11 тақырып. Саяси жүйенің қызмет ету механизмі
1Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен қызметі
2 Саяси жүйенің жіктелуі
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Әдістемелік нұсқау.
Бірінші сұрақ бойынша:
- саяси жүйе туралы саясаттану ғылымындағы теорияларға назар аударыңыз.
Әсіресе, қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісін жасаған,
жүйелік-функционалдық мектептің негізін қалаушы Т.Парсонстың
қоғамды
зерттеудегі негізгі әдістемелік «жүйе» және «функция» ұғымдарын талдауы.
Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген
батыс саясаттанушысы
Д.Истонның саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін талдауы. «Кіріс», «шығыс»
принциптері.
Саяси
жүйенің
жүйешелері
(институционалдық,
функционалдық, нормативтік және т.б.) арқылы құрылымын талдаңыз.
Екінші сұрақ бойынша:
- саяси жүйенің жіктелуі туралы мәселені ғалымдар әр жақтан қарайды, яғни
олардың әр түрлі өлшемді(критерийді) пайдаланатындығына мән беру керек.
Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып оны құлдық,
феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп жіктейді.
Сонымен қатар, саяси жүйені саяси тәртібіне қарай (тоталитарлық,
авторитарлық, демократиялық) жіктеу мен
батыс саясаттанушыларының
(Ж.Блондель, Г.Алмонд) жіктеулерін және т.б. қарастырып сипаттама беріңіз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- Жоғарғы Советтің 1990 жылы 25 қазанда қабылдаған
декларациясы және
1991 жылғы Конституциялық заңның тарихи маңызы мен еліміздің
толық
тәуелсіздікке ие болуы туралы қарастыру керек.
Мемлекеттік тәуелсіздік
туралы Конституциялық заңының (16.12.1991) мәтінін мұқият оқып түсініп
алыңыз. 1990 жылғы Декларациямен салыстырыңыз.Сондай-ақ,еліміздің1993
және1995ж.ж. Конституциялары мен совет дәуірінде қабылданған 1978
жылғы Конституцияларға назар салыңыз.
- Еліміздегі билік жүйесінің ерекшеліктеріне терең мән беріп,
республиканың
басқару формасының артықшылықтарын айқындаңыз.
Қазақстандағы
биліктің бөлінуі: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі мен олардың билік
жүргізу
функцияларын талдап, қазіргі Конституциямызға (1995ж) жүргізіліп
жатқан реформаларға мұқият назар салыңыз.