1. Тұлғааралық қарым- қатынас туралы түсінік



бет1/3
Дата30.11.2022
өлшемі16,66 Kb.
#53768
  1   2   3

№2 тақырып Тұлғааралық қатынас.
1.Тұлғааралық қарым- қатынас туралы түсінік.
Тұлғааралық қарым-қатынас процесі барлық процестер мен элементтерді қамтиды және тек айтылғанмен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар оның айтылу жолымен, контекстпен және басқа элементтермен қарапайым көзбен анықтау оңай емес. . Шындығында, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі вербалды емес деп саналады. Бастапқыда қалай көрінуі мүмкін екеніне қарама-қайшы, адамдар арасындағы қарым-қатынас - бұл үнемі қатысатын адамдар арасында ақпарат алмасу болмаса да жүретін процесс. Сарапшылардың пікірінше, біз басқа адамның жанында болғаннан кейін, онымен жанама қарым-қатынас жасай бастаймыз.
2.Тұлғааралық қарым-қатынастың мақсаты,функциялары.
Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан болады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары бір арнаға түседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Функциясы: Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдыланады. Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді. Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді. лармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет