1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі23,74 Kb.
#89175
  1   2   3
Байланысты:
9.2.1 .




1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Ата Заң — алтын тұғырымыз
Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің негізгі тірегі – Конституция болып табылады. Өйткені, Ата заңның негізінде жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика құрылып жатқандығы баршаға белгілі. Ата заң – мемлекеттің басты құжаттарының бірі. Ол ұлт пен ұлыстың, жоғары билік пен қарапайым халықтың арасындағы теңдікті реттейтін негізгі күш. Елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуы соның айқын көрсеткіші деп білеміз. Ата Заң – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алған шарттарын жасап берген жасампаз құжат.
Конституциямыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. Яғни, Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.
Сол сәттен бастап, Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қадам басты. Конституциямызда билік тармақтары мен мемлекеттік институттар айқындалып, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы деп атап көрсетілген.

Конституцияның 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп атап көрсетілген. Байырғы қазақ жерінде ортақ тарихи тағдырын біріктірген Қазақстан халқы Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет төрт аяғын тең басып тұр. Біз қазір өзімізді небір алпауыт мемлекеттерге мойындатып үлгердік. Елордамыз күннен-күнге жаңарып келеді. Осындай үрдісті, көзіңмен көрмесең сене алмайтындай өзгерістерге, жаңарулар мен жақсаруларға бүкіл ел түгел көз тігіп отыр. Олар да бізбен бірге қуанады, таңғалады. Қазақ халқының мықтылығына, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағына қайран қалады. Осындай жетістіктеріміз бен еңсерген еңбектеріміздің еш кетпеуі – далалық тарихымыздың тамырынан нәр алып, бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңымызды бағдаршам етіп ұстауымыздың нәтижесінде екендігі даусыз. Ол – ақиқат. «Қасым ханның қасқа жолы» деп, «Есім ханның ескі жолы» деп, әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп айтамыз. Солардан бастау алған, нәрін сіңірген Конституциямыз халыққа мінсіз қызмет етіп келеді.


Сондықтан біз өзгелерден қалмай, биіктерге самғауға алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тереземіз тең болуы үшін тырысамыз. Азаматтарымыздың құқығын Ата Заңымыздың шеңберінде айқын басымдықпен қорғауымыз керек. (300 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет