1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет1/5
Дата21.10.2023
өлшемі432,63 Kb.
#120418
  1   2   3   4   5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім алушылардың күтілетін нәтижелер мен тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.



2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)




  1. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу




Ұзақтығы – 45 минут
Айтылым бөлек тексеріледі. Балл саны – 18

Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;


ҚЖ қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөз немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым
дағдыларын тексеруге арналған көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін бірнеше тапсырмадан тұрады.

.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет