3.2 Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша: 1. Бастауыш мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері. Тәрбиенің үдерісінің мазмұны Педагогика адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірбиені беру процесі болып табылады табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі тәрбие туралы ғылымобъективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы білім берудің негізгі жолы Тәрбиенің негізгі мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық - тарихи тәжірибиені жеткіншек ұрпақтарға беру. Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан – жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері "пайдес" - балалар және "аго" -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында "педагогика" сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал "педагог" сөзі бала жетелеуші мәнін білдіреді.
Кең педагогикалық мағынадағы тәрбие - бұл оқушыда көзделген мақсатқа орай нақты сапа-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталып, отбасы мен оқу-тәрбие меке-месінде арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды ықпәл-әрекеттер үдерісі. Тар педагогикалық мәндегі тәрбие - бұл нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған тәлімдік істер мен олардың нәтижесі.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тәрбиесімен педагогика ғылымының арнайы саласы - бастауыш мектеп педагогикасы шұғылданады. Кейде бұл пән бірнеше өзара байланысқан салаларға бөлініп қарастырылады: отбасы педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика және бастауыш мектеп педагогикасы. Бастауыш мектеп педагогикасының негізгі мәселесі - мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу.