Қазақтың дәстүрлі мәдениеті



бет1/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#71645
  1   2   3

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті

Кіндік шеше

Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.

Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені, бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кәдесін өтеп жүреді. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға тартылады. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.

Қыз айттыру

Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді.«Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Түқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді. Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Егер балалар (ұл, қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы, дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне (әрине бірі ұл, бірі қыз болса) қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген осы. Мұны «бел құда» дейді. Бесікте жатқан балаларды атастырса «бесік құда» дейді. Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызға беретін болса, мұны «қарсы құда» дейді. Бұрын құда болған кісілер қүдалықты тағы жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет