1-тапсырма. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер. Жазудың типтері мен түрлерін атаңыз?



Дата18.09.2022
өлшемі21,13 Kb.
#39416

1-тапсырма. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жазудың типтері мен түрлерін атаңыз?
2. Алғашқы сурет жазулар табылған өлкелер қайсы?
3. Алғашқы ойжазулар табылған өлкелер қайсы?
4. Қазақстанның қай жерлерінде сурет жазулар мен ойжазу үлгілері табылған? Картаны пайдаланыңыз. 5. Алғашқы буын жазуды қай халық ойлап тапты?
6. Ең алғашқы дыбыстық жазуды ойлап тапқан қай халық, қай ғасырда?
7. Алғашқы консонатты жазу қандай?
8. Дауыстыларды белгілеген алғашқы вокалды жазуды ойлап тапқан халық кім?

2-тапсырма. Жазу түрлеріне арналған мәтіннің шашылған желісін тауып, дұрыс ретпен қойып шығыңыздар.


А. Ә. Б. В. Г. Д.


1. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – «жазу», көнескандинавиялық rita – «керту», «тырнау» деген мағынаны береді). Алғашында адам айналасындағыларды ескермей, тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның «туындыларын» өзгелер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.


2. Дыбысжазу, буынжазу сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты. Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты. Осыған орай дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты болды.
3. Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-лерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды. Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
4. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шумер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) аталынады.
5. Вавилондықтар шумер мен аккад мәдениетін пайдаланып гүлденді. Бірақ шумердің буынжазуы вавилондықтардың:
а) консонантты жүйесіне,
ә) ішкі флексия сипатына,
б) қос дауыссыздың қатар келуіне,
в) сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына сай келмеді. Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша, буын жазудан кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба сәйкескен дыбысжазу деп аталды. Оны кейде әріп-дыбысжазу деп те атай-ды. Дыбысжазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Консонантты жазу таза консонантты (египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) болып бөлінеді. Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж. жатса, вокалды жазу б.э.д. І мыңж. жатады.

Дауыстыларды белгілеуіне қарай алфавит үшке бөлінді:


І тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар арнайы таңбамен белгіленді).
ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі).
ІІІ тип – үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді). Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды. Оның себебі, В.А.Истриннің айтуынша, ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ белгілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық мағынаға ие болды да, дауысты дыбыс көмекші функцияда жұмсалды.
6. Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. ІV-III мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында да-мыды. Қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралынан табылып отыр. Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.Йенсен, Дж.Болли, И.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуынан бастау алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет