1 Созылу- сығылу кезінде орынауыстыруды Гук заңымен анықтауды тұжырымдаңыз
Тəжірибелер мен көптеген зерттеулер, белгілі бір деңгейде орын ауыстыру мен əрекет етуші күштің арасында пропорционалдық заңдылықтың барын көрсетеді. Бұл заңдылықты ағылшын ғалымы Р. Гук 1660 жылы былай деп латын тілінде тұжырымдаған еді: «ut tensio sik vis - ұзару қандай болса, күш сондай». Гуктың бұл еңбегі тек 1676 жылы ғана жарық көрген еді. Кез-келген А нүктесінің х бағытындағы орын ауыстыруын Гук заңы бойынша былай жазуға болады:
2 Созылу-сығылу кезіндегі бойлық күш, тік кернеу және деформация, олардың эпюрасын тұрғызуды түсіндіріңіз
Созылу және сығылу кезіндегі деформациялар. Бойлық күш әсерінен форма өзгеруі. Созылу және сығылу кезіндегі деформациялар:
абсолют көлденең жіңішкеру, абсолют бойлық ұзару,
салыстырмалы көлденең деформация,
салыстырмалы бойлық деформация
3 Конструкциялық материалдардың созылу диаграммаларына талдау жасаңыз
Созылу диаграммаларының негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Төменгі 29-суретте жұмсақ (көміртектілі) болатқа тəн диграмма көрсетілген. Бұл диаграмма осы материалдар жасалған үлгіні созу кезіндегі күш пен ұзарудың арасыңдағы тəуелділікті көрсетеді.
Оны шартты түрде төрт алапқа бөлуге болады. ОА алабы серпімділік алабы деп аталады. Бұл алапта материал Гук заңына бағынады, сондықтан
4 Иілу кезіндегі беріктік шарты және беріктік есептерін көрсетіңіз
Беріктік пен элементтердiң қайырылмас геометриялық өзгерiстерi, көбінесе, кернеу мен деформация ұғымдарына байланысты екенін, мол тəжірибе мен көптеген зерттеулер көрсетіп отыр. Сондықтан, конструкцияның бөлшектерінде пайда болатын кернеулер мен деформаацияларды шектеп, олардың қауіпті жердегі ең үлкен мəнi, материалдар iстен шығатын (сынатын) шамадан төмен болуын қамтамасыз ету жеткілікті деп саналады. Бұл тұжырым беріктік шарты деп аталады. Енді осы айтылғандарға байланысты, берiктiк iлiмінің негізгі есептерінінің шығару жоспарын жасауға болады. Ол жоспарды қысқаша тұжырымдасақ: 1. Жобаланып отырған конструкцияға əрекет ететін сыртқы күштердің саны мен сапасын анықтау керек. Iшкi күштердi, кернеулердi табу керек. 2. Күштердің (сыртқы, iшкi) жəне конструкцияның ерекшеліктерін ескере отырып, бөлшектер мен элементтердің қандай материалдан жасалу керектігін анықтап жəне осы материалдың шектеу кернеуін тағайындау керек. 3. Қауіпті қимадағы кернеудің ең үлкен шамасын, бөлшектердің немесе элементтердің геометриялық өлшемдері арқылы өрнектеу керек. 4. Беріктік шартын пайдаланып, бөлшектердің (элементтердің)
Достарыңызбен бөлісу: |