1. Су шаруашылық кешендерінің негізгі міндеттері Су пайдалануды жіктеу белгілері



Дата18.10.2023
өлшемі15,44 Kb.
#118507
Байланысты:
Билет 19


Билет 19
1.Су шаруашылық кешендерінің негізгі міндеттері
2.Су пайдалануды жіктеу белгілері

  • Су тұтынушылар қатарына табиғи суды құрал-жабдықтар ретінде пайдаланатындар жатады. Оларды өндіріс, ауылшаруашылығы, ауыз су , егістікті суару жатады.

  • Су пайдаланушылар қатарына табиғи суды өмір сүру ортасына пайдалану, жол транспорты, су энергиясын өндіру, ағаш ағызу немесе суды алмай пайдалану, өзінен қайтатын су жоқ салалар жатады.

  • Су пайдаланудың негізгі көрсеткіштері:

  • -табиғи өзендердің өзгеруі ГЭС бөгет салғанда жоғары жағында деңгейдің өсуі, төменгі жағында керісінше төмендеуі.

  • - су температурасының өзгеруі жазда және қыста;

  • - су сапасының өзгеруі мұнай қалдықтары кемелерден;

  • Су тұтынушылардың негізгі көрсеткіштері, бұл дегеніміз суды тұтынғаннан кейін қайтымды сулар пайда болады. Суды тамақ алу немесе біраз суын қайтару , мысалы жер суару, оған қайтатын су –алған судың 10-50% шамасында

  • - өндіріс, әлеуметтік-тұрмыстық, суландыру жүйелері.

Су шаруашылық кешеніне қатысушыларға мыналар жатады:

  • тұрмысты сумен жабдықтау

  • өндірістер

  • жерді мелиорациялау (жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық – ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден үнемі мол өнім алуға мүмкіндік береді).

  • энергетика

  • су транспорты

  • ағаштарды (дайындалған) өзен суымен ағызу

  • балық шаруашылығы

  • су спорты, денсаулық сақтау шаралары

  • су рекреациясы (адамның еңбек процесінде жұмсаған күштерін қалпына келтіру мен дамыту).

  • табиғат комплекстері (көлдер, ветландтар, өзен арналары мен сағалары).

Су шаруашылық кешендерінің негізгі міндеттері:

  • комплекске қатысушылардың талабын, судың көлемі мен сапасына қойылған талабын мүмкіншілігінше толық орындау.

  • Су көздерінің ластануына және құрып кетпеуіне жол бермей отырып, табиғи объектілерді сақтау;

  • Осы кешенге қатысушыларға судың экономикалық пайдалылығын көтеруге мүмкіндік жасау;

  • Комплекс құрамындағы ғимараттардың (бөгет, насостар, каналдар, құбырлар және басқалар) қалыпты, тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

  • Қалалар мен елді-мекендерді сумен жабдықтау

  • Тұрмыстық шаруашылықта суды негізінен ауыз суға, тұрмыстық жағдайға –монша, кір жуу,асхана, көшелерді, гүлдерді суаруға , өрт сөндіруге пайдаланылады.

  • Ірі қалалардың өсуіне әр адамға пайдаланатын судың көлемі өсе түседі. Әр тұрғынға керекті судың мөлшері тиісті нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып анықталады. Судың көлемі оның сыртында халық саны мен тығыздығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет