12-дәріс. Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Мақсаты



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі43,86 Kb.
#15612
  1   2

12-дәріс. Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы түсінік беру

Жоспар

1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес органдары

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде реттеуші рөл атқара алатын діни және өзге моральдық нормалар.

3. Қоғамдық бақылау



4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саяси партиялар мен БАҚ рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Негізгі ұғымдар: қарсы күрес, іс-қимыл, діни, адамгершілік нормалары, жемқорлыққа қарсы заң, саяси партия
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында.

бағалайды. Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды. Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек (индекс CPI) [2], кез келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше, адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп атаған [3, 186–б.]. Адамдар бұны жақсы түсінеді, демек, сыбайлас жемқорлық және оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады. Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық: – қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық; – билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті; – адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді. Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар – олардың қайда пайда болғанына, қандай формацияда тамыр жайғанына және әлеуметтік норма белгілерін қашан иеленгеніне қарамастан тарихи тәжірибенің нәтижесі болып табылады.

Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды. Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды: – өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп; – азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі; – ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы; – мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу; – заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір. Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.

Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз

міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін

сақтауын қадағалауы [3].

Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен

бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін

бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың

құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік

органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі

нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.

Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

– қоғамның жетілуі;

– тәуелсіздік;

– адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;

– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің

жариялығы мен ашықтығы;

– мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік

қатынастар.

Қоғамдық бақылау:

1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін

бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген

институттарын басқару нысандары ретінде болады;

2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз

ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі

құралдарын білдіреді;

3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру

мен біріктіру әдісі болып табылады;

4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап

құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер

етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық

жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік

нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады;

5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан

жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады [4].

Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін

қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады.

Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде,

қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны

қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.

Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық

қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу

қажет.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл



саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл

жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:

– мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;

– қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;

– азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;

– мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және

сараптамалық органдарды құру.

Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау,

жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық

мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық

бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары

Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары

мыналар болып табылады:

– қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және

кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік

биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия

сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын

негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған

партияларға сенім білдіруден бас тартады;

– ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби

одақтар;


– мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту

үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы

бірлестіктер;

– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының

қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;

– сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау

заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.

Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін

азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ)

дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін

күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін

анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді,

мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде

заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды

болжай алар еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді

мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға

және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және

барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады.

Қоғамдық бақылау кезеңдері

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының

шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру

үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы

жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі

мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін

айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.

2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының

шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың

осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер

мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама

қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып

табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық

ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді.

3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға

жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында

мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету [5].

Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар

болғанда мүмкін болады:

– қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;

– ақпаратқа қол жетімділік;

– тәуелсіз БАҚ;

– мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру

маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық

пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен

мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін

құқықтық базаға ие болады.

Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына

ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау,

сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар

мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің

ілеспелігін қамтиды.

Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас

жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін

арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру,

қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық

проблемаларды бірлесіп шешуі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық

бақылаудың тиімдігі:

– азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен

адалдығы деңгейіне;

– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі

туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге.

Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және

дұрыс болып табылады;

– мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын

қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді

болады.


Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы

кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық

және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып

табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз

ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды

талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды

жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз

мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді

күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық

стратегиялық міндеттерді шешу қажет.

Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек

қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын

алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің

төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің

қалыптасуы басталды.

Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің

маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

(1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы»

(2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігін құру болды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның

аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік

қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын

іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады.

Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының,

мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып

келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық

фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы

интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер,

сенім телефондары ұйымдастырылған.

Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық

бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып

табылады деген қорытынды шығаруға болады:

1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген

қызығушылығы. Азаматтық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың

жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне

немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша,

уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар

азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы

келмейді.

2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі

бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың

әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды

орташа кластың болмауы.

3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс

түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын

танымдылықтың болмауы.

Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан

қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық

бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны құруға

талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық палатаның)

өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың

елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп

келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды.

Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында

қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты

бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі

уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде

екендігін куәландырады.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы

қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау

қажет:

1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз



ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау;

2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген

азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз

ету;


3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін

қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау;

4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік

қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу

жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған

мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды

іске асыру үшін бақылауды күшейту,

6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін

жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру;

қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың

қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда

орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға

арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс

жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының

мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу

кезінде ғана мүмкін болады.

Стратегияда:

– мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа

да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас

жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру

бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша

нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу;

– Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын

ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы

қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны

әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс

болып табылады.

Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды

заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын

айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық

бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар

қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен

олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар

болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы

қоғамдық бақылау тиімді болады.



Тірек сөздер: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл, қоғамдық бақылау тетігі..

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының бесінші кезеңі 2014 жылғы тамыздан басталады. 2014 жылғы тамызда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес [33], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, оған мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрды. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеруге және мемлекеттік аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді. Бұл ретте, алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басым бағыт болып табылады. Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бесінші кезеңінің басталуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы стандартын жетілдіруге және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді. Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты. Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды. Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған. Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты ісшараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды. Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, қоғамның мемлекет институттарына сенім деңгейін, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін жақсарту болуы тиіс. Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 2) қоғамдық бақылау институтын енгізу; 3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V [34], «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы [35], Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V [36], «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заң [37], олар «сыбайлас жемқорлық» түсінігін анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқын ажыратуға, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылықтың екі түрі үшін жауаптылықты: қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты қарастыруға, мемлекеттік қызметтің барлық субъектілерінің қызметіне азаматтық бақылау жүйесін енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда. Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдануда [1]. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін барлық қолда бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі және «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитеті сияқты партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды. Кеңестің міндеттері: 1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консультациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету; 2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру, 4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану; 5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу; 6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс. Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады: – мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу; – олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету; – әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру; – азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы болды. 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 58 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті. Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі. Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. «Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады. Барлық мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жұмыс режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде насихаттау және түсіндіру жұмысына айрықша назар аударылады, оның шеңберінде алуан түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, халықтың әртүрлі топтарының өкілдерімен кездесулер ғылыми практикалық конференциялар және сыбайлас жемқорлыққа арналған басқа да ісшаралар өткізіледі. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады. БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс [2]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз. «Нұр Отан» париясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бұл бағыттағы БАҚ басымдықтары белгіленді, атап айтқанда БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту мәселесі сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін әзірлеу және БАҚ-та жариялау, мемлекеттік органдарда, өңірлерде, салаларда, ұлттық холдингтердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылуға тиіс. Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау көрсету қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді, азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын іске асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің анықтығы үшін толық жауапты болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттің саяси, экономикалық стратегиясын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жария етудің белсенді құралы болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі. Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фактілерін объективті жариялау басылымға қызығушылықты арттырады, бұл өз кезегінде басылымның тиражына әсер етеді. Халыққа құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру саласындағы әртүрлі ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, кейбір ақпараттық басылымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарына қарсы күрес аспектілеріне назар аударады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша басты мақсаты ол бойынша ақпарат берушілік деңгейін жақсарту және қазіргі заманғы келеңсіз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық қатынасты өзгерту болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөледі. 60 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Тәуелсіз және экономикалық ашық кәсіби БАҚ тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады. БАҚ-тың толыққанды қызметі үшін бұқаралық ақпарат саласындағы құқықтық қатынастарды нормативтік реттеудің және БАҚ меншік иелері арасында ашық қатынастар орнатудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін ашық талқылау қажет. Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады. Бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер қоғамдық топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері мен заңсыз қызмет туралы ақпарат беруі, қазіргі проблемаларды талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң болып табылады. Құқық қорғау органдары мүмкіндігіне қарай мұндай жарияланымдарға ден қояды және күрес жүргізеді, нақты лауазымды адамдардың ісін қарап, тексереді. Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ресми сұрау салуларына ғана емес жарияланған және жан-жақты таратылған ақпаратқа да жауап беру міндетін білдіреді. Ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі қызметте шұғылдыққа, жалпы қол жетімділік пен ашықтыққа ықпал ететін Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін артыру бөлігінде іске асыру жұмысы тиісті материалдарды, оның ішінде республикалық БАҚ-та бірлескен ашық: «Коррупции – заслон», «Из зала суда», «Панорама событий», «Дата», «Оперативная часть» («Казахстанская правда» газеті), «Жемқорлык, індет, оны жою – міндет» («Егемен Қазақстан» газеті); «Коррупция», «Борьба с коррупцией», «Афера», «Криминал», «Взятка», «Мошенничество», «Правопорядок» («Экспресс К» газеті); «Сенген серкем...», «Есеп» («Айқын» газеті), «Штрафстоянка» («Караван» газеті) және т.б. айдарларда жариялау арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет