1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


§ 10. Мақал-мәтел, жаңылтпаш



Pdf көрінісі
бет93/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135
§ 10. Мақал-мәтел, жаңылтпаш 

 

Мақал-мҽтел  де,  жаңылтпаш  та  бір  дҽуірде  пайда  болып,  қалыптаса 



қалған  жоқ.  Ҿзге  жанрлар  сияқты  олардың  да  бастауы  ежелгі  дҽуірлерде 

жатыр.  Сондықтан  мақал-мҽтелдің  де,  жаңылтпаштың  да  алғашқы  тҥрлері 

аңшылық  пен  бақташылыққа  байланысты  болуы  тҥсінікті.  Кейін  ҿмір 

тҽжірибесін жинақтау барысында ҽр дҽуірде олар тҥрлі тақырыпта дамыған. 



Мақал-мәтел – халық ҽдебиетінің қоғамдық қҧбылыстарды кең қамтып, 

ҿмірдегі ҽр қилы қарым-қатынастарды ҽсерлі, кҿркем бейнелейтін тақырыбы, 

идеялық  мазмҧны  бай,  ең  бір  мол  cаласы.  Мақал-мҽтел  дегеніміз  халықтың 

нақыл  сҿздері,  белгілі  бір  ойды  ықшамды  тҥрде,  ҧтымды,  ҿткір  етіп,  айтып 

беретін кестелі сҿз.  

Мақал – ҿмірден, тҽжірибеден туған, қоғамдағы сан қилы қҧбылыстарға 

берілген баға, қорытынды, тҥйін. 

Мақал  толық  тҧлғалы  болады,  ойы  тҧтас  келеді,  ҽдетте,  ол  бірнеше  

толық  сҿйлемнен  қҧралады.  Ал,  мҽтел  мақал  сияқты  толық  сҿйлем  тҥрінде  

қҧрылмай,  сҿз  тіркесі  қалыптасқан,  нақышты,  орамды  сҿйлемше  тҥрінде 

жасалады.  Мҽтелде айтылатын ойдың ізі,  тҧспалы ғана болады,  ол ой мҽтел 

                                                

1

 Ҽуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985. 17-т. 202-б. 




 

435 


сҿз  орайына  келтіріліп,  сҿз  қосылып  айтылғанда  ғана  толысып,  жетіліп 

тҧрады. Мысалы, «Ауырдың астымен, жеңілдің ҥстімен», «Берсе  – қолынан, 

бермесе  –  жолынан»,  «Кҿңіл  қалмас,  кҿйлек  жыртпас»,  «Асын  ішіп, 

текеметін  тіліп»  деген  сияқты  мҽтелдер  сҿз  арасында  сҿз  қосылып 

айтылғанда  мақалға  тҽн  тиянақты  қорытындыны  білдіріп,  қҧлпырып,  шыға 

келеді. Бҧл мҽтелдерде белгілі  бір қҧбылыстарға берілген баға,  қорытынды,  

адамның кейбір іс-ҽрекетіне мінездеме бар. Мҽтел – «Жҧмған аузын ашпау», 

«Ат-тонын  ала  қашу»,  «Қырғи  қабақ  болу»,  «Тҿбесінен  тік  тҧру»  сияқты 

қалыптасқан сҿз тізбегі, жай идиомалардан басқарақ болады. Мҽтел мақалға 

ҿте жақын, жанасып,  жуысып тҧрады. Кейде, тіпті, мақал мен мҽтелдің жік 

арасын айыру да қиынға соғады. 

Мақал-мҽтел  кҿрегендік,  сезгіштіктен,  тҥйіндеуге  шеберліктен,  

келістіріліп, 

мҽнерлеп 

айтқыштықтан 

туады. 


Қилы-қилы 

ҿмір 


қҧбылыстарына бойлап,  оның сыр-сипатын кҿңілге  бірден ҧялайтын кҿркем 

бейне, теңеу тауып, ықшамды, тҧжырымды етіп суреттеу – мақал-мҽтелдің ең 

бір  басты  қасиеті.  Мақалда  халықтың  ғасырлар  бойындағы  еңбек,  ҿмір 

тҽжірибесі небҽрі бірнеше ауыз сҿзбен  тҧжырылып беріледі. Мақалдың бас-

аяғы  жинақы  келеді,  онда  артық  сҿз,  шҧбалаңдық  болмайды.  Мақал  ҿмір 

шындығын ҽрі дҽл, ҽрі кҿркем тҧжырымды етіп бейнелейді.  

Сондықтан ҽр дҽуірдің ҿз тҧжырымы болатындықтан мақал-мҽтел ежелгі 

дҽуірлерден  қалыптаса  бастаған.  Соның  дҽлелі  –  «У  жесең  –  руыңмен», 

«Ҥйде кҿпті тҥзде жау алмайды», «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан 

тҥңілсін»,  «Ағайынның  азары  болса  да,    безері  болмайды»,  «Тҧлпардың  ҿз  

тҧяғы ҿзіне дҽрі», «Бас жарылса, бҿрік ішінде, қол сынса, жең ішінде», «Тай 

тулап,  ҥйірінен  шықпас»  деп,  ҽр  рудың  ішіндегі  бірлік,  ынтымақтың  берік 

болуын кҿздеген мақалдар рулық қоғам тҧсында туған. Кейбір ру басшылары 

ҿзі  билеп,  басқарып  отырған  жеке  рудың  бірлігін  сырттай    қорғағандай 

болып  отырып,  сол  ру  бірлігін бетке  ҧстап,  ру  ішіндегі  теңсіздікті,  қанауды 

бҥркемелеуге тырысады. «Туысы бірге тҥтпейді, тҥбі бірге кетпейді», «Атасы 

басқамен  аң  аулама,  атар  да,  жанына  байлар»  деген  мақалдар  да  сол  рулық 

қоғам  туғызған  мақалдар.  Ал,  рулық  қоғам  ыдыраған  кезде:  «Ағайының 

барда  дҧшпаным  жоқ  деме,  абысының  барда  кҥндесім  жоқ  деме»,  «Ағайын 

ағарып,  алдымда  болмасын,    қарайып,  артымда  қалмасын»  деген  сияқты 

мақалдар  туып,  патриархалды  қоғам  ішінде  бақастық,  кҥншілдіктің  кҥшейе 

тҥскенін аңғартады.  

Ал  таптық  қоғамдағы  мақалда  теңсіздік,  бай,  болыс,  би,  тҿрелердің  

жағымсыз  қылықтары  аяусыз  ҽшкереленіп  отырады.  «Би  екеу  болса,  дау 

тҿртеу  болады»,  «Биің  қылаң  болса,  елің  ылаң  болар»  деген  мақалдардан 

елдегі  дау-шар  таласты  шешуде  билердің    кей-кейде  ҿз  пайдасына  қарай 

тҿрелік айтып, мҥмкін болса, талас-тартысты ҿздері ҽдейі кҥшейте тҥсіп, сол 

арқылы  байитыны  аңдатылады.  Халық  мақалы  кейбір  би-тҿренің  

парақорлығын  шенеп:  «Тҿбе  басы  –  тайғақ,  тҿре  аяғы–  маймақ»,  «Қансоқта  

жеп,  ит семіреді,  пара жеп, би семіреді» дейді.  Елді қанау арқылы байыған 

пысық байдың мейірімсіздігінен «Бай мейірімінен кҥн мейірімі» деген мақал 

туады.  «Қойды  қҧртаң  бҥлдіреді,  елді  сҧлтан  бҥлдіреді»,  «Тҿреге  ерген  ер-




 

436 


тоқымын  арқалар»  деген  сияқты  мақалдардан  халықтың  ҥстем  тапқа 

наразылығы  айқын  кҿрінеді.  Сҿйтіп,  мақал-мҽтел  тап  қайшылығы  мен 

ҽлеуметтік теңсіздігі бар қоғамның ащы шындығын ашады. 

Хандық дҽуір тҧсындағы мақалдарда ҥстем тап ханды мадақтап: «Ханда 

қырық  кісінің  ақылы  бар»,  «Қайғың  болса,  ханға  бар,  қарның  ашса,  биге 

бар»,  «Халық  қаласа,  хан  тҥйесін  сояды»  деп,  оны  данышпан,  ел  қамқоры 

етіп  танытпақ болса, ханнан зорлық, зомбылық кҿрген халық «Хан сыртынан 

жҧдырық»,  «Қайғысыз  хан  семіреді»,  «Ханның  басын  хан  алар»  деп  ханға 

деген  ҿз  ыза-кегін  білдіреді.  Ханның  алғыш,  парақорлығын  шенеп,  «Барма 

ханға, ҿзі келер малға, барма биге, ҿзі келер ҥйге», «Бай қасына барып, бақыр 

болмасаң, маған кел, хан қасына барып, басыңды алмаса, маған кел», – дейді 

халық мақалында. 

Мақал-мҽтелдер  қамтымайтын  қоғам  ҿмірі,  шаруашылық,  халықтың 

рухани  тҧрмысының  саласы  кемде-кем.  Еңбек,  шаруашылық,  адамның 

кҥнделікті  тҧрмысы,  мінез-қҧлқы,  салт-санасы,  еңбекші  халықтың  қоғамға 

кҿзқарасы,  қанаушылыққа,  зорлық-зомбылыққа  наразылығы  –  бҽрі  де  

мақалдарда мол орын тапқан. 

Қазақ  мақалдарының  кҿпшілігі  еңбек,  шаруашылықпен  байланысты. 

Еңбек жайындағы мақалдар еңбекші бҧқараның жҥздеген жылдар бойындағы 

еңбек  тҽжірибесін  қорытып,  алуан-алуан  кҽсіп  тҥрлеріне    халық  кҿзқарасын 

білдіреді.  Халық    мақалы:  «Еңбек    етсең  –  емерсің»,  «Істесең  –  тістерсің», 

«Қолы  қимылдағанның  аузы  қимылдайды»,  «Еңбек  тҥбі  –  мереке,    кҿптің 

тҥбі  –  береке»,  «Еңбегіне  қарай    ҿнбегі»,  «Бейнетің  қатты  болса,  татқаның  

тҽтті болар» деп, тҧрмыс негізі еңбек екенін кҿрсетеді. Енді бір топ мақалдар: 

«Жалқау  жатып  бҧйырады»,  «Еріншекке  ошақтың  екі  бҧты    айшылық  жер» 

деп,  жатып  ішер  жалқау,  керенауларды  сынайды.  «Еңбегі  ештің  кҥні  кеш» 

деп,  жҧмыс  істемейтін  керенау,  жалқаулар  ҿмірінің    мағынасыздығын 

аңғартады. 

Еңбек  туралы  мақалдардың  ішінде  жеке  меншікті,  ҿзімшілдікті 

уағыздайтын,  ескі  сананы  бейнелейтін:  «Киіз  кімдікі  болса,  білек  –  сонікі», 

«Ер  егіз,  еңбекте  жалғыз»,  «Ҿзімдікі  дегенде  ҿгіз  қара  кҥшім  бар,  кісінікі 

дегенде, анау-мынау ісім бар» сияқты мақалдар бар. Бірақ халық еңбек жеке 

адамның ҿз  қажетіне жетуінің, тҧрмысын тҥзетуінің тетігі деп қана ҧқпайды. 

Еңбек ету зор адамшылық қасиет, еңбек қоғам ҿмірінің тірегі деп біледі. «Тек 

жҥргенше, тегін істе» деген мақал қалайда еңбексіз, ҽрекетсіз бос жҥру дҧрыс 

емес  деген  ойды  тҥйеді.    «Тере  берсе,  тезек  те  қызық»,  «Орайы  келсе,  орақ 

ор», «Кезі келсе, кетпен шап» деген мақалдар жҧмыстың жаманы жоқ, еңбек 

етудің ҿзі қызық, қуаныш  деген халық ҧғымын байқатады. 

Кҿп  заман  кҽсібінің  ең  басым  тҥрі  мал  шаруашылығы  болған  қазақ 

халқында,  ҽсіресе,  тҿрт  тҥлікке  байланысты  мақалдар    жиі    кездеседі.  Мал 

туралы  мақалдарды  қай  тҥліктің  шаруаға  жайлы,  жайсыздығы, 

ҽрқайсысының  жеке  қасиеттері  айтылады.  Қазақ  мақал-мҽтелдері  тҥліктің 

ішіндегі ардақтысы жылқы малы дейді. «Жылқы – малдың патшасы», «Таяқ 

тайға  жеткізер,  тай  қҧнанға  жеткізер,  қҧнан  атқа  жеткізер,  ат  мҧратқа 

жеткізер», «Ат ҧстаған азабынан қҧтылады», «Жонға  салсаң – жҥйрік, жолға 



 

437 


салсаң – жорға», «Ат қадірін білмесең, жаяушылық берсін сазаңды; ас қадірін  

білмесе,  ашаршылық  берсін  сазаңды»  деп,  ҽрі  сауын,  ҽрі  кҿлік  жҽне  ойын-

сауық, той-жиындардың салтанаты – жылқыны ардақтайды. Қазақ халқының 

жылқыны  артық  кҿретіні  сонша,  жҥйрік  арғымақ,  тҧлпар  туралы  мақалдар 

астарлы  мағынасында  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  ғана  бейнелейді. 

Мҧндайда  мақалдың  бір,  не  екі  жолы    жақсы  ат  туралы  болса,  ал  соған 

жалғас  жол  адамдық  қасиетке  арналады.  Мысалы,  «Ат  ерінді  келер,  ер 

мҧрынды  келер»,  «Ат  сҥрінбей,  жер  танымас,  ер  сҥрінбей,  ел  танымас», 

«Жомарт жоқтығын білдірмес, тҧлпар тоқтығын білдірмес», «Ат қадірін жоқ 

білмес, ас қадірін тоқ білмес». 

 Бҧл  тақырыптағы  мақалдарға  қазақ  халқының  кҿшпелі  ҿмірін 

суреттейтін, жайлау, қыстау, кҥзеу жайын сҿз қылатын мақалдар тобы ҥндес, 

жақын келіп отырады. «Жаз сайға қонба, қыс қырға қонба», «Қашпақ, қумақ 

–  ерге  сын,  кҿшпек,  қонбақ  –  жерге  сын»  секілді  мақалдарда  кҿшпелі  

тҧрмыстың кҿп жылдар  бойындағы тҽжірибесі  қорытылған. 

Қазақ  халқы  отырықшылыққа,  егіншілікке  бейімделіп,  егін  кҽсібімен 

шҧғылданған  кезде  егін,  диқаншылыққа  байланысты  мақалдар  туа  бастады.  

Бҧл кезде еңбекші халық егіс кҽсібінен  тҽжірибе алып, ҥнемі  мал ыңғайына  

қарай кҿшіп-қонудан гҿрі егінмен шҧғылданудың да кҽсіп екенін кҿріп-біліп, 

енді  егін,  диқаншылықтан  алған  тҽжірибесінен  жаңа  мақалдар  шығарады. 

Егіншілік жайындағы мақалдарында халық: «Диқаншылық тҥбі – кеңіс, сауда 

тҥбі – борыш», «Ексең егін, ішерсің тегін», «Жердің сҽні – егін, ердің сҽні – 

білім»,  «Тамырың  кетсе,  тары  ек,  келер  жылы  тағы  да  ек»,  «Диқан  болсаң, 

қос  ҿгізің тең  болсын,  шаруа  болсаң,  қос  етегің  кең  болсын»,  «Жер  тоймай, 

ел тоймайды» деп,  диқаншылық пен  егіншіліктің де тҧрмысқа ҿте  қолайлы 

кҽсіп екенін айтады. Бҧл мақалдар кҥнкҿріс тҧрмысын тҥзеу жолында талмай 

ізденгіш  еңбекші  халық  жерді  жайылым,  қонысқа  пайдаланумен  бірге,  енді 

оның басқа да қасиетін тауып, қызығын кҿре бастағанын аңғартады. 

Еңбек-кҽсіп  жҿніндегі  мақалдарда  кейде  бір  кҽсіппен  екінші  кҽсіп 

салыстырылып  отырады.  Мысалы,  «Балықшының  ҥйіне  барсаң,  қарма 

жерсің,  егіншінің  ҥйіне  барсаң,  жарма  жерсің»,  «Алпыс  қҧлан  ат  болмас», 

«Егінші жылда арманда, балықшы кҥнде арманда», «Диқан жауында тынады, 

балықшы дауылда тынады»,  «Егін есесін алады, балық бағасын алады». Бҧл 

мақалдарда ҽр кҽсіп тҥрінің ҿз ерекшелігі, артықтығы мен олқылық  жақтары 

кҿрсетіледі. 

«Кҿкпар  –  тартқандікі,  қоян  –  қаққандікі»,  «Ажалды  киік  адырға 

қашады»,  «Қҧстың  алғанынан  салғаны  қызық»,  «Атқанның  қҧсын  жатқан 

байланар»  деген  мақалдар  халықтың  аң  аулауды,  қҧс  салуды  ҽрі  кҽсіп,  ҽрі 

серуендеу, кҿңіл кҿтеру, қызықтау деп қарағандығын кҿрсетеді.  

Қазақ  даласында  сауда-саттықтың  дамуына,  оның  қанат  жаюына 

байланысты  ақша,    базар,  саудагершілікке  арналған  мақалдар    молая  тҥсті.  

Олар қазақ халқының экономикалық ҿмірінде сауданың мҽні, ақшаның орны 

қандай болғанын айқындайды. «Базарға бар да, бағыңды сына», «Ат жақсысы 

арбада  болар,  жігіт  жақсысы  саудада  болар»,  «Талтаңдасаң  талтаңда,  ақшаң 

болса қалтаңда» деген сияқты мақалдар қазақ қоғамының  ҿмірінде сауданың  



 

438 


рҿлі кҥшейе бастағанына дҽлел бола алады. 

Еңбекші  бҧқара  аяусыз  қаналып  отырған  жағдайда  сауда-саттықтың 

ҿрістеуі,  ҽрине,  халыққа  жеңілдік  ҽкелген  жоқ,  ол  билеп-тҿстеуші  топтың, 

бай-феодалдардың  одан  ҽрі  баюына  мҥмкіншілік  туғызды,  сҿйтіп,  

экономикалық  теңсіздікті  кҥшейте,  арттыра  тҥсті.  Базар,  ақша  туралы 

мақалдардың    бір  тобы  осы  жайды  айқын  елестетеді.  «Базар  –  ақшалыға 

базар,  ақшасызға  –  назар»,  «Базар  –  бай,  алушы  –  кедей»,  «Саудада  достық 

жоқ»,  «Саудагерде  иман    жоқ,  арын  сатады,  ҿтірікшіде  иман  жоқ,  жанын 

сатады»  сияқты  мақалдардың  кҿпшілігі  Қазақстан  Ресейге  қосылғаннан 

кейінгі  дҽуірдегі  экономикалық  жағдайда,  қазақ  даласына  капитализм 

элементтерінің кіре бастағанын бейнелейді. 

Қолҿнер  мен  ҽртҥрлі  шеберлер  жайында  да  мақалдар  мол-ақ.  Бҧлардан 

«Темір кессең, қысқа кес, ҧзартуың оңай, ағаш кессең, ҧзын кес, қысқартуың 

оңай»,  «Зер  қадірін  зергер  білер»,  «Ҧста  пышаққа  жарымас,  етікші  бізге 

жарымас»  секілді  мақалдарды  атауға  болады.  Осы  алуандас  мақалдарда 

халық бҧл кҽсіп тҥрінің қоғам ҿмірінде  ҥлкен мҽні  болғанын кҿрсетіп, ҧста, 

темірші,  балташы,  зергер,  етікші  сияқты  ҽр  қилы  ҿнер  иелерін  мадақтап, 

олардың  елге,  кҿпке  қызмет  ететінін  баса  айтады.  «Ҿнерлінің  ҿрісі  ҧзақ», 

«Шебердің қолы – ортақ, шешеннің тілі – ортақ», «Ҿнерлінің қолы – алтын, 

ҿлеңшінің  сҿзі  –  алтын»,  «Ҧсталы  ел  тҥзеледі,  қасапты  ел  бҥлінеді»  деген 

мақалдар оқу-білім жағы кеміс, ҿндіріс пен техникасы ҿсіп–дамымаған қазақ 

елінде жай ҧсталықтың ҿзі ҿте жоғары бағаланып, зор ҿнер деп танылғанын 

аңғартады. 

Ҿнерпаздықтың  таңдаулысының  бірі  –  ҿрісі  кең,  ҿресі  биік  ҿнер    – 

шешендік,  ақындық  деп  біледі  халық.  Мҧны  жоғарыда  келтірген  

мақалдардан, олардағы «Ҿлеңшінің  сҿзі – алтын», «Шешеннің тілі – ортақ» 

деген  сҿздерден  де  «Ҿнер  алды  –  қызыл  тіл»,  «Сҿз  тапқанға  қолқа  жоқ», 

«Ҿлең  –  алтын,  сҿз  –  кҥміс»  секілді  сҿз  ҿнерінің,  ҿлең-жырдың  мҽнін, 

маңызын айқындайтын мақалдардан  да байқауға болады. 

Қазақ мақалдарының бір мол тобы – ҽдет-ғҧрып, салт-сана, мінез-қҧлық 

тақырыбындағылар.  Мақал-мҽтелдерде  қазақтың  қҧда  тҥсу,  қыз  беріп,  қыз 

алысу,  айт  пен  той,  ас  беру  сияқты  кҿптеген  ҽдет-ғҧрыптары,  салты  кең 

суреттеледі. Бҧл тақырыптарға арналған мақалдардан халықтың ҽр дҽуірдегі 

ғҧрып  салтын,  қоғамға,  дінге  кҿзқарасын,  халықтың  ой-санасының  ҿсу 

жолын  кҿруге  болады.  Халық  мақалы  қоғамның  дамуына,  дҽуірге 

байланысты ҽдет-ғҧрыптың да ҿзгеріп отыратынын аңғартып: «Тауына қарай 

аңы,  заманына  қарай    заңы»,  «Заманы  бірдің  –  амалы  бір»  дейді.  Ҽр 

қоғамның,  ҽр  дҽуірдің  ҿз  ғҧрып,  ҿз  салты  болады.  Мақалдарда  сол  тҥрлі 

дҽуірдің  ғҧрып-салтының,  белгілі  қоғамда  ҿмір  сҥрген  топтардың,  жеке 

адамдар қарым-қатынасының  ізі қалып отырған. 

Бҧқара халық, шаруа мақалынан еңбекші елдің мҧң-мҧқтажын, олардың 

кҿкейкесті  арманын  кҿреміз.  Бар  адамдық  қасиет  мал,  байлықта  деп  ҧққан  

адамдарға  қарсы  халық  оған  ҿз  тҥсінігін  білдіріп,  «Байлық  мҧрат  емес, 

жоқтық ҧят емес» дейді. «Малым  – жанымның садағасы, жаным  – арымның 

садағасы»  деген  мақалдар  еңбекші  халықтың  тҧрмыс,  бейнеттің  қанша 



 

439 


азабын тартса да, зор адамдық қасиетті  шапағаты жоқ байлықтан, дҽулеттен 

жоғары  қойғанын танытады. 

Кҿптеген мақалдардың негізгі арқауы халықтың қоғам ҿміріндегі іргелі, 

ҧлы    кҥш  екенін  сипаттау  болып  келеді.  «Кҿппен  кҿрген    ҧлы  той»,  «Кҿп 

тҥкірсе  –  кҿл»,  «Халық  айтса,  қалп  айтпайды»,  «Қҧдайға  жазсаң  да,    кҿпке 

жазба»  деген  секілді    мақалдар  кҿпшілік,  халық  –  қоғам  ҿмірінің  тірегі, 

ҧйытқысы  деген  тҧжырымды  байқатады.  Ырыс  пен  береке  кҿпте,  дҽулетке, 

бақытты  ҿмірге  кҿппен  бірге,  елмен  бірге  ғана  жетуге  болады  деп  тҥйетін 

мақалдар  жиі  ҧшырасады,  мҽселен,  «Кҿп  ісінде  береке»,  «Кҿптен  бақыт 

қҧтылмас»,  «Ел  –  ырыстың  кілті,  ер  –  ырыстың  қорғаны».  Халық  ҽркімнің 

істеген ісі  баянды болуы, ҿрге басуы, я ҿнбеуі, нҽтижесіз болуы оның кҿппен 

бірлесіп, кҥш қоса білу-білмеуінен дейді. «Жалғыздың ҥні шықпас, жаяудың 

шаңы шықпас»,  «Кҿпті жамандаған кҿмусіз қалады» деген мақалдар  осыған 

дҽлел. 


«Ер жігіт ел ҥшін туады, ел ҥшін ҿледі», «Ер жігіт бір кҥнде бір кісілік, 

бір  кҥнде    мың  кісілік»,  «Батыр  туса  –  ел  ырысы,  жаңбыр  жауса  –  жер 

ырысы»,  «Мың  қосшыға  –  бір  басшы»  секілді  мақалдар  халықтың  ел  ҥшін, 

кҿп  ҥшін  қызмет  еткен  адамды  ардақты,  аяулы  санайтынына    айғақ 

болғандай. 

Халық «Ҿз елің – алтын бесік», «Ҿз елім – ҿлең тҿсегім» деп, Отанды ҿте 

қадірлеп,  оған  деген  шексіз  махаббатын  білдіреді.  Кімнің  де  болсын  кҥш-

қуатын,  ҿнерін  туған  ел  мен  Отан  игілігіне  арналуы    керектігін  меңзеп,  

мақал  «Ҿз елімнің басы болмасам да,  сайының тасы болайын» дейді. 

Отан  сҥю,  оған  деген  махаббат  жайындағы  мақалдарда  ел  ҥшін,  халық 

ҥшін  қызмет  ету,  елдің  бақыты  ҥшін  кҥресумен  байланысты  айтылады.  «Ел 

ауырын  ер  кҿтерер»  деп,  елін,  халқын    сҥю  –    оның  қамын  ойлап,  халық 

басына  қиын-қыстау  кҥн  туса,  оны  жеңілдету  ердің  ісі,  азаматтық  парызы  

деген ой мақалда  жиі  уағыздалады.  

Қазақ  мақалдарында  ерлік,  батырлық,  азаматтық  халық  игілігі  ҥшін 

еңбек ҧғымымен жанаса айтылып отырады. Ел, ер туралы сҿйлегенде халық  

бҧл екі ҧғымды бір-біріне  тығыз қабыстыра айтады. Мақалдарда ердің  ерлігі 

еліне,  елдің  елдігі  ерлеріне  байланысты  келеді.  Мысалы,  «Ер  сҥрінбей,  ел 

танымас,  ат  сҥрінбей,  жер  танымас»,  «Ел  ҥмітін  ер  ақтар,  ер  атағын  ел 

сақтар»,  т.б.  Халық  еліне,  Отанына  еңбегін  сіңіріп,  ҿмірін  соның  игілігіне 

арнап, ел сынына тола білген адам ғана ер бола алады деп, «Ердің сыншысы 

– елі» дейді. Халық мақалы еліне, Отанына опасыздық жасағандарды даттап, 

«Елінен безген ер оңбас, кҿлінен безген қаз оңбас» дейді. 

Мақалда  ҿмір  қҧбылыстарына,  айтылған  жағдай,  уақиғаға  баға  беріліп, 

шешім айтылуы оның идеялық кҥшін зорайтады. Мақалдың маңызы мен ҿмір 

танытқыш  кҥші  –  онда  жиі  кездесетін,  типтік  жағдайлар  суреттелуінде. 

Алуан  тҥрлі  уақиға,  қҧбылыс  топтастырылып,  солардың  бҽріне  тҽн  қасиет, 

ерекшелік тҥйінделіп, қорытылады. Мысалы, «Аш қҧлақтан – тыныш қҧлақ», 

«Бас  болмақ  оңай,  бастамақ  –  қиын»,  «Кісідегінің  кілті  –  аспанда»  деген 

сияқты мақалдарда осындай топшылау, қорытынды жасау бар болғандықтан, 

бҧлар  ҽрқилы  жағдайларда,  ҽр  кезде  орайын  тауып,  қолданыла  береді.  Бҧл 



 

440 


жағынан  алғанда,  мақал  халық  даналығының    туындысы,  оның  бай  ҿмір 

тҽжірибесінің  жиынтығы. 

Мақалдың тҥпкі, тура мағынасы бар да, сонымен бірге кҿбінесе астарлы, 

ауыспалы  мағынасы  болады.  Мақалда  белгілі  бір  нақты  қҧбылыс,  нақты 

уақиға  жеке,  дара  кҥйінде  ғана  суреттеліп  қоймайды,  тҥйіндеу,  қорытынды 

жасау  дҽрежесіне  кҿтеріле  бейнеленеді.  Сондықтан  мақал,  негізінде,  бір 

нақты  жағдайға,  уақиғаға  байланысты  болғанымен,  соған  орай  туғанмен,  ол 

осы  алуандас,  соған  ҧқсас  барлық  жағдайда  айтылады,  яки  мақал  оны 

тудырған  нақты  уақиғадан  тыс,  талай  қҧбылыстарды  бейнелеуге  де 

қолданылады.  Бҧл  –  топшылау,  кҿрегендік,  нақтылы  бір  уақиғадан  осыған 

ҧқсас  ҿмір  қҧбылысының  сырын  ашып,  дҧрыс,  терең  қорытынды  жасай 

білудің  нҽтижесі.  Осылай  астарлы,  ауыспа  мағынада,  ҽртҥрлі  жағдайда,  ҽр 

қилы  кезеңде  қолдану  мақалдың  идеялық  шеңберін  кеңейтіп,  оның  ҿмір 

танытқыштық  қасиетін  арттыра,  ҥстей  тҥседі.  Мақал  кҿп  жайды  мағынасы 

терең, астарлы аз сҿзбен тҥйіп айтуға мҥмкіншілік береді. Мінеки, мақалдың 

мағынасының  кеңдігі,  оның  ҥлгі-ҿнеге  боларлық  қасиеті,  ғибраттылық  мҽні 

осыдан шығады. Мысалы, «Соқыр тауыққа бҽрі бидай», «Шабан ҥйрек бҧрын 

ҧшар»  деген  сияқты  мақалдарды  сҿз  арасында  қосқанда,  айтушыға  соқыр 

тауықтың  талғампаз  бола  алмайтындығы  немесе  шабан  ҥйректің    ерте 

қимылдайтыны  керек  емес,  келтірілген  мақалдар  адамға,  адамның  мінезіне 

жанастырылып  айтылады  жҽне  тыңдаушы  да  осындай  мақалдарды  астарлы, 

ауыспа  мағынасында  қабылдайды.  Тегінде,  малға,  хайуанатқа  жҽне  табиғат 

қҧбылыстарына  байланысты  мақалдардың  кҿпшілігі  осылай    аллегориялық 

сипатқа  ие  болған.  Олар  кҿбінесе  тҥпкі  мағынасы  емес,  жаңа  тҧлғада,  адам 

ҿміріне қабыса жалғастырып айтылады. Сонымен бірге ҥнемі астарлы,  басқа 

мағынаға  ие  бола    бермейді,  ҿзінің  тҥпкі  мағынасында  да  қолданылады. 

Мысалы,  «Ҿнер  алды  –  қызыл  тіл»,  «Ақыл  –  тозбас  тон,  білім  –  таусылмас 

кен»  деген сияқты мақалдар. Бҧдан мақалдың бірыңғай емес, бірнеше тҥрлі 

болып  келетінін    кҿреміз.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  мақалдың 

бірде  ҧқсас,  ҿмірде  жиі  кездесетін  уақиға,  жайларды  жалпылама  тҥрде 

қорытып, тҥйіп айтатындығы («Аш қҧлақтан – тыныш қҧлақ», т.б.), екіншіде 

айтылатын  ой  жеке,  дара  уақиғаға  байланысты  беріліп,  мақалдың  ауыспа 

мағынада да  қолданылатыны («Соқыр тауыққа бҽрі  бидай», т.б.), ал, ҥшінші 

тҥрлі мақалдар  бір қҧбылысқа баға  беру  негізінде жасалып,  ҿзінің сол тура 

мағынасында ғана айтылатыны («Ҿнер алды – қызыл тіл», т.б.)  аңғарылады. 

 Мақалдар  жасалу  ҽдісіне  қарай  осындай  тҥрлі-тҥрлі  болғанымен, 

бҧлардың  бҽріне  тҽн  қасиет  бар  –  ол  ҿмір  қҧбылыстарының  мҽнін,  сыр-

сипатын ашып, қорытынды жасау, типтік  дҽрежеге кҿтере,  кҿркем бейнелеу. 

Мақалдың  туу  жолы  да  алуан  тҥрлі.  Белгілі  бір    жағдайға  байланысты  

шебер  қиыстырылып  айтылған  алғыр,  ҧтымды,  келісті  сҿз  ауыздан-ауызға 

кҿшіп,  ел  арасында  кең  тарап,  мақалға  айналып  кете  береді.  Ондай  сҿздер 

ҽуелде  халық  аузында  пҽлен  айтқандай,  тҥген  айтқандай  деп,  шешеннің 

атымен  қосарлана  жҥреді  де,  кейін  шығарушының  аты  ҧмытылып,  ҽлгі 

сҿздер  кҿптің  сынынан  ҿтіп,  екшеліп,  ҿңделіп,  ҿткірленіп,  халық  мақалына 

айналып кетеді. 



 

441 


Кейбір  мақалдың  арғы  тегі  ертегі,  жыр,  мысалдармен  де  байланысты.  

Шамадан аспай, қарапайым, кішіпейілдікті керек еткенде, халық: «Аяз, ҽліңді 

біл,    қҧмырсқа,  жолыңды  біл»  дейді.    Бҧл  сҿздің  «Аяз  би»  ертегісінен  

шығып, содан мақал болып кеткені мҽлім. 

Бір кезде қазақ арасында кең жайылған дау-шар, талас-тартысты біреуге 

тҿрелету  арқылы  шешу  ісі  де  тапқырлықты,  шешендікті  керек  еткені  мҽлім. 

Билік,  тҿреліктің  тҧтқасы  ҥстем  тап  қолында  болғанымен,  еңбекші  халық 

ҥнемі  би,  тҿреге  жҥгіне  бермей,  ҿздері  де  жҿн  тауып,  таластарын  шеше 

берген. Міне, осындай жағдайда қарапайым халық ҿкілдерінің аузынан талай 

шебер, шешен сҿздер туып, тараған. 

Мақал-мҽтелдер  ҥнемі  туып,  ҿңделіп,  ҧстартылып  отырады.  Ҧрпақтан 

ҧрпаққа ауысып, халық жадында жылдар, ғасырлар бойы сақталып, шын ҿмір 

тезінен ҿтіп, сҧрыпталып, сараланып, бірден бірге шыңдала береді.  Ҿңделіп, 

жылдан жылға ҿткен сайын ҿткірлене тҥседі. Ҥнемі туып, толысып, молайып 

отырады. 

Мақалдың  тілі  ҿте  кҿркем  жҽне  қарапайым,  сҿз  қҧрамы  бай;  халық 

тілінің суреттеу, бейнелеу мҥмкіншіліктері мақалда жан-жақты, мол кҿрінісін 

тапқан.  Сҿйлем  қҧру,  ҽсіресе,  қҧрмалас  сҿйлем  жҥйесін  ҥйлестіру, 

қисындыру  жағынан  алғанда  мақалдан  алуан  тҥрлі  ҥлгі-ҿрнек,  ҽдемі  сҿз 

кестесі  табылады.  Сҿйлем  қҧрылысы  жатық,    жеңіл,  ҽсерлі  болады. 

Мақалдың сҿйлем қҧрудағы бір ерекшелігі, онда бастауыш, баяндауыш тҥгел 

бола  бермейді.  Кейде  мақалда  баяндауыш  тҥсіп  қалады.  Мысалы,    «Еңбек 

тҥбі – береке, кҿптің тҥбі – мереке», «Бейнет, бейнет тҥбі – зейнет», «Еңбегі 

аздың  –  ҿнбегі  аз»  деген  сҿйлемдерде  баяндауыш  жоқ,  ол  тек  ойша  ғана 

ҧғылатын  «болады»  деген  сҿз.  Егер  мақалды  толық  айтсақ,  «Еңбек  тҥбі 

береке болады, кҿптің тҥбі береке болады», «Еңбегі аздың ҿнбегі аз болады» 

дер едік, бірақ  онда сҿйлем ықшамдылығынан, келісті ырғағынан айырылар 

еді. 


Мақалда  сҿзді  мҥсіндеп,  сҧлулау  ҥшін  сан  алуан  теңеу,  метафора,  

метонимия  сияқты  бейнелеу  тҽсілдері  жарасымды,  шебер  қолданылады. 

Мысалы,  «Жақсы  жігіт  –  жағадағы  қҧндыз,  жақсы  қыз  –  кҿктегі  жҧлдыз» 

деген  сияқты  мақалдарда  орынды,  қисынды  салыстыру,  шендестіру  арқылы 

екі  нҽрсе,  екі  қҧбылыс  бірі-бірін  толықтырып,  бейнелі  мҥсін  жасайды.  Сол 

секілді ҽсірелеу, кҥшейте суреттеу ҽдісі де қолданылады, мысалы, «Айдағаны 

бес ешкі, ысқырғаны жер жарады». 

Мақал-мҽтелдердің ҿзіндік жасалу жолдары, сан қилы шеберлік ҽдістері 

бар. Мақал кҿбінесе бір-бірімен ҧйқасы бар екі бҿлімнен  қҧралады. Сол екі 

бҿлімнің  бірінде  айтылуға  тиісті  ойдың  шарты  айтылса,  екіншісінде 

қорытынды  тҥйін  беріледі  –  «Жасыңда  қылжақ  болсаң,  қартайған  соң 

мылжың боласың», «Кҥлме досқа, келер басқа», «Ексең егін, ішерсің тегін». 

Бірде мақал екі  қҧбылысты, екі нҽрсені салыстыра отырып айтса, бірде 

соларды қарама-қарсы қою арқылы ой білдіреді. «Жақсының басына іс тҥссе, 

ашынар  да  ашылар,  жаманның  басына  іс  тҥссе,  бір  тулар  да  басылар», 

«Жақсы  атқа  –  бір  қамшы,  жаман  атқа  –    мың  қамшы».  Кейде  мақал  бір-

біріне  ҧқсас  екі  нҽрсені  қатар  қою  арқылы,  сол  екі  нҽрсеге  параллель  жасау 



 

442 


арқылы  қҧрылады,  яғни  мақалда  параллелизм  ҿте  жиі  кездеседі.  Мысалы, 

«Қой кҿрмеген қой кҿрсе, қуалап жҥріп ҿлтірер, ҧл таппаған ҧл тапса, уалап 

жҥріп ҿлтірер», «Ыдысын кҿр де, асын іш, анасын кҿр де, қызын ал», т.б. 

Уағыз, ҿнеге айту тҥрінде қҧрылатын мақал  да жиі кездеседі. Мҽселен, 

«Ҿткен  іске  ҿкінбе»,  «Ойнап  сҿйлесең  де,  ойлап  сҿйле»,  «Сыртын  кҿріп, 

ішінен тҥңілме, қарасын кҿріп, кҥшінен тҥңілме» деп, адамға нақыл айтады. 

Жалпы  алғанда,  мақал  дидактикалық  мақсатта  қолданылып,  бірнеше 

функция атқарады. Ең алдымен ол тҽлімдік-тҽрбиелік жҽне танымдық қызмет 

атқаратынын  айту  керек.  Содан  соң  мақал  адамды  бірдеңеден  сақтандыру 

ҥшін  айтылады,  яғни  бҧл  жерде  ол  тыйым  тҥрінде  болғандықтан  белгілі 

дҽрежеде  магиямен  байланысы  бар  екендігі  байқалады.  Сонымен  бірге 

мақалда ҥгіттік-насихаттық сипат та болады, ол адамды бір нҽрсеге бағыттап, 

оның  мінез-қҧлқына,  іс-қимылына  ҽсер  етуге  тырысады,  басқаша  айтқанда, 

адам тіршілігін регламенттеу белгісі аңғарылады.  Бҧның бҽрі, бір  жағынан, 

мақалдың  қолданбалық қасиетін кҿрсетеді, демек, мақал – кҿне жанрлардың 

бірі, бірақ ол болмыспен тығыз байланыста болған себепті қоғам ҿмірінің ҽр 

дҽуірінде  туып,  жаңарып,  жаңғырып  отырады.  Ал,  мақалдың  эстетикалық 

қызметі  фольклордың  сҿз  ҿнеріне  айналу    процесімен  байланысты.  Бҧл 

жағынан  алғанда,  мақал  –  кҿркем  фольклордың  бір  тҥрі.    Ол  ҽрқашан  адам 

ойына  ҽдемі  кҿрік  пен  кҿркемдік  беріп,  сҿздің,  яки  мҽтіннің  сҽнін  келтіріп 

отырады. Сонысымен ол – қымбат, сол себепті ол – ҿміршең. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет