«18» 04. 2022 жыл Дағдылар: «Коммуникативтік дағды»



Дата21.04.2023
өлшемі22,61 Kb.
#85215

«Бекітемін»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
№20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КМҚК
директоры _____________ В.А.Аубакирова
«18» 04.2022 жыл

Дағдылар: «Коммуникативтік дағды», «Шығармашылық дағды», «Әлеуметтік-эмоционалды дағды» «Танымдық дағды»
Кіріктірілген іс әрекеттер:Сөйлеуді дамыту,сауат ашу негіздері, сурет,қмтқ
Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбы:«Не білдік?,Не үйрендік?»
Мақсаты: Балаларға жыл бойындағы оқылған материалдарды қайталау,пысықтау,білімді бекіту.Тіл байлығын дамыту,сөйлеу мәдениетіне тірбиелеу,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тапсырмалар арқылы балалардың танымдық-зияткерлік, жылдам ойлап, ұтқыр жауап бере алу дағдыларын жетілдіру.
Балалардың әлемнің тұтас бейнесін түсініп, қиял шығармашылықтарын арттыру үшін,бейнелеу дағдысын меңгертудегі әдістің дәстрүрден тыс түрін қолдану.
Сөздерді буынға бөлу арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату дағдыларын ары қарай жетілдіру.
Балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Қолданылған көрнекіліктер: әр түрлі суреттер,ермексаз ,ватман,
Кіріспе бөлім:
Балалар сендер осы балабақшадан кейін қайда барасыңдар?(мектепке) ,дұрыс айтасыңдар.Олай болса қараңдаршы бізге бүгін қонаққа, мектептен арнайы сендердің білімдеріңді тексеру үшін арнайы маман келіп отыр екен. (маманға сөз беру,жолдама алып келу.)Жақсы балалар олай болса біз тапсырмаларымызды орындауға кірісейік.
Негізгі бөлім:
1 Дамытушы ойын «Ойлан тап »
Тәрбиеші:

  • Балалалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы әр түрлі суреттер таратып беремін сендер қазір музыка ойналған кезде ,әркім өз жұптарыңмен барып тұра қалуларың керек ұғынықты ма?(музыка қосылат балалар өз жұптарымен тұра қалады)

Тәрбиеші:
1-топ

  • Қыста қандай өзгерістер болады?( күн суытат,қар жауат т\б)

  • Қыс мезгілі ұнай ма? (әрине)

  • Сендер қыс мезгілінде қандай ойын ойнайсыңдар?( шаңғы тебеміз,аққала жасаймыз т\б)

  • Қыста қандай мереке бар? (жаңа жыл,тәуелсіздік)

  • Қыс туралы кім тақпақ біледі? (Мадина Абай атамыздың тақпағын айтып беру)

2-топ

  • Көктем мезгілінің айларын атап беріңдер? (наурыз,сәуір,мамыр)

  • Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?( құстар жылы жаққтан ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады т\б)

  • Көктемде ең алғашқы гүл қандай?(бәйшешек гүлі)

  • Көктемде қандай мерекелер болады?(аналар мерекесі,наурыз)

3-топ

  • Ал,жазда табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн ысытады,әдемі гүлдер шығады т\б)

  • Жаз айларын кім біледі? (маусым,шілде,тамыз)

4топ

  • Ал,күз табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн суытатысытады т\б)

  • Күз айларын кім біледі? (қыркүйек,қазан,қараша)

  • Күз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?(К) дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз келесі тапсырмамызға көшейік.

2 «Сөз ойла көп,ойла»

  • Балалар,біздер әріптерді, жазуды,сөздерді оқуды қай пәннен үйрендік?(сауат ашу)

  • Жақсы

  • Сөздер нелерден құралған? (Әріптер мен дыбыстардан).

  • Барлық әріптер мен дыбыстар қайда жинақталған (Әліпбиде).

  • Әліпбидегі дыбыстар мен әріптер қандай түрлерге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз).

  • Дауысты, дауыссыз дыбыстарды біз қандай түстермен белгілейміз? (көк, қызыл текшелермен).

  • Ендеше балалар сендердің алдарыңда стакандар тұр,ол стакандарда өздерің көріп тұрғандай нелер жазылған?(дыбыстар),дұрыс әріптер сондайақ алдарңда әр түрлі суреттер жатыр .Ендігі сендерге беретін тапсырмам осы стакандардағы әріптерге байланысты суреттерді салып, стакандағы суретерге дыбыстық талдау,мысал т\б орындату.

  • Ал Мадина сенің стаканыңда қандай суреттер бар?( менде М дыбысы мысал мысық,моншақ т\б.

  • Оның ішінде нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз? (үшеу дауыссыз,екеу дауысты)

  • Ал енді осы мысықт сөзіне сөйлем құраш(менің үйімде мысығым бар)

  • Ендігі кезек екінші бала ,қанекей сендернде қандай сурет шыққан?(ғарыш)

  • Бұл жерде неше дыбыс бар екен ( бес дыбыс бар)

  • Оның ішінде нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз? (үшеу дауыссыз,екеу дауысты)

Ғарыш сөзіне буынға бөл
3«Қызықты есеп»
Балалар жарайсыңдар.Олай болса қазір сендердің білімдеріңді одан ары тексеру үшін шағын есептер шығарайық.
2+2=4
5+3=8
9+1=10
7+4=11 т\б .Ал балал қараңдаршы осы біздің балықтарымыз ненің үстінде жатыр(текемет) ,әрине ал текеметтің төрт жағында нелер бинеленген?Оюлар ал олай болса,қазір сендермен мына үстелдің үстінде тұрған текеметті саусақтарымыздың көмегімен ,әдемі етіп бояп берейік.
4«Текеметті боя»
Ватмананың бетіндегі әдемі оюларды ,ермексазбен бояу
Тәрбиеші:
Рефлекция:
Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетті қорытындылайық.Ал енді.Сандуғаш апай өзіңіз балалардың білімдерін көрдіңіз,ендігі өз жолдамаңызды балаларға табыстасаңыз..

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет