1-тақырып. Зейнетақы нарығы Қарастырылатын сұрақтар



бет1/2
Дата17.04.2022
өлшемі25,33 Kb.
#31246
  1   2
Байланысты:
Лекция-1634811711529


МОДУЛЬ 1. ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-тақырып. Зейнетақы нарығы
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны.

  2. Зейнетақы нарығының мәні.

Қазақстанның зейнетақымен қамтамассыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиынышылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой — өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларды көтере алатындай болуы қажет. Міне, осындай өзекті міндеттерді қалыптастырамыз.

Қоғамдық қатынастары жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласын мазмұнын анықтайды.

Пайда болған зейнетақы құқықтарының іске асырылуын кепілдендіру үшін дербес зейнетақы кассасының (қор, сақтандыру компаниясы) немесе кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында төлемдер іске асырылып отыратын резервтік зейнетақы қоры құрылады.

Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен төленеді. Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінде әрбәр азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинай алады. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы  төлеу тәжірбиесі де қалыптаса бастады.

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамасының бірі болып оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі табылады.  Ол халықтың барлық қабаттарының мүддесін қамтиды, еңбек пен капитал нарығына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істейтін халық ұрпақтарының арасында да бөлініске салады. Осылайша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ең күрделі және көп функционалды экономикалық жүелердің бірі болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру қоғам инфроқұрылымының экономикалық элементі болып табылады, ал жинақтаушы зейнетақы қорларымен көрсетілетін қызметтер тұтынушылық тауар ретінде көрініс таба алады, яғни зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік-экономикалық категория ретінде бола алады.

Зейнетақы қатынастары – бұл экономикалық қатынастар, олар экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Басқа жағынан, зейнетақы қатынастары – бұл әлеуметтік қатынастар, себебі олар адамның экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты емес, сонымен қатар оның тұлғалық және психологиялық факторларына, өмірінің ұзақтығына, қажеттіліктеріне де байланысты. Зейнетақы қоры практикалық тұрғыдан жалғыз әлеуметтік бағдарланған институт болып табылады.

Барлық мемлекеттердің туындайтын негізігі мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, оз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндетіне жатады. Екінші  жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығындары барынша үнемді пайдаланылуы қажет, ал мемлекеттік шығындары  ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмегенжақтары да бар. Бірақ үкіметтің дұрыс бағытты қолдай отырып, қазіргі кезегі мәселелердің болашақта жойылатынын сенеміз.

Бүкіл әлемде зейнетақы қорлары жоғары пайда табу емес, бірінші кезекте сенімділік идеологиясымен басқарылады. Сондықтан еліміздегі зейнетақы қорлардың негізгі мақсаты – әлеуметтік міндетті шешу,  яғни «бақытты кәрілікті» қамтамасыз ету болса екен демекпіз.

«Біздің елде зейнетақымен қамсыздандыру 1940 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Алайда әуелгі кезде колхоз, совхоз еңбеккерерңн қамсыздандыру болмай, 1965-1995 жылдар арасында ғана зейнетақымен қамсыздандыру бірдей зейнетақы жүйесі бойынша тұрақты жұмыс істеді. Содан өткен ғасырдың соңында зейнетақымен қамсыздандырудың өткір проблемалары пайда болды. Оның бір себебі нарықтық экономикаға көшу болса, екіншісі- өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы әлеуметтік демографиялық факторлар. Анықтап айтқанда  айтқанда,  бірдей зейнетақы жүйесі жағдайында инфяцияның және халықтың арасында жұмыссыздықтың аса қарқынды өсуі, ішкі жалпы өнім көлемінің төмендеуі бюджет тапшылығы зейнетақыны төлеу қарызы көлемінің ұлғаюына тіпті,  ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік кепілдік – зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкін емемтігіне әкелді.»

Осыған байланысты«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды.»

«Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • ең төменгi зейнетақы — тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;

  • ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

  • ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі — ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;

  • ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы — ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары — Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

  • жинақтаушы зейнетақы қоры — зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу — заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;

  • зейнетақы – уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;

  • зейнетақы активтерi — зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

  • зейнетақы аннуитетi шарты — сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;

  • зейнетақы жинақтары — мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы;

  • инвестициялық портфель — зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы;

  • кастодиан банк — бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк;

  • уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

  • уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

  • үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.» /3/

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841

Жарлығымен Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Концепциясы (бұдан әрі – Концепция) бекітілді. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жаңғырту қажеттілігі зейнетақының ортақ мөлшерінің азаюымен және зейнетақы төлемдері көздерін әрі қарай әртараптандыру қажеттілігімен, ұзақ мерзімді демографиялық трендтерімен және экономикалық даму циклділігімен, мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөліп таратуды әрі қарай оңтайландыру қажеттілігімен қабылданған.

Концепцияны іске асыру:


  • зейнетақы төлемдерінің теңдестігі мен зейнетақымен қамсыздандырудың теңгерілген қаржылық тұрақты жүйесін құруды;

  • 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесінде кемінде 35 жыл қатысу өтілімен және аударым жиілігі жылына 12 рет болған жағдайда жойылған еңбекақының кем дегенде 40 % деңгейінде жиынтық зейнетақы төлемдерімен ауыстыру коэффицентін сақтауды;

  • 2030 жылға қарай жұмыс басты халықтың 80 %-ға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейтуді;

  • зейнетақы жинақтарының сақталуын;

  • зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік институтын оңтайландыруды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Қолданыстағы зейнетақы заңнамасы жағдайында ортақ зейнетақы мөлшерін

қолайлы деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінің алдынан екі пайызға индекстеледі.»/4/

«Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін шығындардың үлес салмағы кеміп, әлеуметтік сақтандыру бюджетіне қаржылық ресурстардың  жинақталуын қамтамассыз ететін табыс өсті. »/5/

«Зейнетақы- бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілетінен асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамассыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.»

«2012 жылғы зейнетақы жүйесінің кемшіліктері болғанына қарамастан, республикада зейнетақы жинақтайтын қорларды, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаратын компанияларды, катодиан – банктерді, бағалы қағаздар бойынща брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші ұйымдарды қамтитын қатысушылардың айтарлықтай үйлесімді, институционалдық құрылымы құрылған.»

«Зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесінің 2012 жылға дейінгң он жылғы жұмысының нəтижесі еліміздегі зейнетақы реформасы айтарлықтай сəтті өткенін көрсетіп отыр. Бұған дəлел үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мəлімет бойынша азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы салымдары 1 триллион теңгені, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыстың сомасы 290 миллиард теңгені құраған.»

 «Қазір әлемнің көптеген елдерінде зейнетке шығу жасы 65 жас болып саналады. Еуропа мен АҚШ-та 2060 жылдары зейнетке шығу жасын әйелдер үшін де, ерлер үшін 70 жасқа жоғарылату көзделіп отыр. Ал қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары зейнетке шығу жасы – 70 жас. 70-ке дейін өмір-өзенімен ағып келуге шамасы келген қарт кісі зейнетақының қызығын сонда ғана көреді. Әлемдегі ең мардымсыз зейнетақыны Грузия халқы алады. Ол жерде зейнетақы құны бар болғаны 40 долларды ғана құрайды. Ал әлемдегі ең көп зейнетақы дат қарттарының қалтасында. Дәл осы мемлекетте зейнеткерлер айына 2800 долларды қалтасына басады. Әлемдегі ең көп зейнетақы иесі ретінде швед Перси Барневиктің есімін елемей өтуге болмас. Инвестициялық қордың басқармасында атқарушы болып жұмыс жасаған кезінде ол өзінің зейнеткерлік қорына 100.000.000 доллар жинаған. Ал қытайда тек әскери шені бар, не болған қарттар ғана зейнетке шығып, өзіне тиесілі қаражатын алады.»/9/

«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.»/10/ Сонда Жинақтаушы зейнетақы қоры 2013 жылға дейін өмір сүрді. Жинақтаушы зейнетақы қорына тоқталып кетсек.

«Жинақтаушы зейнетақы қор – бұл ҚР заңында белгіленген тәртәппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (МЕЖЗҚ) бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы- мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткердің зейнетақысын төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активетрін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртәппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді.»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет