1.Геоэкологиялық жоспарлаудың кезеңдерінің реттілігін орнатыңыз. Реттілікті 1-ден 3-ке дейінгі сандармен көрсетіп белгілеңіз
a) Әр түрлі табиғат ресурстарын пайдаланудың динамикасын талдау
b)Табиғат ресурстарына экономикалық баға беру
c) Белгілі бір аумақтағы табиғатты пайдалануды бағалау
[3]
2. Геоэкологияның зерттеу бағыттарын кластер түрінде көрсетіңіз Геоэкологияның бағыттары
[3]
3. Картаны пайдаланып, тұщы су жетіспеушілігі бойынша елдерді топтарға жіктеңіз
Қауіпсіз тұщы су қорына халықтың 1-25% қол жетімсіз 3 елді анықтаңыз ________________________________________________________________[1]
Қауіпсіз тұщы су қорына халықтың 26-50% қол жетімсіз 3 елді анықтаңыз ________________________________________________________________[1] Қауіпсіз тұщы су қорына халықтың 51-75% қол жетімсіз 3 елді анықтаңыз ________________________________________________________________[1] Қауіпсіз тұщы су қорына халықтың 76-100% қол жетімсіз 3 елді анықтаңыз_______________________________________________________[1]
4. Мәтінмен танысып, антропогенді факторларды топтастырып, графикалық түрде ұсыныңыз [3]
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға, топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жер жоқ деп айтуға болады. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы, фторлы сутек. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, калъций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Радиациялық ластанудың негізгі кездері – альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организмінде кездеседі.
Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасы бойынша аталған антропогенді фактордың түрлерімен ластанған аймақтардың мөлшерін (жоғары, орташа, аз) анықтаңыз.