№21 (8328) 18 наурыз, сәрсенбі, 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.02.2017
өлшемі17,32 Mb.
#3448
  1   2   3   4

Б е р е к е .   Б і р л і к .   Ы н т ы м а қ .

Сырдария ауданының қоғамдық - саяси басылымы 

газет 1939 жылдың 26 наурызынан шығады

№21 (8328)

18 наурыз, сәрсенбі, 2015 жыл

 

Жалғасы 



2- бетте

 

Жалғасы 



2 - бетте

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ     

70 ЖЫЛДЫҒЫНА   

52 КҮН ҚАЛДЫ

Ерлікке тағзым

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында республи-

ка көлемінде «Өмір жолы» әлеуметтік «қызу желі» 

акциясы  аясында  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлері 

өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 

арнайы  дабыл  түймесі  бар  ұялы  телефондар 

табыс талуда.  Елордадан  бастау  алған  игілікті 

шара Сыр өңіріне де жетіп, аудан әкімінің орынба-

сары Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы  Х.Әбенов  ауданымыздағы  Ұлы  Отан 

соғысының ардагерлері Я.Тасыров, Д.Сақтағанов, 

О.Қожалақов  және  М.Бержановтарға  автоматты 

жүйеде қызмет ететін арнайы құрылғыларды та-

быстады.

-Мұндай  байланыс  түрі  еліміздің  аумағында 

алғаш рет енгізілуде. Құрылғы қарапайым ұялы теле-

фон секілді. Тек артқы жағында «Дабыл» түймешесі 

болғандықтан, оны басқан ардагер көмек орталығымен 

автоматты  түрде  байланысқа  шығып,  бұйымтайын  айта  алады.  Жүйе  тәулік 

бойы жұмыс жасайтындықтан, ардагерлер кез келген уақытта хабарласып, көмек 

алу мүмкіндігіне ие бола алады. Соғыс ардагерлеріне ел аумағында көрсетіліп 

жатқан осынау көмектер мен игілікті шара жайлы айтқан аудан әкімінің орынба-

сары Е.Әжікенов майдангерлерге  аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, респу-

блика, облыс, аудан басшылығы тарапынан жасалған қамқорлықтар жайлы  ай-

тып берді.

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында берілген құрылғылардың артқы панелінде 

дабыл тетігі орналасқан. Оқыс оқиға орын алған шақта, сол қызыл тетікті бас-

са,  телефон  иесін  республикалық  көмек  көрсету  орталығымен  байланысты-

рады.  Орталық  операторына  әрбір  ардагер  жайлы  ақпарат,  денсаулығы  жай-

лы  мәлімет  медициналық  дәрілер  мен  құрылғыларға  қарсы  көрсеткіштері,  со-

нымен қоса ағайын-туыстарының байланыс телефондары туралы мәлімет авто-

матты  түрде  түседі.  Сондықтан  да  шұғыл  көмек  қажет  сәтте  ардагерлер  «Да-

был» тетігін басса болғаны. Операторлар жедел-жәрдем немесе қажетті шұғыл 

қызмет көрсету мамандарын дереу ардагерге жөнелтеді. Сондай-ақ, әр ұялы те-

лефонда «Beeline» байланыс компаниясының сим-картасы да орналастырылған. 

Мұндай қалта телефондарының иелері бір-бірімен тегін байланысса, Қазақстан 

бойынша  өзге  желілерге  сөйлесу  құнында  жеңілдіктер  қарастырылған.  Ал 

орталықтағы операторларға, бірлік болмаса да, тіпті сим-карта жұмысы тежеу-

де болса да, хабарласу мүмкіндігі бар.  Құрылғы қарапайым әрі тетіктері, ондағы 

сандары  үлкен,  ыңғайлы  болуымен  ерекшеленеді  және  радиоқабылдағышы 

мен  жарықтандырғыш  шам  жұмыс  істейді.  Елбасының  тапсырмасына  сәйкес, 

мұндай  құрылғымен  еліміздегі  барлық  соғыс  ардагерлері  Жеңіс  күніне  дейін 

толық, тегін қамтамасыз етілмек.

Айта  кетерлік  маңызды  жәйт,  игілікті  шара  Республикалық  ардагерлер 

ұйымдары  орталық  кеңесі  мен  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл  ауқат  қорының 

өзара жасасқан меморандумы негізінде жүзеге асырылуда. 

Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері көрсетіліп жатқан құрметке 

алғыстарын  айтып,  дабыл  тетігін  басатын  оқыс  жағдай  орын  алмасын  деген 

тілегін жеткізді.



Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – АРДАГЕРЛЕРГЕ

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХ сессия-

сы 2015 жылдың 27 наурызы күні сағат 11.00-де 

аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

Сессияның  күн  тәртібіне  мына  мәселелер 

ұсынылады:

1. 

Аудандық 



мәслихат 

хатшысы 


Б.Маншариповтың 2014 жылғы атқарған жұмысы 

туралы есебі.

2. «Ауданда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 

азаматтарды  қорғау  және  оны  жақсарту  шарала-

ры  туралы»  аудандық  мәслихаттың  2012  жылғы 

20 наурыздағы №22 шешімінің орындалу барысы 

туралы.

3. Қосымша мәселелер



2015  жылы  27  наурыз  күні  сағат  10.30-да 

тұрақты комиссия отырысы өткізіледі.



Аудандық мәслихат 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Соғыстың Жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл болса да жаудың оғынан 

мерт  болып,  із-түссіз,  хабар-ошарсыз  кеткен  қан  майдан  куәгерлеріне 

ұрпақтары  әлі  күнге  дейін  іздеу  салуда.  Кейбір  жағдайларда  соңында 

қалған ұрпақтары іздеп тауып, қай әскер құрамында ұрысқа қатысқанын, 

қандай майданда ерлік көрсеткенін анықтап, олардың есімдерін мәңгі есте 

қалдыру жолында бір тынған емес. Оларды қаһарман ерлер қатарына қосу 

үшін ел-елді аралап, соғысқа қатысқан аталарының, әкелерінің, ағаларының 

қайда  жерленгендерін  біліп,  құжаттары  немесе  қолданған  жеке  заттарын 

құндылық  ретінде  сақтауды  парыз  санап  жүр.  Бұл  ізденістері  нәтижелі 

болғандар  бар  және  әлі  күнге  дейін  іздеу  салып  жүргендердің  қатары  да 

аз  емес.  Майдан  даласында  ерлікпен  қаза  тапқандардың  артында  қалған 

ұрпақтары іздеу жұмыстарының нәтижесін көрсе, бұл барлығымыз үшін та-

рихи сәт болмақ. Кеудесінен жаны шыққанша арпалысып, мүрдесі майдан 

даласында қалған майдангерлер жайлы мәлімет қай кезде болмасын тарих 

беттеріне алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Газетіміздің  өткен  сандарының  бірінде  ауданымыздан  майданға  үш 

мыңға жуық сарбаз аттанып, олардың мыңнан астамы елмен қауышқанын 

айтқан болатынбыз. Ал қалған екі мыңға жуық жауынгерлердің 

кейбірінен «қара қағаз» келсе, кейбірі хабар-ошарсыз кеткен. 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына санаулы күндер қалғанда біз та-

рихи сәттің куәсі болдық. Сұрапыл соғыс жылдары Қызылорда 

әскери  комиссариаты  арқылы  әскерге  алынып,  Ленинград 

майданында  ерлікпен  қаза  тапқан  Нуреден  Тоқбенбетовтің 

сүйегі табылып, туған жердің топырағы бұйырды.   

Тоқбенбетов  Нуреден  1920  жылы  Қызылорда  облы-

сы  Сырдария  ауданы  Айдарлы  ауылында  (бұрынғы  Айдар-

лы  ауылдық  кеңеске  қарасты  Құмшығанақ  ауылы)  дүниеге 

келген.  Руы  Қыпшақ,  оның  ішінде  Соқпан  атадан  тарай-

ды. Нуреденнің әкесі жас кезінде қайтыс болған. Ол соғысқа 

аттанғанда  артында  шешесі  Майлыбаева  Зейнегүл  мен 

қарындасы Тоқпенбетова Бегайым қалған. Екеуі де үй шаруа-

сында болып, кейін өмірден өтеді. Н.Тоқбенбетов 1941 жылы 

21  жасында  кескілескен  ұрыстарға  қатысады.  Жас  жауын-

гер Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейінгі жылы яғни 1942 

жылдың  9  қыркүйегінде  Ленинград  майданында  ерлікпен 

қаза  тапқан.  Жауынгердің  ерлікпен  қаза  тапқаны  туралы 

туған  жерге  «қара  қағаз»  келген.  Алайда  оны  Зейнегүлдің 

қайын  інісі  көрсетпейді.  Анда-санда  «Аман-сау  жүріп  жа-

тырмын. Жағдайым жақсы» деп хат жазып, ананың жүрегіне 

жара салмау үшін әкеліп беріп отырған. Сол желеуге сенген 

жауынгердің  анасы  Зейнегүл  Майлыбаева  құмалақ  салып, 

«Ойпырмай,  пешенесі  бестен,  басы  жақсы.  Сол  жақтан,  бұл 

жақтан жол түсіп тұр, елге оралады-ау» деп жолын күтумен 

өмірі өткен. Бұл туралы Нуреден Тоқбенбетовтың қарындасы 

Бегайымның  баласы  (жиені)  Тоқпенбетов  Ділдахмет  айтып 

берді.  Әр  түрлі  салаларда  еңбек  етіп,  Жетікөл  совхозының 

жабдықтаушы  қызметінен  зейнеткерлікке  шыққан,  қазір  об-

лыс  орталығында  тұратын  72  жастағы  Ділдахмет  Нуреденді  өзінің  әкесі 

санайтынын  жеткізді.  Сондықтан  соғыста  қыршын  кеткен 

жас  жауынгер  отау  құрмаса  да  оның  артында  Ділдахметтей 

ұрпағы бар.

Майлыбаевтар  әулетінен  1917-1922  жылдар  арасында 

Ар  үшін  арпалысқа  түсіп,  Ұлы  Жеңіс  жолында  қаза  тапқан  майдангерлерді  есте  сақтап,  әрқашан 

құрмет  тұту  бейқам  тірлік  кешіп  жатқан  ұрпақ  алдында  міндет.  Олар  ел  үшін,  жер  үшін  жанұшыра 

шайқасқа түсіп, соғыс қасіретін қан кешіп жүріп көрді. Жастық ғұмырлары зұлматты жылдармен сәйкес 

келгендердің қаншамасы майдан даласында қыршын кетті. Ал сол сұм соғыста елімізден аттанған жауын-

герлер көптеген майдан құрамында жауға тойтарыс беріп, елімізге аман-есен оралды. Олардың ішінде бірі 

қолынан, енді бірі қос бірдей аяғынан айырылғандары.

ЛЕНИНГРАДТАН ӘКЕЛІНГЕН ЖАУЫНГЕР

сүйегі жер қойнына табысталды

Наурыздың 14-і күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 

облыс әкімінің орынбасары Н.Годунованың қатысуымен 

облыстық  үшжақты  комиссияның  көшпелі  мәжілісі 

өтті.  Мәжіліске  бірқатар  облыстық  басқарма  басшы-

лары мен аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысты.

Жиынды  ашып  жүргізген  облыс  әкімінің  орынбасары  Н.Годунова 

әлемдегі дағдарыс әсерінен орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық 

жағдайға  тоқталды.  Біздің  мемлекетте  қабылданған  дағдарысқа  қарсы 

бағдарлама  негізінде  бағыт-бағдар  айқындалған.  Алдымен  сөз  алған 

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар 

басқармасының  басшысы  Ж.Жылқышиева  жұмыс  орындарын  сақтау 

және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселелері дағдарысқа қарсы 

штабта және облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында тұрақты 

түрде қаралып жатқанын атап өтті.

Биылғы  жылға  9500  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу  жоспарланса, 

мұндай ақпараттарды қамтыған билбордтар мен көрнекті құралдар облыс 

орталығы мен барлық аудандардағы көшелерде орналастыру жұмыстары 

міндеттелген. Сондай-ақ, облыста бар мүмкіндіктер мен қабылданған іс-

шараларды жүзеге асыру арқылы 2015 жылға жұмыссыздық деңгейін 5,0 

пайыздан асырмауды қамтамасыз ету қажет.

Бүгінгі  күнге  облыстағы  кәсіпорындар  мен  мекемелерден  47  адам 

жұмыстан  қысқартылып,  239  адам  жалақысы  сақталмайтын  демалыс-

та болса, толық емес жұмыс күнімен 5 адам және 127 адам өз еркімен 

жұмыстан босатылған.

Үстіміздегі  жылдың  12  наурызында  жалпы  жұмыс  орында-

рын  сақтап  қалу  және  жұмыссыздық  деңгейін  өсірмеу  мақсатында 

2015  жылға  арналған  Қызылорда  облысының  халықты  жұмыспен 

қамтудың  2015  жылға  арналған  кешенді  жоспары  облыс  әкімімен 

бекітілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 нау-

рызына  жұмыспен  қамтылған  59,6  мың  адам  тіркелген,  оның  ішінде 

жұмыссыздар 18,3 мың адам, өнімсіз өзін-өзі қамтығандар саны 41,3 мың 

адамды құрады.

Кешенді  жоспарға  сәйкес,  негізгі  міндет  осы  нысаналы  топтағы 

адамдардың  23,4  мыңын  немесе  39,2  пайызын  қамту  қажет.  Яғни  22,6 

мың  адам  жұмысқа  орналасады.  Күтілетін  нәтиже  облыс  бойынша 

жұмыссыздық  деңгейін  5,0  пайыз,  жастар  жұмыссыздығын  4,7  пайыз 

деңгейінде  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  жыл  басында  Қазақстан 

Республикасының  денсаулық  сақтау  және  даму  министрлігімен  келісе 

отырып,  жұмыспен  қамту  картасы  бекітілген  болатын.  Міне,  осының 

негізінде өңірімізде жүзеге асатын маңызды жобаларды қайта қарап не-

месе нақтылап, халықты жұмыспен қамту үйлестірілмек. 

Айта кету керек, жақында облыста өткен алқалы жиында облыс әкімі 

Қ.Көшербаев  ауданның  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар 

және азаматтық хал актілері бөлімінің жұмысына, оның көрсеткіштеріне 

жоғары  баға  беріп,  осы  бөлімнің  жұмысын  өзге  аудандарға  тәжірибе 

ретінде таратуды тапсырған болатын. 

Облыс  бойынша  еңбек  қатынастарының  жағдайы  туралы  жалақы 

қарыздары, меморандумдар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ту-

ралы  еңбек  саласындағы  бақылау  басқармасының  бөлім  басшысы 

Әлшоразова хабарлама жасады. 

Аудан  әкімі  Ғ.Қазантаев  ауданда  әлеуметтік-экономикалық 

тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы айтты. 

Халықты  жұмыспен  қамту  және  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу  на-

зарда тұрған негізгі мәселелердің бірі. Өткен жылы жұмыссыздар саны 

1170  адам  болып,  ол  5,2  пайызды  құрады.  Қоғамдық  жұмыстарға  847 

жұмыссыз  тартылса,  тұрақты  жұмыспен  967  адам  қамтылды.  Жал-

пы,  былтыр  660  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу  жоспарланса,  жыл  бой-

ына 875  жұмыс орны  ашылып, оның  665-і тұрақты болды. Бос  жұмыс 

орындар  жәрмеңкесі  15  рет  өткізіліп,  244  жұмыссыз  жолдамаларға  ие 

болып, жұмыспен қамтылды, оның 178-і жастар. Сондай-ақ, өткізілген 

мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарға  арналған  «Бос  жұмыс  орындары 

жәрмеңкесінде» 35 адам тұрақты жұмысқа ие болды. 

«Жұмыспен  қамту-2020  жол  картасы»  бағдарламасы  негізінде 

әлеуметтік  жұмыс  орындарына  191  адам,  жастар  тәжірибесіне  107 

жұмыссыз  жолдама  алды.  Аталмыш  бағдарлама  негізінде  өткен  жылы 

302 адам 572,0 млн. теңге несие алған. Соңғы екі жылда 57 сырдариялық 

«Лукойл» мұнай компаниясының қайтарымсыз несие иегері атанды. 

Бүгінгі  таңда  1169  жұмыссыз  есепте  тұрады.  Алдағы  мақсат  осы 

кісілерді  жұмыспен  қамту,  жоспар  бойынша  335  жаңа  жұмыс  орында-

ры ашылады, олардың негізгісі құрылыс объектілеріндегі жұмысшылар 

және ауылшаруашылық саласында да жұмыс орындарын ашу көзделген. 

Ал  еңбек  қатынастарына  келсек,  аудан  әкімінің  мәліметінше  216 

субъектінің  156-ы  ұжымдық  келісімшартқа  отырған  және  облыстық 

еңбек  қатынастарын  бақылау  басқармасында  тіркелген.  Жалпы,  аудан-

да 85 мекеме-кәсіпорындар, оның ішінде 3 ірі шаруашылық, 10 орта, 72 

кіші  кәсіпорындар  бар.  Аудан  әкімі,  мекеме  басшысы  және  ауданның 

кәсіподақтарымен  үшжақты  меморандумдарға  қол  қойылды.  Осындай 

келісімнің  негізінде  жұмысшылардың  жалақыларын  көтеру  шаралары 

жасалған және іске асқан. 

«Өркен-Сырдария»  ЖШС-нің  директоры  Б.Дүзімбетов  мекемедегі 

еңбек  қатынастарының  жағдайы  туралы  хабарлама  жасады.  Осыдан  2 

жыл бұрын құрылған мекеме халықты ауыз сумен қамтып, жаңа жұмыс 

орындарын ашқандардың бірі. Алдағы уақытта да осы серіктестікте жаңа 

жұмыс орындары ашылмақ. 



Б.ЖАНӘЛІ

Көшпелі мәжіліс

ЕҢБЕКТІ 

ҚОРҒАУ  ЖӘНЕ 

ҚАУІПСІЗДІК

15 – 19 наурыз

«Наурыз – думан, Наурыз - той», «Ұлыс оң, ақ  мол  

болсын,  әз  Наурыз»,  «Құт  бол,  Наурыз,  халқыма» 

атты  тақырыптарда (1 - 11 сыныптар аралығында тәрбие 

сағаттары).

Барлық орта мектептерде.

17 - 25 наурыз

«Ұлыс  оң  болсын,  ырыс  мол  болсын»  атты 

тақырыпта көрме. 



Аудандық тарихи – өлкетану музейінде.

18 наурыз

«Шапағаттың  нұрын  сепкен  ұлы  Наурыз» 

тақырыптық көрме. Аудандық балалар кітапханасында



19 наурыз

«Наурыз тойы дәстүрлі мереке» атты  тақырыптық  

кеш


Аудандық орталық кітапханасында.

21 наурыз

«Нұр  себеле,  Ұлыстың  ұлы  күні»    атты    Ұлыстың  

Ұлы  күні наурыз  мерекесіне арналған  театрландырылған  

бағдарлама.

Бағдарламада:  мерекелік  ойын-сауық  іс  шаралары, 

театрландырылған  қойылымдар,  концерттер,  ұлттық 

спорт  жарыстары  (гір  көтеру,  арқан  тарту,  қол  күресі), 

ұлттық  тағам  түрлерінің  халыққа  таратылуы,  ұлттық 

нақышта киіз үйлердің тігілуі, алтыбақандардың орнаты-

луы.

Орталық  алаңда. Сағат:10.00.

22 наурыз

Наурыз  мерекесіне  орай  барлық  елді-мекендерде 

театрландырылған 

қойылымдар 

мен 

концерттік 



бағдарламалар, спорттық шаралар өткізіледі.

Барлық елді-мекендерде. Сағат:10.00. 

Ұйымдастыру комиссиясы

«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ 

МЕРЕКЕСІНЕ» БАЙЛАНЫСТЫ 

ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР

«Нұр  Отан»  партиясының  кезекті 

ХVІ  съезінің  жұмысына  еліміздің 

түкпір-түкпірінен  2000-ға  жуық  делегат  қатысқаны  белгілі.  Олардың 

қатарында өңірлік конференцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, 

Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық хол-

дингтер мен компаниялардың басшылары, ғылыми және шығармашылық 

зиялы қауымның, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  бар.  Ел  дамуының  маңызды 

мәселелері  жан-жақты  сараланған  алқалы  басқосуға  ауданымыздан 

«Нұр  Отан»  партиясының  Сырдария  аудандық  филиалы  төрағасы,  ау-

дан  әкімі  Ғ.Қазантаев,  Қазақстанның  Еңбек  Ері,  «Абзал  және  К»  толық 

серіктестігінің төрағасы А.Ералиев, «Нұр Отан» Сырдария аудандық фи-

лиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  М.Омаров,  аудандық  мәслихат 

депутаты, «Шаған - Жер» ЖШС төрағасы Б.Қадіров қатысты. 

Елорда  төріндегі  жиында  Елбасы  жүктеген  міндеттерді  ел-жұртқа 

түсіндіру  мен  басқосудан  алған  әсерлерін  жеткізу  мақсатында  ауданы-

мыздан  съезге  қатысушы  делегаттар  аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залын-

да  жиын  өткізіп,  өз  ойларын  ортаға  салды.  Съезд  делегаты  аудан  әкімі 

Ғ.Қазантаев атқарушы билік өкілдері мен ауылдық округ әкімдеріне съез-

де партия Саяси кеңесінің және Орталық тексеру-бақылау комиссиясының 

есепті  кезеңдегі  жұмыстарының  қорытындылары  қаралып,  қалыптасқан 

жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзе асыру 

тетіктері талқыланғанын жеткізді.

-  Бәрімізге  белгілі,  11  наурыз  күні  Астана  қаласындағы  Тәуелсіздік 

сарайында  Елбасымыз, Партия лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен 

«Нұр  Отан»  партиясының  кезекті  ХVІ  съезінде  ел  дамуының  ба-

сым  бағыттары  мен  болашақта  атқарылар  жұмыстар  жан-жақты  сара-

ланды.  Съезд  барысында  Партия  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

мемлекеттілікті  нығайтуға  және  жаһандық  сын-қатерлерді  болдырмауға 

арналған жаңа 5 реформа ұсынып, алдағы жоспарларды нақтылады. Жа-

сампаз  жобалар  мен  байыпты  бастамаларға  толы  бұл  бес  реформаны 

нақтылап айтсақ, бірінші кезекте бірлігімізге бекем болып, экономикалық 

даму бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметтерді 

ұсынуды  қамтамасыз  ететін  заманауи,  кәсіби  және  автономиялы 

мемлекеттік  аппаратты  қалыптастыруымыз  басты  талап.  Яғни,  әлемнің 

озық отыз елінің құрамына енуіміз үшін даму стратегияларының уақытылы 

орындалуына  жіті  мән  беріп,  еліміздің  баянды  болашағын  қазірден 

тұрақты  етіп  алуымыз  керек.  Бүгіні  берекелі,  келешегі  кемел  еліміздің 

сындарлы саясатын тындырымды тірлігімізбен ұштастырып, мемлекеттік 

қызметкерлердің  басқару  үдерісіндегі  оң  нәтижелерді  жоғарылату 

тетіктері де жүйелендірілу тиіс. Сондай-ақ, табысты елдердің тәжірибесіне 

сүйене отырып, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді толық ат-

тестаттаудан өткізу де маңызды мәселелердің бірі.

Елбасы  ұсынған  екінші  бағыт,  ол  -  қазіргі  таңдағы  дамудың  қол 

жеткізілген  қарқынын  бәсеңдетпей,  меншік  құқығына  кепілдік  беретін 

кәсіпкерлерге келісімшарттық міндеттемелерді жетілдіру үшін негіз бола-

тын Заң үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлықты 

болдырмау  және  сот  жүйесіндегі  ашықтықты  қалыптастыру.  Ол  үшін, 

алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне баса 

назар аударылып, жемқорлыққа жол бермеу үшін білімді де білікті судья-

лар іріктеліп алынбақ. Сондай-ақ, инвесторларды тарту үшін  біздің елге 

деген  сенімді  қалыптастырып,  Қарулы  күштердің  техникалық  базасын 

жақсартуымыз басты мүдделер қатарында. 

Ел  Президенті  ұсынған  үшінші  бағыт  -  индустрияландыру  және 

әртараптандыруға  негізделген  экономикалық  өсім.  Соңғы  жылдары 

аграрлық салаға бюджеттен қомақты қаржылар бөлініп, мемлекет тарапы-

нан бірқатар жеңілдіктер жасалып жатқаны белгілі. Елімізде жүзеге асып 

жатқан индустрияландыру бағдарламасының басты мақсаты - шағын және 

орта бизнесті дамытып, елдің экспорттық әлеуетін арттыру болып табыла-

ды. Сондықтан, біз барлық күш-жігерімізді кәсіпкерліктің қанаттануына 

жұмсап,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға  бейімделуіміз  ке-

рек. Сонда ғана Елбасы атап айтқан экономикалық өсімге 

қол жеткізіп, экономикалық даму серпіні өз нәтижесін бер-

мек.

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ АКТИВПЕН 

КЕЗДЕСТІ

Кеңес  жауынгерлері  бір  жағадан  бас,  бір 

жеңнен қол шығарып, жұмған жұдырықтай жау-

мен аянбай шайқасқанда біздің бақытымыз үшін 

күрескен  Ұлы  Отан  соғысының  батырларының 

бірі Балабай Оралбаев. Ол 1925 жылы Сырдария 

ауданы  Аманкелді  (бұрынғы  Ленин)  ауылында 

өмір  есігін  ашқан.  Жастайынан  өмір  тауқыметін 

көрген жан 17 жасында әскерге шақырылған. 1942 

жылдың қараша айында әскер қатарында болып, 

кіші  командирлер  курсында  әскери  білім  алады. 

Оны  бітірген  сержант  Б.Оралбаев  1943  жылдың 

желтоқсанында алғаш соғысқа кірді.

Қан  майданда  жас  жауынгер  52-армия 

құрамындағы  1822-танкіге  қарсы  артиллерия 

полкінде  (І  Украина  майданы)  болды.  Осы  май-

даннан кейін майдангердің жорық жолдары Румы-

ния мен Польшада жалғасын табады. Осы тұста, 

Нистра,  Одер  өзендерінен  өту  ұрыстарына  да 

қатысқан.  Екінші  дүниежүзілік  соғыста  бірнеше 

қалаларды  азат  етіп,  Берлинге  бағыт  алып  келе 

жатқан  уақытта  Дрезден  қаласы  маңында  ауыр 

жараланып, госпитальға түседі. Сұрапыл соғыста 

ерлікпен  көзге  түскен  Балабай  Оралбаев  1946 

жылы елге оралды.

Туған жермен қауышқан Б.Оралбаев елге кел-

геннен кейін қызметтер атқарып, жолдасы Айжа-

малмен 10 бала тәрбиелеп өсірген.

Соғыс ардагері «Қызыл Ту», «І дәрежелі Отан 

соғысы»  ордендерімен,  «Ерлігі  үшін»  және  Ұлы 

Отан  соғысына  25,30,40  жыл  толуына  арналған, 

СССР  Қарулы  Күштерінің  50,  70  жылдығы  ме-

дальдарымен марапатталған.

«Тт-ақпарат»

ЖЕҢІСТІ 

ЖАҚЫНДАТҚАНДАР

Балабай ОРАЛБАЕВ


2

Тiршiлiк тынысы

№21 (8328) 18 наурыз, 2015 жыл

 

Басы 



1 - бетте

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2005  жылғы  3  мамырдағы 

«Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызметшілерінің  Ар-намыс 

Кодексін  бекіту  туралы»  Жарлығына  және  Қазақстан  Республикасының 

1998  жылғы  2  шілдедегі  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы» 

Заңына сәйкес «Сырдария ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекесінде 

21-5-47 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Аудандағы  ауылшаруашылық  құрылымы  әлеуметтік-

экономикалық дамуға елеулі үлес қосып келе жатқаны белгілі. 

Солардың  бірі  С.Сейфуллин  ауылындағы  «Құндыздымай» 

шаруа қожалығы. Оны басқаратын ауыл азаматы Р.Бөлеген 

көктемгі  қарекеттің  басталуына  орай  жиын  өткізді.  Шаруа 

қожалық  57  адамды  жұмысқа  тар-

тып отыр. Биыл 750 га ескі жоңышқа 

күтімге  алынады.  Үш  бригадаға 

жасақталған  жұмысшылардың  біреуі 

7-8  га  жерге  көкөніс-бақша  егу-

мен  айналысады.  Қазір  науқанға 

дайындық  жұмыстарына  орай  күріш 

алқаптарын  қоршау,  каналдарды  та-

залау жұмыстары қолға алынған. Бұл 

егін  науқанына  ауылшаруашылық 

техникалары, атап айтқанда, 2 К-700, 

2  ХТЗ,  1  Т-150,  6  «Беларусь»  трак-

торлары  агрегаттарымен  дайын  тұр. 

Биылғы көктемгі қарекет туралы ша-

руа  қожалығы  төрағасының  орын-

басары  Ө.Төлебай:  -  Егін  алқабын 

суғаруға  жасанды  көл  жасап  жатыр-

мыз, суға толтырылған көлге күздігүні 

шабақтарды жіберіп, одан әрі күтімге алынады. Егілетін 550 

га  жерге  «Лидер»,  200  га  жерге  «Янтарь»  тұқымы  көрші 

Жалағаш ауданынан «Сәрке батыр» елді-мекенінен әкелінеді. 

Тыңайтқыштар  да  жеткілікті.  Ендігі  мақсат  бір  кісідей 

жұмылып, егінді орналастыру,- дейді. 

С.Сейфуллин  ауылындағы  бұрынғы  серіктестік  ізімен 

құрылған  «Қамқор»  селолық-тұтыну  кооперативі  де 

биыл  үшінші  жыл  шаруашылық  жұмысын  қолға  алмақ. 

Аз  уақыттың  ішінде  еңселі  еңбегімен  жер-анадан  ризық-

несібесін  теріп  отырған  кооперативке  ауыл  азаматы 

М.Сейітмұратов төрағалық етеді. Кооперативте еңбек ететін 

80  кісі  ауыл  азаматтары.  СТК  биылғы  жылы  800  га  жерге 

күріш егу жұмыстарын жоспарласа, 200 га жерге жоңышқа ек-

пек. Егінге қажетті «Янтарь», «Ақмаржан» сорттары «Абзал 

және К» ТС-нен әкелінбек. Бұл үшін қажетті келісімшарттар 

жасалынған. Төраға кеңесшісі С.Қыдырбай жиында егістікті 

қоршау жұмыстары аяқталып және де ауылдағы саябақтарды 

күтімге алу, көркейту-көгалдандыру жұмыстары басталғанын 

айтты. Сондай-ақ, көктемгі егін науқаны кезінде тұрғындарға 

малға егелік ету маңызды мәселе екенін ескертті. Әрбір адам 

өз малына егелік етуі тиіс. Елдің ауызбірлігі алдағы науқан 

жұмысына  тікелей  қатысты.  Сондықтан  ауыл  ақсақалдары 

ауыл  азаматтарына  ақыл-кеңестерін  айтып,  елді  бірлік-

берекеге шақырды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет