Асхатқызы(Үшкемпір)Аида кя 8 Жауаптары: 1



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#17703
  1   2   3   4

Асхатқызы(Үшкемпір)Аида

КЯ 18 3

Жауаптары:

 

1.Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Суретжазу. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы бол-ды. Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).



Дыбысжазу, буынжазу сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты. Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономика-лық қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты.

Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шумер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логограìмма) сөз не морфеманытаңбалайтын жазу. Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады.

Буынжазу. Логограммалар шумер тілінің жалғамалысипатына дәлірек келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындық тудырды. Сөйтіп, шумер халқы тағы да алғашқы болып, буынжазу жасады (б.э.д. ІІІ мыңж.). Оған: а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі, ә) бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігіәсер етті. Егер ІV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден артылса, ІІІ мыңж.-та 600-ге дейін қысқарды. Шумер буынжазуында дауыссыз дыбыс таңбасы мүлде болмады. Логограммаларда де-ректі таңбалардың қосындысы көпболды. Буын жазу Ассирия, Финикий, Кипр, Жапониядадамыды. Сонымен, ең алғашқы буынжазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы Месопотомия өлкесінде, шумер елінде б.э.д. 3100 ж. пайда болды. 

Дыбысжазу. Вавилондықтар шумер мен аккадмәдениетін пайдаланып гүлденді. Бірақ шумердіңбуынжазуы вавилондықтардың: а) консонантты жүйесіне, ә) ішкі флексия сипатына, б) қос дауыссыздың қатар келуіне, в) сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына сайкелмеді. Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша, буынжазудан кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа біртаңба сәйкескен дыбысжазу деп аталды. Оны кейде әріп-дыбысжазу деп те атай-ды. Дыбысжазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Консонантты жазу таза консонантты(египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты(жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) болыпбөлінеді.

Финикий жазуы. Таза дыбысжазу жүйесін финикийжәне батыс семит халықтары (б.э.д. ІІ мыңж.) жасады. Финикийлер – б.э.д. ІІІ мыңж.-б.э. дейін Жерорта теңізініңшығыс жағалауын мекендеген, ірі сауда қалалары болғанхалық. Финикий жазуындағы 22 әріптің бәрі (алеф, бет, гимел, далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самећ, айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов) дауыссызды, жартылай дауыстыны таңбалады. Әріп атауы реалий атауының алғашқы дыбысымен сәйкесті.

 

2. Дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзатсанасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу деңгейініңжоғарылауына байланысты болды.



Логограммалардың пайда болуына: 

а) сол елдердегі қаланың өркендеуі, 

ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі; 

б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі, 

в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды.

Буынжазу шығуына:

а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі

ә) бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігі әсер етті.

 

3. Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-лерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.



4. Ойжазу қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралынан табылып отыр.

5. Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет