1 ТӘрбиешіліктің мақсат- міндетімен танысу



бет1/2
Дата22.05.2023
өлшемі149,76 Kb.
#95863
  1   2

1 ТӘРБИЕШІЛІКТІҢ МАҚСАТ- МІНДЕТІМЕН ТАНЫСУ

Мақсаты: Білім алушылардың тәрбие теориясы мен әдістемесінен білімдерін кеңейту және бекіту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Білім алушыларды болашақ бастауыш сыныптын мұғалімі кәсіптік қызметімен кәсіби бағыттау.


Міндеті:
- Төменгі сынып білім алушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша білімдерін бекіту;
- Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жұмысы жүйесі мазмұнын зерттеуге үйрету;
- Төменгі мектеп білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізу біліктерін қалыптастыру және оны талдауға дайындау.
- Білім алушыларға бастауыш сынып мұғалім мамандығы туралы ақпарат беру;
- Машықкерлерді бастауыш мектепте жұмыс жасау жағдайына және режиміне бейімдеуге дайындау.

Тәжірибешілік базасының материалдық – техникалық жағдайы


Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебі КММ
Мектептің құрылған жылы: 1938 жыл
Сыйымдылығы: 860 орын
Мектептің алып жатқан көлемі: 3706,4 м2 га .
Оқушы саны: 1224 оқушы
Мұғалімдер саны: 172
Оқу кабинеттері: 34
Жұмыс реті: 2 ауысымда
Медпункт: 1
Асхана: 48 орындық, 64 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Мультимедиялық кабинет саны: 1
Компьютер кабинеті: 3
Компьютер саны: 43
Интерактивті тақта: 4
Толық жабдықталған кабинеттер саны: 3
МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Павлодар қ. Катаев көшесі 36
Телефон: 8(7182)683500, 8(7182)683494, 8(7182)683495
ЭЛЕКТРОНДЫ почта: е – mаіl:sosh14@goo.edu.kz
Мектептің ішкі, сыртқы санитарлық жағдайы, мектеп ауласының көгалдандырылуы талапқа сай. Мектеп ғимаратының іші-сырты, сынып бөлмелері, зертханалар, комьютер сыныбы т.б. санитарлық талапқа сәйкес жабдықталған.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар және техникалық қызметкерлер техника және өрт қауіпсіздік ережелерімен толық таныстырылған.

МЕКТЕП ҚҰЖАТТАРЫМЕН, ОҚУ- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУ


Оқу жұмысын жоспарлауға күнтізбелік тақырыптық және күнделікті сабақтың жоспары жатады. Күнтүзбелік жоспарлау оқулықтың көпсағаттық тақырыптарын жеке сабақтарға бөлу арқылы жүзеге асады тақырыптар бойынша мазмұны әдістемесі, оқушылардың танымдық әрекеті жағынан ұқсас сабақтар жүйесін түзеді. Оқулықты басшылыққа ала отырып мұғалім сабақтың білімдік оқу – тәрбиелік мақсатын айқындайды.


Мұғалімдер жоспар конспектісін құрған дұрыс онда сабақтың барлық кезеңдеріндегі мұғаліммен оқушылардың іс - әрекеттері толық жазылуы тиіс. Сабақтың барысы,мұғалімнің, оқушының іс - әрекеттері жазылу керек.
Бұнда конспекті сабақтың барысын дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, сабақтың мақсатын анықтау, белгілі бір сабақта мұғалімнің басшылығымен оқушыларға берілетін біліммен тәрбиенің, ой өрісін дамытудың алдын ала жасалған жоспарын сабақтың мақсаты дейміз. Мақсаты оқу бағдарламасы мен тақырыптық мазмұнының негізінде анықталады. Мақсаты анықталған соң оны жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
1 Сабақтың мақсаты оқушылар қандай білімді менгерту тиіс? Оларды қандай іскерлік дағдылар қалыптасуы тиіс сабақтың қандай тәрбиесін үлесі бар деген сұрақтарға жауап беруі керек.
2. Сабақтың мақсатында болып қандай біліммен іскерлік дағдылар қалыптастырып немесе оны жетілдіріп жүзеге келтірулі ашып көрсеткен дұрыс.
3. Мақсатында қандай біліммен іскерлікдағды қалыптастырып оқушылардың ой өрісін кеңейіп дүниетанымын қалыптастыру әрі нақты көрсетіледі.

2 МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСУ. ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ ОҚУ- ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫН МҰҒАЛІММЕН КЕЛІСЕ ОТЫРЫП ҚҰРАСТЫРУ. КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ҚҰРУ ЖӘНЕ БЕКІТУ


3-сыныпқа «Дүниетану» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау.


Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.



Тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

Ескертпе

3-тоқсан 10 сағат

1

Менің отбасымның рухани құндылықтары

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау.

1

15.01




2

Менің қауіпсіздігім.

3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету

1

22.01




3

Менің елімнің «нышандары».

3.3.5.1 Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы).

1

29.01




5

Түркілер және олардың өмір сүру салты.

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір сүру салтын анықтау.

1

5.02




6

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы не? БЖБ № 5

3.3.1.2 тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

1

12.02




7

Менің бабаларым – қыпшақтар.

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау.

1

19.02




8

Қазақ хандығы қалай құрылды?

3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру.

1

26.02




9

Қазақ жерінің даңқты хандарыБЖБ № 6

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

1

5.03




10

Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары. ТЖБ № 3

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

1

12.03




11

Азаттық үшін күрескендер.

3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету.




19.03



3 БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ




Балалармен 
жеке жұмыс жүргізу

15.20-15.40



Жыл мезгілі туралы әңгімелесу


«Көктем».
Мақсаты: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Әңгіме құрастыру 
«Мектеп туралы әңгімелеп бер»
Мақсаты:баланың сөздік қорын заттардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Дидактикалық ойын «Ғажайып қапшық»


Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.



Дидактикалық ойын:


«Атын атап бер»
Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.






























Серуенге 


дайындық

15.40
16.00


Киіну: серуенге шығу.


Серуен

16.00-16.30

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.


« Кім қайда барғысы келеді бар?» және т.б.

Балалардың үйге қайтуы


16.45-17.00


Ата-аналарға кеңес:


«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Кеңес: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.


Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.




Ата-аналарға тапсырма беру


жақсы демалуға тілек білдіру






4 АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ



Тақырыбы:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет