Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет1/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1273728.pptx (1)

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты.

Тақырып:

Жоспар:

  • 1. «Жеке басқа табынудың» өз шыңына жетуі және республика қоғамдық-саяси өміріне «жылымықтың» ықпалы.
  • 2. Әлеуметтік-экономикалық және рухани «тоқырау». Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
  • 3. Кеңестік Қазақстандағы «қайта құру» саясаты: нәтижелері мен салдарлары.

Мақсаты:

  • ХХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың мақсаты мен қарама-қайшылықтарын және елдегі «Қайта құру» саясатын жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсету.
  • Негізгі түсініктер: халық шаруашылығын қалпына келтіру, Семей ядролық сынақ алаңы, «жеке басқа табынушылық», «жылымық», «қуғын-сүргін, ақтау, «Бекмаханов ісі», космополитизм, қайта құру, жариялылық, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету, плюрализм, шаруашылық есеп.
  •  
  • 1. Соғыстан кейін Кеңестер Одағы экономикалық жағынан әлсіреп шықты. 32 мың өндіріс орындары, 100 мың шамасындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары үлкен шығынға ұшырап, олардың көп бөлігі жойылып кетті.
  • 1710 қала және қала типтес поселкалар қирады. 70 мыңнан аса ауыл мен деревня жойылды. 25 млн. аса адам баспанасыз қалды. 27 млн. аса адам қаза тапты. 1945 жылдың 2 қыркүйегінде кеңес экономикасын конверсиялау және осы жылы солдаттарды армия қатарынан елге қайтару басталады. Соның нәтижесінде 1945-1948 жылдары армиядан 8,5 млн-дай адам жаппай мобилизацияланды.
  • Армиядан алғашқы кезекте инженер-мамандарды, мұғалім, агрономдарды босатты.
  • Әскери тапсырыстармен айналысқан көптеген зауыттар енді бейбіт өмірге бейімделген өнімдер шығара бастайды. Алайда соғыстың зардабы Қазақстан үшін өте ауыр болды. мысалы, зауыттар, фабрикалар және ауылшаруашылығындағы жұмыс күші жетіспеді.

Оның себептері:

  • 1) Соғыс жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне қайтты. 2) Көптеген қазақтар соғыстан қайтып оралмады және майданда қаза тапты. 1930-1933 жылдардағы аштық пен ұжымдастырудан кейін шаруалардың қырылуы республиканың ауыл шаруашылықты аудандарының босап қалуына әкелді.
  • Жұмысшы күшінің орнын толтыру үшін республикада еңбек резервтері училищелері мен мектептері құрыла бастайды. Оларды соғыстан оралғандар мен тұтқыннан босатылған репатрианттар толықтырды.
  • Мыңдаған қазақ жұмысшылары Ленинград пен Сталинградта, Брянск мен Донбасста, Солтүстік Кавказда, Украина мен Белоруссияда, КСРО-ның басқа да аймақтарында жұмыс жасады. Әсіресе өнеркәсіпті өнеркәсіпті қалпына келтіруге, цемент, болат прокатын өндіруге, түсті және қара металлургия құрал-жабдықтарын шығару, тау және көмір өнеркәсібін дамытуға үлкен көңіл аударылды. Қазақстанды индустриялық жағынан дамыту идеологиясы бұрынғыша қалыпта қалып, ауыл шаруашылығын дамытуға баса мән берілді. Бұған сонымен бірге қорғаныс қуатын арттыру мен дамыту қосылды. Қазақстан ірі әскери-өндірістік кешенге айнала бастайды. Елімізде әскери өнеркәсіп инфрақұрылымы, Семейдегі атом полигоны алаңы және басқа да әскери нысандар жұмыс жасайды.
  • Теміртау металлургиялық зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске кірісті. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді және Балқаш мыс балқыту зауыты мыс өнеркәсібін ұлғайтты. Қаратон және Мұнайлыда жаңа мұнай кеніштерін іске қосу мұнай өндіруді 1950 жылғы соғыс кезімен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қарату тау-кен комбинатының алғашқы кезеңі қатарға қосылды. 1954-1958 жылдары аралығында Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Семейде 730 өндіріс орындары мен цехтар салынып, пайдалануға берілді.
  • Жалпы, соғыс қазақ жеріне үлкен экономикалық зардаптарын тигізді. Отан соғысынан көптеген шығындарға ұшырап, материалдық, моральдық және рухани жағынан күйзеліп шыққан қазақ халқы соған қарамастан Кеңестер Одағы құрамындағы басқа да ұлттарға өз көмектерін аянбастан көрсетті. Бұның өзі қазақ халқының бауырмалдығын көрсетеді.
  • Қазақ халқының еңбекқорлығы, жер байлығы мен қойнауының ерекше пайдалы қазбаларға толы болғандығына байланысты еліміз соғыстан кейінгі жылдары индустриялы елге айнала бастайды. Алайда соған қарамастан, тәуелсіздік алғанға дейін тек шикізат өндірумен шектеліп, аграрлы сала басым болып қала берді.
  • Аталған кезеңдерде ауылдарда колхоз режимін қатайту шаралары жүрді. 1946-1949 жылдары соғыс жылдарындағы мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі кезінде жеке меншікке алынған шаруалардың жерлері қайтадан колхоздарға қайтарылды. 1948 жылы колхошылардан жеке малдары тартып алынды. Міндетті мемлекеттік алым 1940 жылғы деңгейде қалса да, оған мемлекеттің берген төлемі астықты өндіру құнының 15 пайызын ғана жабуға мүмкіндік берді.
  • 1947 жылғы ақша реформасы кәмпескелеу сипатында жүріп, ең алдымен ауыл шаруашылығына соққы болып тиді. Ақша ауқымы 3 есеге қысқарып, жаңа ақша айырбастау жүйесі жинақ кассаларына ірі ақша салушылар мен шаруаларды күйзелтті. 1947 жылы елде карточкалық жүйе жойылғанымен халыққа аштық қаупі төнеді.
  • 1950 жылы колхоздарды ірілендіру мақсатындағы жаңа ауыл шаруашылық реформалары жүрді. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоздар саны 1945 жылғы 6773-тен 1952 жылы 2047-ге дейін азайтылды. Бұл елді мекендердің жойылуына, шаруалардың жеке жер үлестерінің азаюына, натуралдық төлемнің қысқаруына әкеліп, ауылшаруашылығы жағдайының жақсаруына әсер етпеді. 1940-1950 жылдардағы КСРО-дағы аграрлық саясат нәтижесінде елде азық-түлік жағынан қайтадан қиыншылықтар туындайды. Қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы 1950 жылы 1940 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп болғанымен, осы аралықтағы баға да бұдан да артық, яғни 3 есеге көбейген болатын. Бұл шаруалардың сатып алушылық қабілетін төмендетті. Колхозшылар өз еңбектеріне қалалықтармен салыстырғанда 4 есе аз жалақы алды және ел бойынша еркін қозғалу (көшіп-қону) құқынан айрылады.
  • Қазақстан оккупация жасаған өңірлер мен Кеңестер Одағының басқа республикаларына көмек көрсетті. Ресубликада азық-түлік керуендері ұйымдастырылды. Әсіресе Сталинград, Ленинград, Украина, Белоруссия, Солтүстік Кавказ шаруаларына көмек көрсетілді. 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор мен басқа да ауыл шаруашылық машиналары, 140 паровоз, жүздеген ауыл шаруашылық машиналары жіберілді.
  • Неміс оккупациясынан зардап шеккен аудандарға жеңілдетілген бағамен жарты миллионнан астам ірі мүйізді қара мал, жылқы, қой сатылды. Одан бөлек, қайтарымсыз көмектер көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға 17,7 бас ірі қара, 27 мың шамасындағы жылқы, 350 мың қойды тегін берді. Кеңес үкіметі өз кзегінде қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениетіне үлкен көңіл аударды.
  • Соғыс жылдарындағы еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауға ұшырап еңбекшілердің құқы аяққа тапталды. Бұны біздер жоғарыда айтқан еңбекшілердің еңбек орнын тастап кете алмағандығынан көреміз. Аталған кезеңде Еуропа елдерінде еңбекшілерге зейнетақы беріп жатқан болса КСРО жұмысшылары зейнетақыны тек 1960 жылдардан кейін ғана көре алды;
  • Соған қарамастан қазақ халқы соғыстан кейінгі жылдары неміс шабуылынан зардап шеккен аудандарға көптеген мөлшердегі малды қайтарымсыз берді.
  • 1946-1950 жылдардағы төртінші бесжылдық жоспарды орындау нәтижесінде республикада болат прокаты, цемент, жасанды талшық, суперфосфат, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібіне арналған жабдықтар, соғу және машина жабдықтары өндірісі, ауылшаруашылық машиналары іске қосылды.
  • Қара металлургия үлкен дамуға ие болды. Теміртаудағы металлургиялық зауытта үш прокат пен екі мартен пеші, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. Түсті металлургияны дамытуға көп көңіл бөлінді. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кенішінің құрылысы жүріп жатты. Балқаш мыс қорыту зауытының қуаттылығын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Жезқазғандағы ең ірі мыс балқыту зауытының кешендері бой көтеріп, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегі іске қосылуға дайындалды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.
  • Жаңа мұнай кен орындары іске қосылды. Мұнайлы, Ембі алабы және басқа да кен орындарын іске қосу 1950 жылы соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда мұнай өндіруді 52%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
  • 1950 жылы электр энергиясын өндіру 1945 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы су электр станциясының №6, №7, №8 каскадтары, Тишин су электр стансасы, Құлсары электр стансаларына жоғары вольтты электр желілері тартылды. Жезқазған жылу электр стансасының құрылысы жалғастырылды. Қуат беретін жоғары вольтты желілер жүргізілді. Жүздеген ауылдық электростансалар қуат өндірді. Ақмолада бұрын жұмыс істеп тұрған «Қазақсельмаш» зауытының және Қарағандыдағы вагон жөндеу зауытының құрылысы аяқталды. Бесжылдықтың аяғында Қазақстанда машина жасаудың жалпы өнімінің көлемі оның басымен салыстырғанда екі есе өсті. Қаратау тау-кен химия комбинаты мен Жамбыл суперфосфат зауытының алғашқы кезегі іске қосылды. Қостанай жасанды талшық зауыты алғашқы тонна өнімін шығарды. Қарағанды ​​синтетикалық каучук зауытында екі цех іске қосылып, Ақтөбе химия зауыты кеңейді. Бұл жылдары жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды.
  • Семейдегі былғары-экстракт зауыты, Петропавлдағы «Комсомолка» тігін фабрикасы өнім шығара бастады, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар қалаларында тері өңдеу зауыттарының құрылысы аяқталды. Шымкентте мақта зауыты салынды. Бесжылдықтың аяғында республиканың жеңіл өнеркәсібінде 65 кәсіпорын жұмыс істеді. Кеңес халқының ерлік еңбегінің арқасында КСРО өнеркәсібі саласындағы төртінші бесжылдық мерзімінен бұрын төрт жыл үш айда орындалды.
  • Төртінші бесжылдықта республиканың халық шаруашылығына салынған қаржы соғыс кезеңімен салыстырғанда екі есе көп болды. Қаржы салу бойынша Қазақстан одақ бойынша үшінші орынға шықты. Бес жылда республикада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,69 есеге өсті. Соның нәтижесінде осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің қуатты индустриялық базасын құрды.
  • 1920-жылдардың басынан бастап – 1950 жылдарға дейін Қазақстанда да барлық КСРО мемлекеттері секілді қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе орнады. Аталған саяси жүйеге адам еркіндігін шектеу, адам құқын аяққа басу, еңбек адамдарының өндіріс құралдарын мемлекет пайдасына тартып алу тән болды.
  • Елде И.В.Сталиннің жеке басына табынушылық үстемдік құрды. Елдегі қателіктер мен жеткіліксіздіктер туралы айтылмады және кез-келген табыс Сталиннің есімімен байланыстырылды. Осы аталғандардың барлығы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына жағымсыз әсер етіп, ауыр зардаптарға әкеп соқты. Билік бабын пайдалану, заңды бұзу саяси ұрандарды пайдалана отырып жасалынды. Қалыптасып отырған саяси жүйе одан әрі өмір сүру қабілеттілігін жоғалтты.
  • 1948 жылдан бастап «Шығыстың реакцияшыл мәдениетіне табынушылықты жою» бойынша жаңа науқан басталып, ол кейіннен академик В.В.Бартольдтің өліміне соқтырған «комполиттерге» қарсы күрестің басталуына әкелді. В.В.Бартольдты араб, иран, қытай мәдениетіне табынуды бастады деп айыптады.
  • Қазақстан Коммун.партиясының «Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының жұмыстарындағы ірі саяси қателіктер туралы» арнайы қаулысына сәйкес ұлтшылдық және оны таратумен айналысты деген негізсіз айыппен Есмағамбет Исмаилов, М.Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қ.Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және т.б. айыпталды. Республиканың ірі тарихшысы Ә.Марғұланның ғылыми көзқарастары жалған деп айыпталып, Дулат Шортанбайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ғұмар Қарашевтің есімдерін атауға тиім салынып, еңбектері жойылады.
  • Ленниград пен Мәскеудегі «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісімен» қатар, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» деген жүріп жатты. Жас әрі талантты тарихшы Е.Бекмаханов белгілі кеңестік тарихшылар И.Кучкин, А.М.Панкратова, В.Д.Грековтер, Н.М.Дружининдермен бірге «Қазақ КСР тарихы» деп аталған ұжымдық еңбекті жасақтауға ат салысты. Аталған басылым 1943 жылы жарыққа шықты. Кітапта авторлар Ресей империясының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресін ұлт-азаттық деп қарастырды.
  • Отаршылыққа қарсы күреске бұндай бағаның берілуі шиеленіскен пікірталас туғызды және И.Сталин мен оның айналасындағылар (А.Жданов, А.Андреев) бұрынғы «Ресей халықтар түрмесі» қағидасын өзгертіп, оның орны «Ресей шет аймақтарда өркениеттілік роль атқарды» деп аталған нұсқаумен алмастырылды. Ол бойынша Ресей империясына қарсы болған кез-келген ұлт-азаттық қозғалыс реакциялық және ұлтшылдық деп бағалануға тиіс болды. Жергілікті жерлерде қорқыту және интеллигенцияны қуғындау жалғастырылды. 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталған монографиядағы Е.Бекмахановтың ғылыми көзқарастары буржуазиялық-ұлтшылдық, саяси зиянды, идеологиялық мәселелер бойынша партия шешімдеріне кереғар қағидаларға негізделген деп айыпталды. Осыған байланысты айыптаған бірқатар мақалалар жарыққа шыққаннан кейін т.ғ.д. Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, 1952 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Сотының соттық коллегиясының шешімімен алдымен өлім жазасына кесілді және ол кейіннен 25 жылға бас бостандығын айыру жазасымен ауыстырылды.
  • Алайда Е.Бекмахановты қорғауды академик А.М.Панкратова және басқа да адал адамдар жалғастыра берді. Тек қана И.В.Сталиннің өлімінен кейінгі түрмеден жазықсыз адамдар шыға бастағаннан соң Е.Бекмахановты айыптаған іс қайта қаралып, қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылады.
  • Бұл 1940ж. аяғы-1950 ж. басындағы жалғыз іс болмады. Қоғамтанушылар, биолог, медик, геолог ғалымдардың көпшілігі «негізсіз космополит» деп айыпталып, республиканың ЖОО-ры мен ғылым ордаларынан қуылды.
  • А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Исмаилов секілді белгілі ғалымдар саяси қудалауға ұшырады. Қазақ КСР ҒА-ның Президенті, академик Қ.Сәтпаев, атақты жазушы М.Әуезов Қазақстанды тастап, Мәскеуде жұмыс жасауға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет