1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар БЖБ№1 1-тоқсан 7-сынып
Бөлім: «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»
Оқу мақсаты:7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан
анықтау
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Оқылатын шығарма:«Қыз Жібек» жыры
Бағалау критерийі: Білім алушы • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды
• Оқиға желісін дамытып жазады
• Өзіндік көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. Кейіпкерлердің типтік образын жасалу тәсілдеріне қарай анықтап, кестені толтырыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.
2-тапсырма Базарбайдың Төлегенге теріс бата беруі туралы оқиғаға өзгерістер енгізіп, қайта жазыңыз. Базарбай көп жұртына арыз қылып айтты:
– Ай, жарандар, менің мынау балам тілегімді бермей кетті, қайнына баратынын білгенің маған ұстап бер, - дейді. – Егер де біреуің қошемет қылып ерсең, мен тұзыма салып, теріс батамды беремін, - деді.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды