптері)
31.Тарихи оқиға түсінігі
32.Тарихи факт түсінігі
32.Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.).
Бірақ, жекелеген фактіні білуі – оқушының тарихты меңгергендігін көрсетпейді. Өзара байлнысы жоқ фактілердің қарапайым тізбегі тарихи материалды саналы түрде меңгеруді мүмкін ете алмайды. Сондықтан, тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет.
Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін:
Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. Мысалы, Мұз қырғыны – бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің «төбат-рыцарьлары» қатысты. Ресейдегі крепостнойлық құқықтың жойылуы да жеке оқиға. Ол Ресейде 1861 жылдың 19 ақпанында болды. Оны жоғарыдан жасалып, шаруалардың өте үлкен наразылығын туындатты.

Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, олардың сипатты белгісін көрсететін тарихи құбылыстар да болуы мүмкін. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалардың атқарған міндеттіліктері. Бұл фактілерді меңгерген кезде оны француз шаруасының, ағылшын шаруасының немесе орыс шаруасының атқарғанын білу маңызды емес, барщина мен оброкты басқа тарихи құбылыстардан ерекшелеп тұрған сипатын білу маңызды. Мұндай фактіні біз тарихи құбылыстар қатарына жатқызамыз. Басқа мысал: өндірістік төңкеріс – бұл қол еңбегінің машина еңбегімен алмастырылып, фабрикалық өндіріске өту және бұрын тарихта болмаған таптардың пайда болу үдерісі. Бұл үдеріс әлемнің әртүрлі бұрышындағы саналуан елдерде де болуы мүмкін. Аталған үдерістің болуы үшін капиталистік қарым-қатынас дамуы керек. Сондықтан, бұл тарихи факт - тарихи құбылыс.


Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше мүлдем мүмкін болмайды.
Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден құралады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі.
Фактілерді тарих сабағына іріктеудің негізгі критерийлері:
ғылыми шынайылығы;
тарихты түсіндірудегі маңыздылығы;
нақтылығы мен образдылығы;
эмоциялық әсер етуінің жоғарылығы;
оқушының ойлауын дамытуға жасайтын ықпалының жоғарылығы;
оқушының іскерлігін дамытуға жасайтын ықпалының жоғарылығы;
оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі: 5-8 сыныптарда неғұрлым образдық, бейнелеушілік сипаты басым фактілер іріктеледі, ал, жоғарғы сыныптарда оқушы сенімін қалыптастыратын (құжат негізіндегі, материалдың шынаыйлығы күмән келтірмейтін) фактілер іріктеледі.
33.Тарихи факт түрлері


34.Тарихи факт ерекшеліктері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет