ТалдықОРҒАН



Pdf көрінісі
Дата17.02.2023
өлшемі303,89 Kb.
#68722


ЖЕЛТОҚСАН 
КӨТЕРІЛІСІ
17.12.1986


Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 
желтоқсан аралығында болған қазақ 
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, 
əміршіл-əкімшіл жүйесіне қарсы наразылық 
іс-қимылдары. Бостандыққа, тəуелсіздікке 
ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі 
оқиға болып табылады. 


ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық 
шерулері мен митингілерҚазақстанның Жезқазған, 
Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, 
Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалаларында жалғасты.
1)Желтоқсанның 19 — 23 аралығында наразылық шерулері ме митингілерҚазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, 
Қ
арағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалаларында жалғасты.
1)Желтоқсанның 19 — 23 аралығында наразылық шерулері ме митингілерҚазақстанның Жезқазған, Талдықорған, 
Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалаларында жалғасты.
2)Өлгендер168-200 адам
Жараланғандар200-ден аса адам
Сотталғандар 1000 астам


ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН 
КӨТЕРІЛІСІ
ҚАЙДА:Талдықорған қаласы,Ленин даңғылы мен Шавров көшесі.
МАҚСАТЫ:Мəскеудегі орталықтан саяси тəуелсіздікті талап ету.
КІМДЕР ҚАТЫСТЫ: Ербол Сыпатаев,Канат Аскаров жəне қарапайым халық,студенттер.
Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасының құрбандары - жерлестеріміз Ербол Сыпатаевтың атымен Талдықорған қаласындағы Черкасск көшесі, Лəззат 
Асанованың атымен Фурманов көшесі... ал, Шавров көшесі Желтоқсан деп аталсын ...» деп талап етілген. Хаттамаға сол кездегі «Азат» азаматтық 
қозғалысы облыстық ұйымының тең төрағалары Дəулет Оңалбаев, Болат Дəкеров, Қанат Асқаровтар қол қойған. Талап бойынша Шавров көшесі
қазір Желтоқсан көшесі деп аталады.


Ербол Бейсенұлы Сыпатаев (1964-1986)


Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын 
құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Ұлы жүздің Суан 
руынан шыққан.Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда алған соққыдан көз жұмған жас 
— Ербол Сыпатаев болатын. Ол туралы деректер өте аз. Білетініміз, сол кездегі 
Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген Ербол 
Желтоқсан көтерілісі тұсында Алматының энергетика институтының 2-ші 
курсында оқып жүреді. Одан әрі «ҚазақКСР Жоғарғы Советі президумының 
Алматы және Қазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы Желтоқсан 
оқиғаларына тиісті баға беру жөніндегі комиссия корытындысы» (Алматы қаласы, 
1990 жыл.) деректеріне көз жіберсек.
«Тағы бір қайғылы жағдай — алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған 
Алматы энергетика институтының студенті Е .М. Сыпатаевтың ісі. Оның әке-
шешесі жоқ, туысқандары ғана бар. Қаза туралы анықтаманы ауруханадан МҚК 
қызметкері алады. Сосын ол милиция қызметкерлерімен бірге мүрде салынған 
табытты туысқандары тұратын жерге алып жүреді. Түн ішінде келеді, алдын ала 
хабарланған туысқандары оларды алдынан шығып күтіп алады. Оларға жігітті 
алаңда жаралы күйінде тауып алғандарын, ауруханада өлгенін, өлтірген адамның 
белгісіз екенін, қазір бұл іспен прокуратура айналысып жатқанын түсіндіреді. 
Прокуратура шынында да іс қозғады, бірақ ол оның өлімі туралы емес, оқиғаларға 
қатысы жөнінде еді, «айыпталушының» казасына байланысты іс жабылады».


ҚАНАТ АСҚАРОВ
Қанат Асқаров. Бұл есімді – Талдықорған өңірі түгелдей біледі. Белгілі журналис, қоғам қайраткері. 
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Парламентінің депутаты. Қазақстан Республикасының тұңғыш 
Президентін сайлауға, тұңғыш Ата заң – Конституциямызды қабылдауға мандат көтергендердің бірі.
Бұл – Қанат Асқаровтың қоғамдық қызметтегі атқарған істерінің бастылары. Ал, енді ол кісінің 
азаматтық ұстанымына келер болсақ, ол – Желтоқсан көтерілісімен тікелей байланысты. 
Алматының сол кездегі бас алаңынан бастау алған – Желтоқсан дүмпуі Республикамыздың бүткіл 
өңірін шарпыды. Жер-жердің барлығында Отаншыл, Рухы биік қазақ азаматтары Желтоқсан 
көтерілісіне шыққан студент жастарға қолдау көрсетті. Құлдық қамытынан құтылып, Азат ел 
болудың алғашқы қадамдары осылай басталды. Нәтижесінде, көп ұзамай алып империяның іргесі 
сөгілді. Азаттықты аңсаған әрбір Республика Тәуелсіздікке қол жеткізді.
Сондай толқулы күндері, дәлірек айтсақ, 1986 жылдың 17-ші жұлдызында Талдықорған қаласының 
отаншыл азаматтары жиналып, Ленин алаңына қарай шеру тартты. Солардың арасында белгілі 
журналис Қанат Асқаров та бар еді.
Өкінішке орай бұл шеру Ленин алаңына жете алмады. Ленин даңғылы мен Шавров көшесінің 
қиылысына келгенде, қыстың аязды суығында оларды суық сумен атқылап қарсы алды. 
Жастардың шеруі осылайша күшпен таратылды. Әйтсе де, шеруші жастар өз талаптарын «жоғары 
жаққа» жеткізе алды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет