Тобы: от-р-21 Пәні: Казахский язык и литература Күні



Дата25.03.2022
өлшемі19,82 Kb.
#28737
түріЛитература
Байланысты:
чек парагы ОТР21 18.03.22 компьютербасты


Тобы: ОТ-Р-21

Пәні: Казахский язык и литература

Күні: 18.03.2022жыл

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

Мұхтар Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» концепциясы
БІЛУ КЕЗЕҢІ. Автор туралы ақпаратты оқып, қысқаша мазмұнын дәптерге түсіріп алыңыз.

Елімізді дамыған 30 мемлекет қатарынан көру үшін сандық технологияны қарқынды дамыту – ең өзекті мәселелердің бірі. Қашанда жаңа технологияға бай мемлекет көш

бастап тұратыны сөзсіз. Сондықтан ел экономикасын цифрландыру негізінде дамытып, жаңа индустрияны қалыптастыру әлемдік өркениетке сенімді қадам басудың алғышарты

болмақ. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Көптеген дамушы елдер бұл бағытта қаржысын да, ресурстарын да аяп жатқаны жоқ. Жаһандық жүйеде белсенді дамып келе жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар.

Егер қарапайым тұрғындар сандық технологияны жетік меңгерер болса, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен тығыз байланыс орнату да жеңілдей түседі. Оның үстіне, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға шүбә жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік арналар – осындай іс-әрекеттердің жемісі.

Тұрғындардың кеңжолақты ғаламторға қолжетімділігі қоғамның сандық сауаттылығының артуы және электронды жүйенің шарықтау шегі екені баршаға аян. Сондай-ақ, кез келген мемлекеттік басқармаларға интернет же­лісі арқылы сұрау тастау мүмкіндігіне ие боласыз. Сандық технологияның ең үздік жетістігі де осы. Сонымен бірге, сандық технология­ның экономикадағы бә­се­келестік пен тұрғын тұр­мысын жақсартудағы ат­қаратын жетекші рөлі зор. Озық елдер тәжірибесі көр­сеткендей, тиімді цифр­ландыру шаралары экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналды.



ТҮСІНУ

https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4

Сілтеме бойынша видеоны көріп, түсінгеніңізді жазыңыз.
ҚОЛДАНУ

Мұхтар Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» шығармасының

мазмұнын жазыңыз.
ТАЛДАУ

«Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» тақырыбын зерттеп, тірек-сызбамен көрсетіңіз.


ЖИНАҚТАУ

Сандық технологияның пайдасы мен зиянын венн диаграммасында көрсетіңіз.


БАҒАЛАУ «Мұғалім қызметіндегі сандық технология» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет