№13 бөбекжай бақшасының «Көбелек» тобының тәрбиешісі



Дата14.02.2023
өлшемі20,44 Kb.
#67644
Байланысты:
Пкірлер өзі


№13 бөбекжай – бақшасының
«Көбелек » тобының тәрбиешісі
Миллионова Ардақ Жаңабаевнаға
Пікір
Мен Рысбек Аяланың анасы Бейсалиева Мадина Армановна «Көбелек» тобының тәрбиешісі Миллионова Ардақ Жаңабаевнаға пікір білдіремін. Қызым Аяла аталған балабақшада 2022 жылдың сәуір айынан бастап осы топта тәрбиеленіп жатыр.
Ата – ана ретінде менің ең бірінші қалауым- ол тәрбиешiнiң жаксы болуы едi, содан кейін сол орта, тамақтануы, тазалығы, ұйыктайтын орны. Бұл қалауларымның бәрі жақсы жағынан шықты, ең бірінші тәрбиешіміздің еңбегіне мың алгыс айткым келеді,балалардың бәріне өз баласындай ерекше қарайды, бар жанын салады, неше түрлі қызық ойындар ойнатады, осы топқа келгенімізге өкінбеймін.
Миллионова Ардақ - білікті өз ісінің маманы.Тәрбиешінің әр сабағы бүлдіршіндердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы ұлттық дүниетанымын, ой-өрісін дамыта отырып, қызығушылығын арттырады, балаларға барлық күшін салып үйретеді.
Қызым тәрбиешісін жақсы көреді, балабақша ұнайды деп айтады, күнде жаңа нәрселер үйреніп келеді, билер, әндер, тақпақтар. Балабақшада түрлі мерекелік ертеңгіліктер өткізіледі. Ардақ Жаңабаевна сол іс – шараларға балалардың барлығын бірдей қатыстырып, түрлі өнерге баулиды.

Ата-ана: Бейсалиева М.А.

№13 бөбекжай – бақшасының
«Көбелек » тобының тәрбиешісі
Миллионова Ардақ Жаңабаевнаға


Пікір
№13 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, әріптесім Миллионова Ардақ Жаңабаевна
балабақшадағы жас бүлдіршіндерді білім шуағына бөлеп келеді.Өзінің сүйікті мамандығын жете меңгерген.
Өз білімін балаларға беруге аянбайды,оның әр бір оқу іс-әрекеті қызықты өтеді. Бұны балаларымыздың оқу іс-әрекетке деген қызығызушылығынан байқауға болады.Олай дейтін себебім,тобындағы тәрбиеленушілеріңің ерекше шығармашылық қабілеттерінен байқауға болады.Ата-аналармен тығыз байланысының арқасында топ ішінде нашар балалары жоқ.
Өзінің тек жақсы жақтарын көрсете білетін Ардақ Жаңабаевна өз мамандығының шебері ретінде өзінің біліктілік санатын жоғарылатуға жасап жатқан еңбегі лайықты деп сенім білдіремін.Мен әріптесім санатын қөтеруге лайықты деп сенемін.Баланың бабын тауып,тілін білетін білікті мамандар,әрине қашан да құрметке лайық.

Тәрбиеші: Масатбаева Ш.С.


№13 бөбекжай – бақшасының
«Көбелек » тобының тәрбиешісі
Миллионова Ардақ Жаңабаевнаға
Пікір
Миллионова Ардақ Жаңабаевна №13 бөбекжай-бақшасында 2016-шы жылдан бері тәрбиеші лауазымында қызметін атқарып келеді. Ардақ Жаңабаевна жұмыс барысында жалпы топпен, ондағы балалармен оңай және тез тіл табысуды, тығыз жұмыс жасап, балаларды ұйымдастыруда асқан шеберлік танытып келеді.
Ардақ Жаңабаевна балалардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін дәстүрден тыс сурет салу әдісінен бастап, жасанды полимерлі ермексаздармен жұмыс жасаудың ережелерін жақсы меңгерген. Осы мақсатта әрбір ұйымдастырылған іс-әрекетін ізденіс тұрғысында, бүгінгі әдістемелік талаптарға сай өткізеді.
Мінезі ашық, кішіпейіл, іскер, адамгершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы, ұқыпты.
Бөбекжай-бақша ішіндегі өткізілген мерекелік іс- шараларға қатысып, өз үлесін қоса білді. Жұмысқа жауапты, әр бастаған ісін соңына дейін жеткізеді. Ардақ Жаңабаевна өзіне талап қоя білген , балаларға өз жас ерекшелігіне сай пайдалы дағдыларды игеруге, балалардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен педагог.
Ата-аналардың,әріптестерінің пікірін ескере отырып Ардақ Жаңабаевнаның өз тобында, балаларға өте жайлы жағдай жасағаның көріп отырмын, ұлттық құндылықтарды кіші жастан бастап дәріптеп, балаларға қазақ дәстүрін насихаттап, оның ішінде: балаларды ойын кезінде көрпешелерге отырғызу, қуыршақтарды қазақ ертегілерінің кейіпкерлеріне түрлендіре отырып ойнатуы, ойын әрекеті кезінде көрнекіліктерін ою-өрнекпен әсемдеп фантазиясының ұшы –қиыры жоқ екенін көрсетті. Тәрбиеші үшін бұл теңеулер , болашағынан үміт күттірері анық.
Өзіне айтылған сынға дұрыс көзқарас білдіріп,қорытынды шығаруқа тырысады. Тәрбие беру жолында еңбек етіп жүрген Ардақ Жаңабаевна алдағы уақытта өзі тәжірибе алмасып, ,шебер сыныптарға қатысып , шыңдалып,үлгілі тәрбиеші болып,жақсы нәтижелерге жететініне сенімдімін.

№13 бөбекжай


бақшасының меңгерушісі: Тойшибекова Г.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет