Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.
Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.
сағат, сигнал, бағдаршам, телефон, теледидар, Интернет, т.б. болуы мүмкін.
Ақпарат бізді қоршап қана тұрған жоқ. Онымен адам тікелей жұмыс істейді. Мысалы, оқушы кiтап оқыды, ол жөнінде дәптерге жазды. Мұндай жағдайда қандай әрекет жүзеге асырылды. Бұл кезде де ақпаратты қабылдау және беру iсi атқарылады. Кітап ақпарат көзі ал оқушы оны қабылдаушы, дәптер ақпарат қабылдаушы. Сабақ кезiндегi ақпарат көзi - мұғалiм, ал оқушылар – оны қабылдаушы болып табылады.Бiр ақпарат түрi ақпараттың көзі де және оны қабылдаушы да бола алады. Ал қабылдаушылар көп болуы мүмкін.
Ақпарат арнайы сигнал /белгі/ арқылы беріледі. Сигналдар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, біздің көзіміз жарықты көреді, құлағымыз дыбысты естиді, радиоқабылдағыш, теледидар тодқындарын қабылдайды. Ең бастысы-ақпарат қабылдаушылар берілген сигналды қабылдап, оны түсінетіндей болуы керек.Сигнал қандай да бір ақпаратты беру үшін өзгеріп, ауысып тұрады. Сол сигналдың өзгеруі арқылы біз ақпарат беріп, қабылдай аламыз.
Ақпарат арналары биологиялық және техникалық екіге жіктеледі. Биологиялық ақпарат арналарына адамның сезім мүшелері, ал техникалық ақпарат арналарына телефон, радио, теледидар, компьютерлік желілер жатады.
Ақпарат көзі табиғи және жасанды болып екіге жіктеледі.
Жасанды ақпарат көзіне адамның қолымен жасалған теледидар, компьютер, домбыра сияқты заттар жатады.Ал табиғи ақпарат көзіне күн, су, ауа, жел және т.б. жатады.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Жікте» әдісі
Төмендегі әрекеттердің қайсысы ақпарат көзіне, қайсысы ақпарат қабылдаушыға тиесілі?
Жікте: тасымалдайды, сақтайды, қабылдайды, береді, өңдейді, таратады.
Дескриптор:
-әрекеттерді жіктейді.
ҚБ: смайлик / 2балл/
Топтық жұмыс. 2-тапсырма.
Ақпаратты қабылдау түріне қарай ақпарат көзі болатын заттарды ата. Мысалы,
магнитофон- естуге арналаған ақпарат көзі.
Дескриптор:
-ақпаратты қабылдау түріне қарай ақпарат көзі болатын заттарды атайды.
ҚБ: смайлик /2балл/
Топтық жұмыс. 3-тапсырма.
Оқулық § 1.2, 14-бет, 8-сурет.
Суреттен табиғи және жасанды ақпарат көзі болатын заттарды топтастырыңдар.
Дескриптор:
-табиғи және жасанды ақпарат көзі болатын заттарды топтастырады.
ҚБ: смайлик /3балл/
Жеке жұмыс. 4-тапсырма.
-Ақпарат көздері мен қабылдағыштарға қандай мысалдар келтіруге болады?
Дескриптор:
-ақпарат көздері мен қабылдағыштарға мысалдар келтіреді.
ҚБ: смайлик /3 балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
Дәптерге «Ақпарат көзі» анықтамасын жазады
Дәптерге «Ақпарат қабылдаушы» анықтамасын жазады
сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды
сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды
сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды
Тапсырманы орындайды
|
Смайлик
2балл
Смайлик
2балл
Смайлик
3балл
Смайлик
3балл
|
Карточка
Карточка
Оқулық
Жұмыс дәптері
|