Экологиялық микробиология немесе микроэкология – тиісті биотопта бірге тіршілік ететін макро- және микроорганизмдердің өзара қатынасын зерттейтін жалпы микробиологияның бір тарауы.
Экологиялық микробиология немесе микроэкология – тиісті биотопта бірге тіршілік ететін макро- және микроорганизмдердің өзара қатынасын зерттейтін жалпы микробиологияның бір тарауы.
Мұндай түсінікті 1945 ж. академик С.Н Вернадский енгізген.
Экологиялық терминдер:
Биотоп – тері (биотикалық) және өлі (абиотикалық) табиғи компоненттерден тұратын, аумағы шектелген микоорганизмдер мекендейтін орта.
Популяция – тиісті бір биотопты шеіберінде тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.
Микробиоценоз – бір биотопта тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.
Экожүйе (экосистема) - өзара әрекеттесетін биотоп пен микробиценоздан тұратын жүйе.
Экосаңылау (экониша) – микробтар орналасатын (мекендейтін меншікті қуысы (орны).
Экологиялық факторлар – микробиоценозға әсер ететін тіршілік ортасының элементтері (жағдайлар).
Симбиоз- биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету).
Симбиоз- биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету).
Симбиоздың түрлері:
Метабиоз – уақытына қарай ретімен болатын симбиоз. Бір микроб басқа микробтар тіршілік етуіне жағдай жасайды (аэробтар мен анаэробтардың метобиозы)
Мутуализм - өзара пайда келтіретін симбиоз (саңырауқұлақтар балдырларға органикалық заттар береді)
Комменсализм – микробтың бір түрі екіншісіне зиян келтірмей тіршілік етуі (адам ағзасының қалыпты микрофлорасы).
Сателлизм – бір микробтың әсерінен екінші микробтық өсіп -өнуі немесе басқа әрекетінің күшеюі (гемолитикалық стафилококтың әсерінен В тобындағы стрептококктардың гемолиздік факторы күшейеді).
Нейтрализм – бір биотоптағы симбионттар бір-біріне ешқандай әсер етпейді.