Менеджмент
Амангелді Нұргүл
1-нұсқа
1-тапсырма. «Заманауи менеджер қандай болу керек?» атты тақырыпқа эссе жазу
Әрбір жұмыс орнында белгілі бір өзіндік дәрежесі бар жұмыскерлер жұмыс жасайды. Сондықтан да, қазір менеджерлік саласы әрбір ұйымда маңызды рөлді атқарады. Қысқаша айтқанда, менеджер-басшылық, әкімшілік рөлді басқарушы.
Менеджер өзінің қол астындағықызметкерлерге басқарушылық қабілетін көрсете отырып, оларға қолынан келгенше көмегін аямауы тиіс. Себебі ұйымдағы, жұмыс орнындағы тәртіпке, тыныштыққа менеджер жауапты.
Заманауи менеджер-стресске қарсы тұрарлықтай қайтпас мінезді, сыпайы, тиянақты, ұқыпты, жан жақты болуы керек. Стресске қарсы тұрарлықтай дегеніміз-жұмыс орнындағы әрбір кикілжіңге қарсы тұрып, оны шеше алатындай қабілетті, тік мінезді болуы керек. Ал сыпайылық қашан да әрбір адамның бойынан табылуы керек адами қасиет, менеджер тұтынушы мен ұйымның арасын байланыстырушы көпір секілді, сондықтан да, келіссөздер барысында менеджердің әрбір айтқан сөзі, істеген қимылының өзі, яғни өзін-өзі ұстай білуі үлкен рөл атқарады.
2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1. Сіз бұл оқиғаны өз тәжірибеңізбен қалай байланыстыра аласыз?
Менің өмірлік тәжірибемде мұндай оқиғалар бірнеше рет қайталанлы. Айналамдағылардың қарым-қатынасынан, өз ортамның әрекетінен де болды. Мұндай жағдайлар көбіне бірге жұмылып бір істі бастау керек болғанда туындайды. Әрбір адам жеке тұлға болғаннан кейін әрбірінің өз ойы, пікірі, талғамы болады. Ал соның бәрін жинап, бір шешім қабылдау, әрине қиын.
Менің 2 сіңлілерім бар. Біз де бала кезімізде көп нәрсеге таласып қалатынбыз. Әрине, бала болған соң, бірдей нәрсе алып берсе де, өзгенікі тартымдырақ болып көрінеді ғой. Бір-бірімізбен келіспей, көп ренжісетінбіз. Кейіннен бір-бірімізден сәл алшақтай бастадық, жаңадан тапқан құрбыларымыз бауырларымыздан да артық секілді көрініп. Сол кезде әкемнің бізге айтқан бір ауыз сөзі қазіргіге дейін өз әсерін беріп келеді.
Сондай таластардың бірінде әкеміз бізге келіп «бөліп жеу керек» деп айтатын. Сол кезде біз бір-бірімізбен бөлісіп жүретін болдық. Жеуге жарамды зат болсын, киім, ойыншық, бәрін-бәрін бөлісіп, бірге тату болып, сырттың адамдары арамызға іріткі салармастай жақын болдық. Қазіргіге дейін сол ойы санамыздың түбінде қалып қойғаны соншалық, жаңа ңәрсе көріп, алсақ, бір-бірімізбен ақылдасып, бірге таңдап, бірге киеміз. Біз үшін қазір бәрі бұрынғыдай, бұрын «өзім білемге» салып, алшақ болған болсақ, қазір әрбір кішкене нәрсеге болсын бір-бірімізбен ақылдасамыз.
2. Сіздің ұйымыңыздағы командалар (достарыңыз, құрбыларыңыз, т.б.) өздерін қалай қабылдайды: "Жеке филиал" немесе "бүкіл байлам"ретінде?
Әрине, бір команда болғаннан кейін бүкіл байлам шешімі болуы керек. Әрине, әркімнің өз ойы бар. Бірақ, команданың аты сол үшін де «бір команда» деп аталмайды ма? Әрбір команда мүшесінің «жеке ойым» түсіндірмесін «ортақ шешімге» айналдыру қажет. Менің ортамда бәрі солай өтеді, әрбірінің жеке ойын бір бүтін қылуды өз мойныма аламын көбінесе.
3 Кейбір ұйымдарда екеуі де бола ала ма? Болса түсінідіріп өтіңіз.
Әрине, ұйымда қанша адам болса, сонша «жеке пікір» қалыптасады. Бірақ, оның кейіннен «ортақ байламға» ауысуы-өте маңызды деп ойлаймын. Себебі, ортақ жоба берілген болса, оны бірігіп ортаға салып жинақтап шығару қажет. Ал жеке тапсырма берілген болса, әрине әркім өз талғамына, ой өрісіне, қабілетіне қарай өзгеше жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |