№10. Зертханалық сабақ. Рефлексия - сабақтағы кері байланыс.
Мақсаты: Студенттер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
«Рефлексия» деген сөздің өзі «артқа қарау, көрсету» дегенді білдіретін «reflexio» деген көне латын сөзінен шыққан. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін – өзі тану, өз – өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.
Бүгінгі таңдағы мұғалім қызметіндегі педагогикалық үдерістегі рефлексия- өзін өзі бақылау, дамыту, сондай-ақ педагогикалық үдерістің оң және теріс жақтарының себептерін анықтауға, қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Педагогтық қызметте орындайтын функцияларына байланысты рефлексия негізгі үш нысанда қарастырылады. Олар: жағдайлық, ретроспективті және перспективті рефлексия болып табылады.
Жағдайлық рефлексия – «уәждеме» және өзін-өзі бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге асырылады.
Ретроспективті рефлексия – жүзеге асырылған іс әрекеттен кейінгі, орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады. Мұғалім өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін анықтайды.
Перспективті рефлексия – алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді жолдарды қарастыруды қамтиды.
Рефлексияның кәсіптік қызметтегі рөліне тоқталсақ:
біріншіден – кәсіптік қызметті меңгеру үшін;
екіншіден – кәсіптік қызметті меңгеру үдерісін бақылау және басқару;
үшіншіден – кәсіптік білім қызметінің шарттары өзгерген кезде;
төртіншіден – өзінің даму тетіктерінің негізі болып табылады.
Тапсырма 1. 7 сынып Информатика «Есептеуіш техникасының даму тарихы,даму буыны» тақырыбына рефлексиялық есеп дайындаңыз;
Тапсырма 2. 8 сынып Информатика «Сандарды позициялық санау жүйесіне көшіріңіз» тақырыбына рефлексиялық есеп дайындаңыз;
Тапсырма 3. 9 сынып Информатика «Қайталау операторы» тақырыбына рефлексиялық есеп дайындаңыз;
Тапсырма 4. 10 сынып Информатика «Операциялық жүйелер және олардың дамуы» тақырыбына рефлексиялық есеп дайындаңыз;
Тапсырма 5. 11 сынып Информатика «Операциялық жүйелер және олардың дамуы» тақырыбына рефлексиялық есеп дайындаңыз;