10. Әлеуметтік қызмет жұмыстарын реттеу технологиясы.
Жоспар:
1.ҚР Заңдарынын қолданудағы әлеуметік жұмыс технологиясы.
2.Әлеуметтік көмекті қолдану технологиясы.
Осы әлеуметтік қызметтер өз жұмыстарын ҚР-ның 2001-жылғы 23-қаңтарындағы №149 “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңына және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүргізеді.
Қазақстан Республикасын жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан өзге де нормативті құқықтық актілерден тұрады. Жұмыспен қамту туралы заңдар ҚР азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін реттерді қосылғанда, тікелей қолданылады. Заң 23 баптардан тұрады, олар келесідегідей мәселелерді қарастырады:
-Жұмыспен қамтылған халықтың санаттары туралы, оның ішінде – жеке еңбек шартымен жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар, сыйақы үшін жұмыс орындайтындар, өз бетімен жұмыспен айналысатындар, қосалқы кәсіпшілікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер, өндіріс кооперативтердің мүшелері, ҚР-ның Қарулы Күштерінің ұлттық қауіпсіздік органдарында, ҚР ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық Ұланда, ҚР-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет өткеріп жүрген азаматтар туралы.
-Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары туралы.
-Халықты қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер туралы;
-Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру туралы;
-Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы туралы.
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында ҚР-ның Үкіметі ҚР-ның аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілеу туралы.
-Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы;
-Жұмыссыздарды қажетті кәсіби біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда оларды кәсіби даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы туралы, нысаналы топтарға кірген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысу құқығы туралы.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ақуалға, оның болжануы мен реттелуіне объективті баға беру мақсатында ҚР-ның заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік статистикалық есептілік туралы.
Жұмыспен қамту туралы заңдарының сақталуын бақылайтын орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен олардың қызметтері туралы.
-Жеке және заңды тұлғалардың жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылығы туралы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат – үйлері.
Интернат – үйлер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997-жылғы 13-тамыздағы №134 бұйрығымен бекітілген интернат – үйлер туралы Ережесінің негізінде ашылады және жұмыс істейді, ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы “Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” заңын, ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типті интернат-үйі, психикалық-жүйке ауруларының интернаты және дамуы артта қалған балаларға арналған балалар интернат-үйлері туралы Ережелер 4 бөлімнен тұрады.
Жалпы ережесі
Интернаттың міндеттері мен қызметтері
Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару шарттары
Интернатты басқару.
Жалпы ережесі бөлімінде осы мекеме жайлы түсініктемелер берілген:
а) бұл созылмалы психикалық аурулармен азап шегетін, күтуді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет етеьін мүгедектердің тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.
б) интернаттар ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
Интернаттың міндеттері мен қызметтері:
мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, олар үшін үйдің өміріне жақын, қолайлы жағдайларды құру;
тұратындарды күтуді ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу;
мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек реабилитациясына бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері барлық қалалық және аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде ашылған.
Бөлімдер өз жұмысында 1993 жылғы 17 қарашасындағы “Жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері туралы Ережесін” басшылыққа алады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері басқа да көмекті қажет ететін қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға қызмет көрсетумен айналысады. Бөлім 80-нен кем емес адамдарға қызмет көрсетеді.
Үйде қызмет көрсетуге психикалық, онкологиялық және инфекциялық аурулармен ауырмайтын бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт азаматтар, 1 және2 топтағы мүгедектер, қарт және мүгедектер арасынан ерлі зайыптылар қабылданады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері және соған қатысушылар, қаза тапқан әскери қызметшілер отбасының мүшелері, интернационалист-жауынгерлер бірінші кезекте қабылданады.
Жалғыз басты және жұмысқа жарамсыз азаматтар деп Заң жүзінде оларды асырауға міндетті жұмысқа жарамды балалары жоқтар есептелінеді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің негізгі қызметі:
Бөлімнің қызмет көрсету аймағында тұратын және бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау және есепке алу.
Жалғыз басты қарттарға шефтік көмек көрсету мақсатында соғыс және ардагерлері мен мүгедектердің бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен, Қызыл Крест комитетімен және ардагерлер Кеңесімен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасау.
Интернат үйлерге орналастыру үшін, қамқорлықты, қорғаншылықты анықтау үшін қажетті құжаттарды жиыстыруда көмек көрсету.
Жалғызбасты және жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қызметкерлермен әр түрлі қызмет түрлерін ұсыну.
Үйлеріне түскі тамақтарын, шала фабрикаттарды, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын және дәрі-дәрмектерді жеткізу.
Үй заттары мен киім-кешекті жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге апарыптапсыру және оны жеткізу.
Тиісті медициналық көмек көрсетілуіне, тұрақты жерін тазартуда, жөндеу жұмыстарына, пәтер ішіндегі сантехникалық жабдықтарды жөндеуге көмек көрсету.
Туған-туыстарға, жолдастарға хат жазысу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бір реттік тапсырмаларды орындау.
Үйде қызмет көрсетуді қажет ететіндер зейнеткердің жеке өтінішінің негізінде, осындай көмектің қажеттігі жөнінде медициналық мекеме қорытындысының және жалғыз тұрып жатқан қарт азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру мәліметтерінің негізінде облыстық, аудандық (қалалық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерінің шешімдері бойынша тіркеледі.
Ережеде бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселелері, іс жүргізудің ережелері, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа алу ережелері туралы айтылған.
4. Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері.
Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері өз жұмысын ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” заңының және бөлімдер туралы Ережесінің негізінде жүргізіледі.
ҚР-ның кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Ереже ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңына сәйкес кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін анықтайды және 10 бөлімнен тұрады:
Жалпы ережелер.
Басқа адамның күтімі мен көмегін керек ететін кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік қорытындысы бойынша көрсетіледі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру.
Негізгі міндеттер.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары.
Бұл бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары жөнінде жазылған.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің құқықтары.
Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерінің қызмет тәртібі мен шарттары.
Үйде қызмет көрсетуге қабылдау шарттары.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімін басқару.
Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.
Әлеуметтік көмек бөлімдерін қаржыландыру.
5. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары.
Өз жұмысында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16-сәуірдегі “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру туралы” Қаулысын басшылыққа алады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі” бекітілген, ереже 9 бөлімнен тұрады:
Жалпы ережелер. Орталықта тұруға құқылы адамдардың санаттары аталып, қай уақытқа дейін болатындығы көрсетілген.
Орталықтарды құру. Орталықтардың құрылу шарттары /100 мың адамнан астам халқы бар қалалар/. Орталықтар өз жұмыстарын денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарымен тығыз әрекеттестікте құрайды.
Орталықтардың жұмыс істеуінің жағдайы мен тәртібі.
Орталықта тұру барысында санитарлық нормаларды сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, жұмыс режимін және ішкі тәртіп ережесін сақтау.
Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары. Орталыққа адамдарды қабылдау еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша сөтке бойына жүргізіледі. Орталыққа қабылдамау айғақтары. Орталықта тұрып жатқан адамдардың міндеттері.
Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері.
Медициналық көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін медициналық көмектің түрлері.
Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру. Еңбекпен оңалтудың түрлері.
Орталықтарды қаржыландыру. Орталықтарды қаржыландыру көздері анықталған. Орталықты қаржыландыру жергілікті қаражаттың есебін және ҚР-ның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінен жүзеге асырылады.
Орталықтың қызметін бақылау. Орталықтың қызметін бақылау үшін облыс әкімдерінің шешімімен әкімшіліктің, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының, қоғамдық, діни және өзге де ұйымдардың өкілдерінен қамқорлық кеңестері құрылады.
Осы ереже белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.
Мүгедек балаларды әлеуметтік, творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы.
ҚР-ның 1991 жылғы “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалу туралы” Заңына сәйкес 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды қаласында мүгедек балаларға және олар тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсететін “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының жанында кемтар балаларды әлеуметтік , творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы жұмыс істей бастады. Орталық “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының Кеңесімен бекітілген Ереженің негізінде жұмыс істейді.
Орталықтың мақсаты және міндеттері:
-кемтар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі және шоғырлануы;
-бейімделмеген балалардың пайдасына оңалту мәселелері бойынша тиімді педагогикалық технологияларды жүзеге асыру;
-мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау көрсетумақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің күштерін біріктіру;
-үздіксіз білім мен тәрбие жүйесін жүзеге асыру;
-ҚР-ның “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңымен қарастырылған даму және оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеп, меңгеру;
-Орталықта мүгедек балалардың шығармашылық және кәсіптік дамуы және білім жүйесін әзірлеу және енгізу.
Бағдарламалардың мазмұны оңалту Орталыққа баратын кемтар балалардың жеке мүмкіндіктерімен психофизикалық даму ерекшеліктерінен әзірленеді.
Білімдік процесс коррекциялық педагогика саласындағы мамандармен жүзеге асырылады. Білімдік процестің қатысушылары болып педагогика қызметкерлері, мүгедек балалар және олардың ата-аналары табылады.
Әдебиеттер
Е.И. Холостова “Социальная работа: теория и практика” Москва, 2001
П.Д. Павленок “Основы социальной работы” Москва, 1997
Панов А.В. “Социальная работа как наука, вид профессиональная деятельности и специальности в системе высшего оброзования” Россиский журнал социальной работы, 1995 №1.
Энциклопедия социальной работы Т-1,3 Москва, 1993
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын таныстырған еді. Оның басты бағыты - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. Жаңа заң жобасында көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамастан төлеу ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |