15%дық ерітіндіге



бет1/2
Дата07.09.2023
өлшемі136,63 Kb.
#106543
  1   2

1 нұсқа



  1. 50% ерітінді алу үшін 30 г 15%дық ерітіндіге неше грамм 75 % ерітінді қосу керек?

A)24 г B) 36 г C) 42 г D) 44 г
2. Егер 7 ☼ 3 = 30, 8 ☼ 7 = 45 және 5 ☼ 9 = 42 болса, онда 7 ☼ 4 өрнегінің мәні нешеге тең?
A) 30 B) 28 C) 33 D) 35

  1. 2; 7; ?; 17; 22; сан тізбегі белгілі заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды табыңыз.

А) 9 В) 11 С) 16 D) 12

  1. Атасы 58 жаста, оның баласы 32 жаста, немерелері 11 жаста, 7 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы баласы мен немерелернің жастарының қосындысына тең болады?

A) 3 B) 4 C) 6 D) 5
5. Қорапта 4 көк шар және 7 сары шар бар. Қораптың ішіне қарамай 2 сары шар алу үшін ең көп дегенде неше шар алу керек?
A) 4 B) 5 C) 6 D) 7
6. САХАР, ХАБАР, САУНА, БАНАН сөздерін төмендегі сандармен алмастыруға болса, Хабар сөзіне сәйкес болатын сан.
A) 51918 B) 91318 C) 31414 D) 51641

  1. Екі санның арифметикалық ортасы 13-ке тең. Егер сандардың бірі 19-ға тең болса, екіншісі неге тең екенін табыңыз.

A) 9 B) 5 C) 7 D) 8

  1. 7, 8, 5, 5, 6, 8, 9 сандарының медианасын тап

A) 5 B) 6 C) 7 D) 8
9. Пойыз Алматыдан 19 мамыр күні 15 сағ 50 минутта шығып, Ақтөбеге 21 мамыр күні 10 сағ 30 минутта келді. Пойыз Алматыдан Ақтөбеге дейін қанша уақыт жүрді?

    1. 40 сағ 50 мин B) 42 сағ 40 мин C) 45 сағ 50 мин D) 8 сағ 40 мин

  1. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 513 цифр пайдаланылды.Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден басталатын болса осы кітапта барлығы неше бет бар екенін табыңыз?

A) 108 B) 200 C) 207 D) 215

  1. Масштабы 1:60 000 000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 15 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығы неше километр?

А) 9000 км В) 2100 км С) 1200 км Д) 1020 км

  1. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз.

A) 10 B) 16 C) 20 D) 12

  1. Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру керек. Егер қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға болады?

А) 8 г B) 3 г C) 9 г D) 6 г

  1. Диаграммада 9 сынып оқушыларының сандық құрамы көрсетілген. Мектептегі барлық 9 сынып оқушыларының саны 100 болса, 9 «Б» және 9 «В» сыныптарында барлығы неше оқушы бар екенін табыңыз.


A) 53 B) 43 C) 60 D) 40

  1. Талғатта 7 көйлек және 5 галстук бар. Неше тәсілмен бір көйлек және бір галстук киюге болатынын табыңыз.

А) 35 В) 15 С) 11 Д) 12



  1. нұсқа

  1. Лақтырылған екі ойын сүйегінің жақтарындағы цифрларының қосындысы 11 болуының ықтималдығы қандай

А) 1/36 В) 3/36 С) 1/18 Д) 1/6

  1. Ұштары суреттегі A, B, C, D, E, F, G, H нүктелері болатын неше хорда жүргізуге болатынын анықтаңыз


A) 24 B) 32 C) 56 D) 28

  1. Жаңа логикалық амал төмендегі түрде ұсынылған: 𝑎 ⊕ 𝑏 =

3𝑎−7𝑏. Онда келесі өрнектің 2⊕3 мәні:
𝑏𝑎−𝑎𝑏
A) -15 B) 15 C) 6 D) -5

  1. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.



  1. 1 B) 3 C) 2 D) 6

  1. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 513 цифр пайдаланылды.Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден басталатын болса осы кітапта барлығы неше бет бар екенін табыңыз?

A) 108 B) 200 C) 207 D) 215

  1. Ардақ мектептегі кітапхана қоймасын жинастырып, ескі «Ұлан» газетінің қос бетін тауып алды. Егер қос беттің бір жағында 4 екінші жағында 25 нөмірі тұрса, «Ұлан» газетінің неше беттен тұрғанын анықтаңыз.

A) 32 B) 28 C) 29 D) 31

  1. Масштабы 1:60 000 000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 12 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығы неше километр?

А) 4800 км В) 5000 км С) 1200 км Д) 1020 км

  1. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.

A) 41 B) 36 C) 33 D) 45

  1. Проторас қаласының маңындағы теңіз суындағы тұз бен судың қатынасы 7:193 екені белгілі. Онда 1000 кг теңіз суында қанша кг тұз бар?

A) 35 B) 186 C) 193 D) 200

  1. Бір метр матаның алғашқы бағасы 800 тг. Матаның алғашқы бағасы бірінші рет 10%-ға, екінші ретте соңғы бағасы 20%-ға арзандады. 5 метр матаның соңғы бағасын табыңыз.

A) 3700 тг B) 3750 тг C) 3280 тг D) 2880 тг

  1. 80%-дық 200 г тұз ерітіндісімен 5%-дық 800 г тұз ерітінділерін қосқанда жаңа ерітіндіде тұздың мөлшері қандай болады?

  1. 10% B) 12% C) 15% D) 20%

  1. Таразының бір басында үш қалта қызанақ және әрқайсысы 2 кг болатын екі гир тасы бар, ал екінші басында осындай төрт қалта қызанақ және 1 кг болатын бір гир тасы жатыр. Егер таразы басы тең болып тұрған болса, онда бір қалта қызанақтың салмағын анықтаңыз.

А) 5 кг B) 3 кг C) 4 кг D) 1 кг

  1. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады?

A) 12 B) 9 C) 10 D) 8

  1. Қалтада 7 жасыл, 4 сары және 2 қызыл шар бар. Қалтаның ішіне қарамай 1 қызыл шар алу үшін ең көп дегенде неше шар алу керек?

A) 8 B) 10 C) 12 D) 9

  1. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.

A) 26 B) 34 C) 28 D) 25



  1. Нұсқа

1. Үш санның арифметикалық ортасы 3,2. Осы сандардың алғашқы екеуінің арифметикалық ортасы 2,85. Үшінші санды табыңдар.


А) 3 В) 3,7 С) 3,9 D) 4
2. 1,3; 1,4; 1,5; 1,6; 1,6; 2,0; 2,6; 3,2; 3,8; сандарының модасын табыңыз.
A) 1,6 B) 2,4 C) 2,0 D) 2,2
3. Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса, онда бүгіннен бастап санағанда 2017 күн аптаның қай күніне сәйкес келеді?
A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жексенбі

  1. Кестеде сурет көрмесіне кіретін билеттер құны мен жеңілдіктер көрсетілген. Кестені пайдаланып көрмеге келген 4 үлкен және 7 мектеп жасындағы баладан тұратын топ қанша ақша төлейді?

Адамдар

Бір билет құны

Топқа арналған жеңілдіктер

5-10
адам

10 адамнан артық

Үлкендерге
(18 жастан жоғары)

400 тг

5%



10%

Балаларға (5-17 жас)

200 тг

5 жасқа дейінгі балалар

тегін







  1. 3000 тг B) 2840 тг C) 2800 тг D) 2700 тг

  1. Атқыштың нысанаға оқты тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең. Ол нысанаға 2 рет оқ атты. Атқыштың нысанаға оқты 2 рет дәл тигізу ықтималдығы қандай?

А) 0,64 B) 0,62 C) 0,8 D) 0,16

  1. Заңдылықты анықтап, х-тің мәнін табыңыз.


A) 32 B) 37 C) 35 D) 33

  1. Айжан ойлаған үш санның қатынасы 3:7:8-ге тең. Егер сол үш санның кішісі үлкенінен 25-ке кем болса, ортаншысы қандай сан?

A) 14 B) 70 C) 35 D) 40

  1. 6- сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20- сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар?

А) 27 В) 28 С) 26 Д) 30

  1. Құйманың 80 %-ы алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300 г артық. Құйманың массасы қандай?

A) 1 кг B) 800 г C) 600 г D) 500 г

  1. 45 санын қандай да бір төрт сандардың қосындысы ретінде жіктеген. Ол төрт сан мынадай: бріншісі бір белгісіз санға алдымен 2-ні қосып, екіншісі сол белгісіз саннан 2-ні алып, үшіншісі сол белгісіз санды 2-ге көбейтіп, ал төртіншісі сол санды 2-ге бөлгендей бөлу керек. Белгісіз санды табыңыз.

A) 11 B) 5 C) 12 D) 10

  1. Қазір әкесінің жасы баласынан 10 есе үлкен, ал 10 жылдан кейін тек 4 есе ғана үлкен болады. Баласы неше жаста?

A) 1 B) 2 C) 3 D) 5

  1. Дорбада 4 ақ, 7 қара, 8 қызыл шар бар. Алынған шарлардың ішінде міндетті түрде 6 бірдей түсті шар болу үшін қарамай көп дегенде неше шар алу керек?

А) 7 B) 15 C) 12 D) 6

  1. 21829 санына сәйкес есімді табыңыз: 21427, 21829, 21627, 21721

A) Ардақ B) Арман C) Аржан D) Арнар

  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

A) 2 B) 3 C) 4 D)5 E) 6

  1. Кітапың алғашқы беті 3 цифрымен нөмірленген. Оның 241 беті неше цифрмен нөмірленген?

A) 599 B) 607 C) 613 D) 621


  1. нұсқа




  1. Шымкент пен Түркістан қалаларының арасы 150 км. Картада олардың арасы 30 см болса, масштабты табыңыз.

А) 1:5 В) 1:500 С) 1:5000 Д)1:500000

  1. Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір парағында 6-шы және 19-шы беттерінің болғанын көрдім. Газетте неше бет бар?

А) 15 В) 24 С) 19 Д) 17

  1. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

А) 6 В) 3 С) 4 D) 1

  1. Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы 2:3:5:8 қатынасындай. Бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 84-ке тең болса, екінші санда табыңыз.

A) 24 B) 36 C) 40 D) 45

  1. Педагогика бөлімінің студенттері арасында 40% студенттердің көру қабілеті төмен. Олардың 70% көзілдірік киеді, қалған 30% линза киеді. Көзілдірік киетін студенттердің саны 21. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

A) ) 30 адамның көру қабілеті төмен B) барлық адам 100 С) линза киетіндер, көзілдірік киетіндерден 3 есе кем Д) 30 адамның көру қабілеті жақсы

  1. Құрамындағы тұз 40% болатын 600г ерітіндіден осы тұздың 12 проценттік ерітіндісін алу үшін оған қанша су құю керек?

A) 2400 г B) 1800 г C) 1400 г D) 1200 г

  1. Бастапқыда би мектебінде 39 бала және 23 қыз шұғылданған. Әр апта сайын мектепке 6 жаңа бала және 8 қыз келеді. Балалар мен қыздар саны теңескенде, осы мектепте неше оқушы болады?

A) 144 B) 154 C) 164 D) 174

  1. 13 жылдан кейін төрт баланың жасы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың жасының қосындысы қанша болады?

A) 77 B) 84 C) 97 D) 73

  1. Сумкада 3 ақ, 3 қара, 4 көк түсті қарындаштар бар. Қараңғыда ең кемінде неше қарындаш алса, олардан бірдей түсті екі қарындаш міндетті түрде болу мүмкіндігін табыңыз.

A) 7 B)8 C) 4 D) 5

  1. Сегіз санның арифметикалық ортасы 100-ге тең, ал басқа алты санның арифметикалық ортасы 72. Аталған барлық санның арифметикалық ортасын табыңыз.

А) 78 В) 88 С) 77 D) 84



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет