8 дәріс Тамырдың анатомиялық құрылысы Өркеннің морфологиялық жалпы сипаттамасы Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.
Тамырда экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген. Жанама тамырлар сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді. Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.
Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олар: 1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.
2.Өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді.
3. Д.А.Савинин, И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.
4.Тамырда қор заттары жиналады.
5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.
6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.
Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді.
Шығу тегіне қарай тамырлардың 3 типін ажыратамыз.
Олар:
Негізгі тамыр -Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі.
Қосалқы тамыр- Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары – түйнек,жуашық және тамырсабақтардан өсед
Жанама тамыр- Негізгі және қосалқы тамырардан бұтақтанудың екінші,үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырла өсіп шығады.
Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.
Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі, мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші, үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.