1 Тақырып. Мәдениет морфологиясы. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы



Дата28.04.2023
өлшемі15,68 Kb.
#88158

1 Тақырып. Мәдениет морфологиясы.


1. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы.


Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырсақ. Мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да бол ар мәдениеттанушылар «мәдениет» мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың саналуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: Мәдениетті «семиотикалық» тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман және мәдениетті «әдебиеттік» (С.С. Аверинцев), «тарихи» (Л.Н. Баткин), «методологиялық» (А. Кробер, К. Клохкон), «антропологиялық» (М. Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың «мәдениет» мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. 


2.Мәдениет ұғымын аксиологиялық, өркениеттік, структуралистік, антропологиялық, экономикалық талдауға қысқаша сипаттама беру.


Мәдениет ұғымын аксиологиялық, өркениеттік, структуралистік, антропологиялық, экономикалық талдауға анықтама. Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. 
Структура - мәліметтерді ұйымдастыру схемасы; мысалы жиым немесе жазба құрылымын сатылы түрде өрнектеу тәсілі. Антропология (көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Экономикалық талдау – экономика дамуының жай-күйі мен үрдістерін оның түрлі құрылымдары бойынша бағалау. 


3. Салыстырмалы кесте талдау техникасын (С. Хантингтон „Өркениеттер қақтығысы“ еңбегі) «өркениет» және «мәдениет» ұғымдарының мәнін ашуда қолдану.


Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Өркениет-мәдениеттің ақыры,оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы
Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі,қоғамның парасаттық деңгейі. 
Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты. 
Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі. 
Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет