Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет үлкен отбасы



Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#18143

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.

Философия ғылымдарының докторы, профессор А. Құлсариеваның пайымдауынша: «Қазір бізде «Саясаттың түпкі мақсаты билікті көздейді. Билік жолында барлық құралдарды қолдану өзін-өзі ақтай алады» деген түсінік басым. Сондықтан саясатқа моральдан тыс нәрсе ретінде қараймыз. Ал Кұңфудзы екеуінің басын біріктіруге тырысқан. Ол: «Саясатта, мемлекеттік билікте моральсыз, адами құндылықтарсыз ештеңе бітіре алмайсың. Онсыз қайырымды, парасатты ер деңгейіне көтеріле алмайсың», – дейді. Басқару философиясы болғандықтан, Кұңфудзы философиясындағы саяси тұлғаларға қатысты даналық сөздері де өте өзекті деуге болады. Оның пікірінше, жақсы шенеунік бес нәрсеге асық, төрт нәрседен қашық болуы керек: біреудің сый-сияпатына, әкелген сыйлығына қарамай, барлығына бірдей қара, бәріне әділетті бол; халықты ренжітпей, халықпен қатар жүр; өзіңнің орныңды ұмытпа, алайда көздеген мақсатың қаншалықты биік болса да, тым тәкаппар болма (өзіңнің адам екеніңді ұмытпа деген мағынада); ұлықтығыңды білгеніңмен өзіңді жұрттан тым бөліп-жарып қарама; саған бағынушылар арасында өзіңе деген ашу-ыза, кек сезімін оятпа, өзіңе деген құрмет сезімін оята білуің керек. Данышпан сақтандыратын төрт нәрсе мынау: тым қатыгездіктен, ойына не келсе соны істейтін басбұзарлықтан, асығыс шешім қабылдаудан және тым уақтықтан, уақ нәрселерге шүйлігіп, ірі нәрселерді тасада қалдырудан аулақ болу керек»

  • Философия ғылымдарының докторы, профессор А. Құлсариеваның пайымдауынша: «Қазір бізде «Саясаттың түпкі мақсаты билікті көздейді. Билік жолында барлық құралдарды қолдану өзін-өзі ақтай алады» деген түсінік басым. Сондықтан саясатқа моральдан тыс нәрсе ретінде қараймыз. Ал Кұңфудзы екеуінің басын біріктіруге тырысқан. Ол: «Саясатта, мемлекеттік билікте моральсыз, адами құндылықтарсыз ештеңе бітіре алмайсың. Онсыз қайырымды, парасатты ер деңгейіне көтеріле алмайсың», – дейді. Басқару философиясы болғандықтан, Кұңфудзы философиясындағы саяси тұлғаларға қатысты даналық сөздері де өте өзекті деуге болады. Оның пікірінше, жақсы шенеунік бес нәрсеге асық, төрт нәрседен қашық болуы керек: біреудің сый-сияпатына, әкелген сыйлығына қарамай, барлығына бірдей қара, бәріне әділетті бол; халықты ренжітпей, халықпен қатар жүр; өзіңнің орныңды ұмытпа, алайда көздеген мақсатың қаншалықты биік болса да, тым тәкаппар болма (өзіңнің адам екеніңді ұмытпа деген мағынада); ұлықтығыңды білгеніңмен өзіңді жұрттан тым бөліп-жарып қарама; саған бағынушылар арасында өзіңе деген ашу-ыза, кек сезімін оятпа, өзіңе деген құрмет сезімін оята білуің керек. Данышпан сақтандыратын төрт нәрсе мынау: тым қатыгездіктен, ойына не келсе соны істейтін басбұзарлықтан, асығыс шешім қабылдаудан және тым уақтықтан, уақ нәрселерге шүйлігіп, ірі нәрселерді тасада қалдырудан аулақ болу керек»

Көптеген зерттеушілер пікірінше, Конфуций іліміндегі «ли» түсінігі арқылы мемлекет, қоғам, тұлға, әлеуметтік және саяси әлем арасындағы бірігу жүреді. Ізгі адам тұжырымдамасын қалыптастыру негіздері мынадай адамгершілік нормаларына сүйену қажеттілігін айтады: «Ізгі адам тоғыз құбылыс жайлы ойланады: айқын көру; анық есту; бейнесінің жарқындылығы; іс-әрекеттерінің инабаттылығы; сөйлеу мәнерінің адалдығы; өз іс-әрекеттерінің ұқыптылығы; күмән туғанда өзгелерден сұрау қажеттілігі; өз ашуы арқылы оның зардаптарын ұмытпау қажеттілігі; табыс табу мүмкіндігі туғанда әділеттілікті ұмытпау қажеттілігі». Демек, адамдар арасындағы өзара қатынастардағы басымдықты жеке адамгершілік талапшылдығы қажет екендігі көрініс табады.

  • Көптеген зерттеушілер пікірінше, Конфуций іліміндегі «ли» түсінігі арқылы мемлекет, қоғам, тұлға, әлеуметтік және саяси әлем арасындағы бірігу жүреді. Ізгі адам тұжырымдамасын қалыптастыру негіздері мынадай адамгершілік нормаларына сүйену қажеттілігін айтады: «Ізгі адам тоғыз құбылыс жайлы ойланады: айқын көру; анық есту; бейнесінің жарқындылығы; іс-әрекеттерінің инабаттылығы; сөйлеу мәнерінің адалдығы; өз іс-әрекеттерінің ұқыптылығы; күмән туғанда өзгелерден сұрау қажеттілігі; өз ашуы арқылы оның зардаптарын ұмытпау қажеттілігі; табыс табу мүмкіндігі туғанда әділеттілікті ұмытпау қажеттілігі». Демек, адамдар арасындағы өзара қатынастардағы басымдықты жеке адамгершілік талапшылдығы қажет екендігі көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет