10 «Б» сыныбының 2023-2024 оқу жылы бойынша тәрбие құндылықтарына арналған жылдық жоспары



бет1/5
Дата03.12.2023
өлшемі63,01 Kb.
#133210
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

Бекітемін Келісемін
«№3 орта мектеп» директоры Директордың тәрбие ісі жөніндегі
____________ М.Абикенова орынбасары_______М.Баймұрат
«___»____________ 2023 ж «___» ____________ 2023 ж

10 «Б» сыныбының
2023-2024 оқу жылы бойынша тәрбие құндылықтарына арналған
жылдық жоспары
Сынып жетекшісі: У.Кусаинова

2023-2024 оқу жылы




«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.


Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақтілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдықпен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан ,намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлықпен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

  5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.



Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жетіата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым депсанайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

  3. Әрісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет