Семинар-13
13. Тақырып. Әлеуметтік салық 1. Әлеуметтік салықтың салық салу ерекшеліктеріне экономикалық мазмұнына жалпы сипаттама.
2. Әлеуметтік салық ставкалары.
3. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.
4. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері.
Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері. Әлеуметтік салықтар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуымен байланысты дүниеге келді. Заңды және жеке тұлғалар төлейтін әлеуметтік салықтар мөлшерлемесінің ара қатынасы нақты бір елдегі қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты. Мыс., АҚШ-та жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер Зейнетақы қорына бірдей мөлшерде – 9%-дан төлейді. Қазақстанда 10%-дан аударады. Әлеуметтік салықты төлеушілер – елдің резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ елде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар. Резидент-заңды тұлғалар мен бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін кірістер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады.
Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,2%-ды (2008 ж.) құрады. Салық жұмыс істеген жылдары оның мөлшерлемелері өзгеріп отырды, әр түрлі салық телеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның мөлшерлемесі 21%-ға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектінің мөлшеріне қарай 13%-дан 5%-ға дейін жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Заңи тұлға-резиденттің шешімі бойынша оның құрылымдық белімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде карастырылуы мүмкін. Әлеуметтік салық бойынша салықтық есептемені есептеуді,төлеуді және табыс етуді: ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи түлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін; оңайлатылған мағлұмдама негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін салық заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып арнаулы салық режімдерін колданатын төлеушілер жүргізеді. Жұмыс берушінің материаядық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыскер-резиденттерге берген табыстарды қоса алғайда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар түріндегі оның, жұмыскер-бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сонымен бірге шетелдік персоналдың табыстары аталған төлеушілер үшін әлеуметтік салық салу объекті болып табылады. Егер жұмыскерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы Республиқалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні колданыста болған жалақынын ең төмен мөлшерінен төмен әлеуметтік салық салу объекті жалақының ең төменгі мөлшері негізінде анықталады. Мыналар: Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауга және кәсіпкерлік окуга байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын төлемдер; Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Респуликасы заңнамасында мемлекеттік стипендилар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар; қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; он алты жасқа толмаган балалар үшін балалар лагерлеріне жолдамалардын құны; жұмыс беруші өз жұмыскерлеріне міндетті және (немесе)жинактаушы сақтандыру келісім- шарттары бойынша төлейтін сақтық сыйақылары; әскери службаның міндеттерін аткарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесінің және мемлекеттік өртке қарсы службасының органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері службалық міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемақылардың барлық түрлері; экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан за- рдап шеккен азаматтарды әлеуметтік қоргау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төленетін төлемақылар; бюджеттік қаражаттар есебінен төленетін біржолғы төлемдер(еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа); өз жұмыскерлеріне міндетті және(немесе) жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтық сыйлықақылары; Жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті және кәсіби зейнетақы жарналары және т.б. табыстар, сондай-ақ: мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар; спорт жарыстарында, байкауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай марапаттар; ұйым таратылған немесе жұмыс берушінін қызметі тоқтатылған, жұмыскерлердің штат саны қысқартылған немесе жұмыскер әскери қызметке шақырылган жағдайларда еңбек келісімшарты бұзылган кезде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемдер; жұмыс берушінің жұмыскерлерге пайдаланылмаган еңбек демапысы үшін төлейтін етемдері; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары салықсалу объекті болып табылмайды. 2009 жылдан бастап әлеуметтік салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі. Арнаулы салық режімін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, өзі үшін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір жұмыскер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қаблетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді.Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық заңнамасында әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген. Әлеуметтік салықты төлеу, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепті токсаннан кейінгі айдың 25- інен кешіктірілмей жүргізіледі. Құрлымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы құрлымдық бөлімше жұмыскерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықты негізге ала отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленеген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. Есепті айда жоғарыда аталған әлеуметтік жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып түскен жағдайда асып түскен сома келесі айға ауыстырылады.