1)Тұтынуға дайын өнімдер мақсаты бойынша қалай жіктеледі?
емдәмдік тамақтануына арналған,балалар тамақтануына арналған.
2)Мәзірге қойылатын негізгі талаптар?
➢тағамдар мен сусындар бір топқа топтастырылып, белгілі бір тәртіппен берілу керек. Әр топта ұсынылатын сусын мен тағамның суреті көрсетіледі.
➢тағамдар мен сусындар және олар туралы қосымша анықтама анық және түсінікті жазылу керек.
➢ Мәзірге ас үйде бар тағамдар мен сусындарды енгізу қажет.
➢ Мәзірдің шетел тілінде аудармасы болуы қажет.
3)Аспаздық жартылай фабрикаттар дегеніміз не?
Бір немесе бірнеше аспаздық өңдеуден өткен, бірақ тұтынуға дайын емес жартылай дайын өнімдер.
4)Аспаздық өнімдердің жіктелуі?
•Дайын болу дәрежесі бойынша
•Қолданылатын шикізат түріне қарай
•Жылулық аспаздық өңдеу әдістеріне
5)Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның типтерін атаңыз?мейрамхана,дәмхана,бар,асхана ,тез тамақтану орындары
6)Шикізатты механикалық өңдеуден, өткізу мерзімі өткен(бұзылған)тамақ, аспаздық өнімдерден алынған қалдықтарды пайдалану технологиялық циклдың соңғы этапы болып табылатын процесс?
Қалдықтарды пайдалану.
7)Аспаздық өнімдер өндірісіндегі технологиялық үдерістер?
- шикізатты қабылдау және сақтау;
- дайын тағамдар мен өнімдерді өндіру;
- өткізу.
8)Аспаздық өнімнің сапасы және оның қауіпсіздігі қандай көрсеткіштері бойынша бақыланады?
органолептикалық, физико-химиялық және микробиологиялық
9)Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына келіп түсетін азық-түлік тауарларын қалай жіктейміз?
шикізат, жартылай фабрикат және тұтынуға дайын өнімдер деп бөлуге болады.
10)Сапаны бақылау дегеніміз не?
Аспаздық өнімдердің сапа көрсеткіштерін белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.