1 тақырып Бастауыш мектептегі математика пәнінің мақсат-міндеттері



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі28,85 Kb.
#14259
  1   2
Байланысты:
1 тақырып Математика теориясы


1 тақырып Бастауыш мектептегі математика пәнінің мақсат-міндеттері

Бастауыш сыныптарда математика пәнi ерекше мәнге ие болады, 


оны  оқытуға  басты  назар  аударылады.    Пәннiң  атқаратын  қызметiн 
негiзге  алсақ,  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  бастауыш 
сынып  оқушыларына  математикалық  бiлiмдi  меңгерту  және  оларды 
өмiрде пайдалануға қажеттi біліктілік, дағдыларымен қамтамасыз ету 
мақсатын  көздейдi.  Осы  мақсаттан  төмендегiдей  бiлiм  беру, 
тәрбиелеу, дамыту және практикалық мiндеттер келiп туындайды:
 
 
- бағдарламада  анықталған  көлемi  мен  деңгейiне  қарай 
математикалық бiлiмдi, iбіліктілік пен дағдыны игерту; 
- танымдық көзқарасын қалыптастыру; 
- өздiгiнен бiлiмiн жетiлдiруге, ерiнбей еңбектенуге үйрету; 
- математикалық  бiлiмнiң  мазмұны  арқылы  ата-дәстүр,  әдет-
ғұрып, салт-сана, ұлттық және дүниежүзiлiк мәдени мұралар туралы 
түсiнiктер беру; 
- ақыл-ойын, логикалық (яғни нақтылы, тұрақты, дәлелдi) ойын, 
ойлауының  математикалық  стилiн,  тұлғалық  қабiлетi  мен 
бейiмдiлiгiн дамыта түсу; 
- меңгерген  математикалық  бiлiмiн  күнделiктi  өмiрде  пайдалана 
алуларын қалыптастыру. 
Математиканы оқыту математикалық білім берудің жолы болып 
табылады.  Ол  мұғалім  мен  оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері, 
сондықтан  да  екі  жақты  біртекті  үрдіс:  біріншіден,  оқытушы 
оқушыларға  математика  пәнінен  білім  беріп,  олардың  білік, 
дағдысын  қалыптастырады,  екіншіден,  оқушы  таным  міндеттерін 
жете  түсініп,  жаңа  математикалық  білімді,  білікті,  дағдыны  игереді 
және оларды өмірде қолданады. 
 
Математиканы оқыту  үрдісіне мынадай белгілер тән: 
-
 
екі жақты сипатқа ие болуы; 
-
 
мұғалім мен оқушының бірлесіп іс-әрекет етуі; 
-
 
мұғалім тарапынан басшылықтың болуы
-
 
жоспарлы түрде ұйымдастыру мен басқару; 
-
 
тұтастық пен бірліктің болуы; 
-
 
оқушылардың  жас  ерекшелік  дамуының  заңдылықтарына 
сәйкестіктің болуы; 
-
 
олардың дамуы мен тәрбиесіне басшылық жасау. 
Математиканы  оқыту  арнайы  ұйымдастырылған  оқушылардың 
танымдық  іс-әрекеті,  мұндай  үрдістің  барысында  оқушыларға 
математика ғылымының негіздерінен ғылыми білім беріліп, олардың 
қоршаған  ортаға  шығармашылық,  эмоциялық-құндылық  қатынасы 
қалыптасады 
және 
тұлғаның 
дамуы 
жүзеге 
асырылады. 
Математиканы  оқытудың  жүйе  ретіндегі  негізгі  құрылымдық 
элементтері мыналар болып табылады: 
-
 
мақсаты; 
-
 
мазмұны; 
-
 
әдістері; 

 
15 


 
 
-
 
ұйымдастыру формалары; 
-
 
нәтижелері. 
Математикалық бастауыш білім мазмұнын теріс емес сандардың 
арифметикасы  (натурал  сан,  ноль  саны,  арифметикалық  амалдар, 
арифметикалық  амалдардың  қасиеттері,  есептеулер,  үлес,  есептер), 
шамалар және оларды  өлшеу (ұзындық, уақыт, масса, сыйымдылық, 
аудан,  көлем),  геометриялық  ұғымдар  (нүкте,  кесінді,  түзу,  сәуле, 
бұрыш,  көпбұрыш,  шеңбер,  дөңгелек,  параллепипед),  алгебралық 
ұғымдар  (өрнек,  сандық  және  әріптік  өрнектер,  сандық  теңдік  және 
теңсіздік, теңдеу) құрайды. 
Математиканы  оқыту  әдісі  -  оқыту  үрдісінде  көздеген  мақсатқа 
жетудің  бірыңғайланған  тәсілдері,  тәртіпке  келтірілген  іс-әрекеттер 
жүйесі. 
Математикалық  білімді  меңгертуге  бағытталған  оқытудың 
әдістері мыналар: 
-
 
практикалық: 
ауызша 
және 
жазбаша 
жаттығулар, 
лабораториялық және практикалық жұмыстар, т.б.; 
-
 
көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, бақылау, т.б. 
-
 
сөздік: түсіндіру, әңгімелеу, пікірлесу, т.б.; 
-
 
кітаппен  жұмыс  істеу:  оқып  шығу,  қарап  шығу,  баяндау, 
жоспар құру, т.б.; 
-
 
 бейне: 
көру, 
оқыту, 
«электронды 
материалдармен» 
жаттығулар орындау, т.б. 
Математиканы 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
формасы 

математиканы оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылардың белгілі бір 
тәртіппен  және  ретпен  жүзеге  асыратын  іс-әрекетінің  сыртқы 
көрінісі. 
Математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары оқушылардың 
санына, оқу орнына, оқу уақытының ұзақтығына байланысты болады. 
Оқушылардың  санына  байланысты  математиканы  оқытуды 
ұйымдастыру  формаларын  бұқаралық,  ұжымдық,  топтық,  шағын 
топтық  және  дербес  деп,  оқу  орнына  байланысты  мектепте  және 
мектептен тыс деп,  оқу уақытының ұзақтығына байланысты дәстүрлі 
сабақ (45 минут), біріктірілген сабақ (90 минут), «қоңыраусыз» сабақ 
деп бөлуге болады.  
Математиканы  оқытудың  нәтижелері  (оқытудың  жемісі)  -  оқу 
үрдісінің салдары, алдағы мақсаттың жүзеге асырылу деңгейі. 

 
16 


 
 
Бағдарламада  бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқытудың 
нәтижесінде  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларына  қойылатын 
талаптардың міндетті және мүмкіндік деңгейлері көрсетілген. 
Міндетті  деңгейге  бастауыш  мектеп  математикасы  көлеміндегі 
берік  меңгерілуге  тиісті  материалдар  жатады.  Олар  теріс  емес  бүтін 
сандардың ауызша және жазбаша нөмірленуі; аса маңызды шамалар 
және олардың өлшем бірліктері; жай есептердің негізгі түрлері және 
оларды  шешу  және  т.б.  Осы  деңгейдің  материалын  әр  оқушы 
қанағаттанарлықтан төмен емес деңгейде игеру тиіс. Осы деңгейдегі 
математикалық  дайындыққа  жету  үшін  білімді  көрсетілген  үлгіге 
орай,  біршама  өзгерген  және  жаңа  жағдайларда  қолдану  керек 
болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. 
Ал мүмкіндік деңгейлеріне мазмұны тұрғысынан алғанда негізгі 
мәселемен  үйлесетін,  алайда  оқушының  математикалық  ой-өрісін 
кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де 
оны  орындау  шығармашылық  іс-әрекетпен  ұштасатын  материалдар 
жатады.  Мұның  бәрі  міндетті  денгейдің  материалын  кеңейте  және 
тереңдете  түсуге  қызмет  етеді;  математиканың  жүйелі  курстарының 
аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. 
Сондай-ақ,  балалардың  дамуына  әсерін  тигізеді  және  негізгі 
материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі. Олар: теңдеулер және 
оларды  шешудің  әдістері,  геометриялық  фигураларды  нүктелердің 
жиыны  түрінде  көрсетіп  беру,  кесінділердің  қосындысы  мен 
айырмасын 
геометриялық 
әдіс 
арқылы 
анықтау, 
берілген 
параметрлері  бойынша  геометриялық  фигураларды  салу,  есептерді 
теңдеулердің 
көмегімен 
шешу, 
қызықты 
және 
логикалық 
материалдар және т.б
.  
Мүмкіндік 
деңгейлеріндегі 
материалды 
жақсы 
білмеу 
оқушының  жетістігін  қанағаттанарлық  емес  деп  бағалаудың  себебі 
бола алмайды. 
«Математика»  пәні  бойынша  білім  беру  стандарты  –  Қазақстан 
Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш 
сатысының  барлық  типтеріне  ортақ  математикадан  оқушылардың 
алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындаитын құжат. 
«Математика»  пәнінің  базалық  мазмұны  –  мектепте  міндетті 
түрде    оқытылуы  тиіс  және  үздіксіз  білім  берудің  келесі  сатылары 
мен  деңгеилерінде  математиканы  оқытуды  жалғастыру  үшін 

 
17 


 
 
жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының 
тізбесі.  
«Математика» пәнін оқытудың басты мақсаттары : 
-
 
математикалық білім, білік және дағдыларды игеру; 
-
 
математика  курсының  мазмұны  арқылы  танымдық  және    
комуникативтік  іс-  әрекет  пен  өздігінен  білім  алуға  және  еңбекке 
бейімделу,  сондай  -  ақ  ата  –  дәстүр,  әдет  –  ғұрып,  салт  –  сана, 
халықтық  және  ұлттық  болмысты  дүниежүзілік  мәдени  мұралармен 
үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру
-
 
оқушының  ақыл  –  ойының  математикалық  стилін, 
интелектуалдық  және  ерік  пен  сезімге  қатысты  сапаларын  дамыта 
түсу; 
-
 
негізгі  мектепте  оқуға,  меңгерген  математикалық  білімдерін 
өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру. 
«Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: 
-
 
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл – ойын 
дамытуға,  интелектуалдық  және  крік  пен  сезімге  қатысты 
белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу; 
-
 
математиканың  өмірде  болып  жатқан  нақты  құбылыстарды 
жалпылауға  және  қоршаған  болмысты  танып-  білуге  көмектесетін 
ғылым  болып  табылатыны  туралы  түсініктердің  қалыптасуына  әсер 
ету; 
-
 
оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында 
оқуын  жалғастыруы  үшін  қажетті  білім,  білік  және  дағдыларды 
қалыптастыру. 
«Математика» оқу пәнінің зерттеу обьектілері: 
-
 
теріс емес бүтін сандардың нумерациясы ;  
-
 
аса маңызды шамалар және олардың өлшем бірліктері ; 
-
 
арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері ;  
-
 
есептеу  тәсілдері  және  сәйкес  білік  пен  дағдыларды 
қалыптастыру; 
-
 
есеп және оны шешу процесі;  
-
 
алгебраның элементтері ; 
-
 
геометрияның элементтері. 
«Математика» оқу пәні мазмұнының даму болашағы 
Бастауыш  мектептегі  «Математика»  пәнінің  мазмұнының 
негіздері  болашақта  негізгі  және  жоғарғы  сатыда  мектептегі 

 
18 


 
 
«Математика» пәні мазмұнында ішкі сабақтастықта пәндік сипаттама 
жалғастырылады. 
«Математика» оқу пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны 
     Бастауыш 
мектептегі  «  Математика»  пәні  БОЖ-да 
«Математика»  білім  саласына  енеді  және  жалпы  мәдени,  жалпы 
мемлекеттік маңызы бар пәндер жүиесі арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет