Жаңартылған білім беру бағдарламасы



бет1/4
Дата07.10.2022
өлшемі121,93 Kb.
#41795
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4

Жаңартылған білім беру бағдарламасы

Орындаған: Қуаныш Эльназ

201-1 топ студенті

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі: 1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі. 2. Блум таксономиясы; 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі 4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру 6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ- ны қолдану , коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта, жұпта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

ҚБ ерекшеліктері:

          • қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды;
          • ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді;
          • оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
          • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет