1916 жылғы Жетісу жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыс



Дата02.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#132456







1916 жылғы Жетісу жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыс



















[Реферат]

[Медицина 102 топ]
Орындаған: Жігітбай Ақнұр
Қабылдаған: Урустембаева Жазира
















1916 жылғы патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы шыққан жергілікті халықтың ұлт-азаттық қозғалысы.




Көтеріліс себебі:



  • 1 дүниежүзілік соғыста жеңіле бастаған Ресей патшасы 2 Николай 1916 жылы 25 маусымда империяны қысылшаң жағдайдан құтқару үшін қазақтарды, өзбектерді, тәжіктерді, түркмендерді, дүнгендер мен ұйғырларды майдандағы қара жұмысықа алу жөніндегі жарлық шығаруы; Бұл жарлықты орындаудан бастартқандарды түрмеге отырғызды немесе айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды.

  • Майдан қажеттіліктерін жергілікті халықтан мал басын мәжбүрлі түрде жаппай реквизициялау (арзанға);

Тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40,899,044 пұт мақта ; 38 мың шаршы метр киіз ; 3 илг пұт мақта майы ; 229 мың пұт сабын , 300 мың пұт ет ; 473,928 пұт балық ; 70 мың жылқы ; 12 мыңға жуық түйе күштеп алынды.

  • Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді;

  • Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина болатын ең шұрайлы жерлерін тартып алды, жергілікті халық таулар мен шөл далаға көшуге мәжбүр болды;

  • Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға , кулак шаруашылыұтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

  • Азық-түлік бағасы екі-үш есе қымбаттады




Патшаны 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі жарлық халықтың шыдамын тауысады
Жарлық бойынша: Түркістанм мен Дала өлкесінен майданға окуп қазуға 400 мың , соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Өазаөтардың тууы туралы куәлігі жоқтығын пайдаланып , болыстық басқармалар мен ауыл старшындарының жастарының асқандығына қараамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге» қосты, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп , әскерге жібермеудің амалын жасайды. Мәселен 60 жастағы кедей шалдарды 30 жаста деп жазып , 25-30 жастағы бай балаларын 50 жаста деп жазады.


Көтеріліске деген көзқарас:
Бір мәнді болған жоқ. Бай-феодалдардың бір бөлігі , жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап , оны орындауға шақырды. Қазақ интелегенциясының кебірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып , оны орындауға қарсылық көрсетуге шақырса, «Қазақ» газеті төңірегіндегі зиялылар (Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және т.б. ) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп , сабыр сақтауға шақырды.Стихиялық халық көтерілісінен Алаш көсемдері бөлініп қалды. Қазақ жігіттері майданға окуп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас көз болып , кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхан өзі бастаған қазақ зиялыларымен бірге майданға (реквизицияланғандармен) аттанды.Олай жасамағанда сауатсыз , орыс тілін білмейтін , түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.

1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің аса ірі орталығы болған – Жетісу жері еді.
Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент-Ташкент болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталады. Сол жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырым- дай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы казак халкынын өкілдері съезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралары колданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп казу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім кабылданды.
10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерін- де де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінен көп адам катыск- ан съезд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мың- дай адам катысты. Съезге катысушылар да «октын астына барғанша осында өлген артық» деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыста- рында жаппай бас көтерулер басталды. Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мынга тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шы- ғыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыста- ры казактарынын Самса станицасы манында біріккен бас көтеруі басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауыс- ты. Верный-Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішпекпен және Пржеваль- скімен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин. Ол халыктар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, со- ғыстың халыкка карсы сипатын түсіндірді, үстем феодал- байлар тобынын саткындык рөлін әшкерелеп, патша жар- лығын орындамауға шақырды. 1916 жылғы тамыздын бас кезінде революциялық қызметі үшін ол камауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрядтарға, сонымен бірге, Бек- болат Әшекеев, Нүрке Сатыбеков, Жәменке Мәмбетов, Ұзақ Саурыков (Қарқара), Ақкөз Қосақов /Мерке/ және баска да көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу облысындағы, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азиянын баска да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілігін катты абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткин «ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды талап етті. Жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге карсы күресу үшін, тұрғылықты халык арасындағы рулык және тайпалық кайшылықтарды пайдалануды ұсынды.Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер» деген тактикасын кеңінен қолданады.
Көтерілісшілерге карсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарактандырылып, арнайы жасақталган жазалаушы әскер- лер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери-далалық соттар уйымдастырылды. Түр- кістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына уш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, казактардын бес жүздігі және 14 зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан казак-орыс батареясы және екі пулемет командасы бар екі орыс-казак полкі келтірілді.
Көтерілісшілерге карсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен калаларда «күдіктілердің» бәрін жаппай түткынга алын- ганына, ал әскери-дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығарғанына карамастан, патша әкімшілігі көте- рілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтері лісшілер қорғанып қана қоймай, кейбір жерлерде шабуыл- ға да шығып отырды. Токмак каласы төңірегінде, Жаркент уезінің кейбір селоларында (Таврическое, Владиславское, Мещерское, Красноярское, Новокиевское) күшті шайкас- тар жүрді. Ұзынағаш селосынан тауга жакын жерде Жайы- лымыс болысының көтерілісшілері мен подполковник Ба- зилевичтің жазалаушы отрядтарының арасында шайқастар жүрді. Алайда, көтерілісшілер саны көп және техникалық жағынан басым патша әскерлерін жене алмады.
Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылғы кыркуй- ектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің манында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, калгандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 жыл- ғы казанда басып-жаншылды.
Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халыкты да жазалады. Ондаған қазақ және кыргыз ауылдары киратылды. Олардын малын айдап әкетті, мүлкін талан-таражға салды. Патша әскерлері қудалаған 300 мың- нан астам казактар мен кыргыздар туган жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболатты дарға асып өлтірді.


Сотсыз-тергеусіз атылғандарды, жазалаушылар мен кулак отрядтарынын қолынан қаза тапқандарды есепте мегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойын- ша гана Түркістан өлкесінде 1917 жылғы 1 ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстар- ға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916 жылы халык көтерілісі сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарында және Бөкей ордасында камтыды.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басқа да кезеңдерімен қатар 1916 жылғы көтерілістердің әр түрлі мәселелері де ауызша тарих айту дәстүрі туындыларында кең көрініс тапқан. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы Қазақстанның түпкір-түпкірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер жайындағы әңгімелер, өлеңдер, жырлар халық жадында сақталып, бізге дейін жеткен. Мұның өзі ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының халықты дүр сілкіндірген оқиғаларға байланысты қалыптасатындығын тағы да дәлелдейді.
Мәселен, Жетісудағы көтерілісті басқарған Бекболат Әшекеевке арналған «Бекболат» атты жырда патша жарлығынан кейінгі ауылдың ахуалы былай көрсетілген:
...Даланы қара бұлт басты,
Найзағай ойнап, от шашты.
Жым-жырт жатқан сахара,
Басқандай болды албасты.
Зілді кезең кездесіп,
Кәрі, жастан сұр қашты,
Жарлығы шығып патшаның,
Ел сенделді, ер састы.
Ежелгі кек оянып,
Көтеріліп жұрт дуласты .


Патша жарлығы халыққа төбеден жай түскендей әсер етті. Жер-жерде наразылықтар көбейді. Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеу­ніктерге бас салып «адам бермейміз!» деп айқайлап, оларды ұрып-соқты .


...Біреу олай сөйледі,
Біреу былай сөйледі:
-Баланы қолдан бергенше,
Қасірет, қайғы көргенше,
Патшаға қарсы тұрамыз.
Өлсек, шәйт боламыз, -


деп серттесті [3]. Бірте-бірте қарапайым қарсы­лық қа­рулы көтеріліске ұласып, ұлт-азаттық сипат алып, Же­тісу, Сырдария, Ақмола, Семей, Торғай обылыстарын және т.б. аудандарды қамтыды. Ғылыми әдебиетте 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілістері құжаттар негізінде жан-жақты зерттеліп, өз бағасын алды [4].


Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қар­сылық шілде-тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза сүңгілермен, қылыш, шоқпар­лармен, жекелеген қарапайым аңшылық мылтықтар­мен қаруланған сарбаздар жасақтары ұйымдастырылды. Жетісудың Жаркент, Верный, Лепсі уездеріндегі кө­те­ріліс ошақтарына Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәм­бетов, Ұзақ Саурықов, Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір және Жақыпберді Солтанбекұлдары, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар, т.б.жетекшілік жасады .


«Бекболат» жырында қазақтардың жарлықты орындамауға бел байлаған шешімдері жайында патша ұлықтарының Жетісу облысының әскери губернаторы М.Фольбаумға баяндағаны былай көрсетілген:


«Сұры жаман қазақты»,
Көздерімен көргенін,
Патшаға жігіт бергенше,
Жақсы көрер қырылып,
Өз жерінде өлгенін,
Жолықты бізге көп қазақ,
Жайнаған оттай шоқ қазақ.
Ауыл сайын біз бардық,
Ықыласы жоқ қазақ.
Палбаум,тақсыр,жанарал!
Қазақ әскер бермейді,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Қанға былғар қолдарын,
Беруге қимай ұлдарын,
Көзім көрді көп қазақ
Баталасып тұрғанын .


Одан әрі жырда қазақтардың патша жазалау­шыларына қарсы тұру үшін қолына түскен қарулармен қарулана бастағандығы айтылған...Шілде айының бас кезінде толқулар Верный уезінің Батыс және оңтүстік бөліктерін де қамтыды, оларда көтерілісшілерге Бек­болат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ақкөз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.
1916 жылы жасы 70-тен асып кеткен Бекболат Әшекеев Жайылмыш болысы көтерілісшілерінің үлкен жасағын басқарды[7]. «Бекболат» жырында бұл жағдай былай сипатталады:


Жұрт жиылды айқайлап,
Ырым қылып өзінше,
Бір ағашқа ту байлап,
Көп халайық көтерді,
Бекболатты бас сайлап... [8]


Өз адамдарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады [9].


Сол уақытта ұрыстың,
Басталар кезі дәл болды.
Біреудің біреу малына,
Ие болар күн болды.
Патша әскері қазаққа,
Күйік болар күн болды.
Айдағаны әскердің
Түйе болар күн болды.
Үсті-басы қазақтың,
Шие болар күн болды .


Қарулары сақадай жазалаушылардан көтеріліс­шілер жеңіліп, Бекболат және басқа да көтеріліс басшылары қолға түседі. Бекболат бар күнәні өз мойнына алады. «Көтерілістің басшылары, бірінші кезекте Б.Әшекеев қиын міндетті шешуге тиіс болды: не Қытайға кету керек еді, онда патша жендеттері олардың туыстарын жазалай бастайтын еді, не туыстары мен ауылдастарын құтқару үшін патша жендеттерінің қолына өз еркімен беріліп, бүкіл кінәні өз мойнына алуы қажет еді. Бекболат соңғысын таңдады» [11].


...Қазақтан талай кісі шығын болды,
Жүз елу жылқы жауға тығын болды.
...Әуелі Бекболатты әкетті айдап,
Ат үстінде аяқ қолын байлап,
Артынан қалғандарын қоса айдап,
Бейшара түсті қолға соры қайнап, -


деп, Бекболаттан жауап алуы, оның жолдастарын ұстап бермей, бар ауыртпалықты өзі көтеруі соңында патша жендеттерінің Бекболатты дарға асуы баяндалған.
Атты казак орыстар,
Қамап алып келеді.
...Көк мылтықты көпіртіп,
Көкке қарап келеді.
Ер Бекболат сияқты,
Бекке қарап келеді.
Бекболат ер ашулы,
Шетке қарап келеді.
Елден адам бар болса,
Сәлем айтсам жұртыма,
Деп те қарап келеді.
Дар түбіне барады,
Жан-жағына қарады.
Ауылдасы Мұстафа,
Дереу келе қалады,
Көзіне жас алады.
Абдоллаға сәлем де,
Танырсыз менің баламды.
Басқа сөзге уақыт жоқ,
Мойныма арқан салады... -


деп , көрсетілген жырда. Халық Бекболаттың ерлігіне сүйсініп, ел басына түскен қиын жағдайға күйініп, ІІ Николай патшаны даттайды. Жырдың «Жайылмыштың кемпірлерінің жылағаны» деп атал­ған бөлігінде:
Біз де адамнан туып едік,


Адамбыз деп жүріп едік.
Сарала шенді шошқаға
Қандай күнә қылып едік?
Алым бермей қойдық па?
Малын бермей қойдық ба?
Сендердің де біздей болып,
Бала-шағаң шуласын,
Үстіңдегі патшаң
Апиын жеп уласын, -
деп , халықтың ашу-кегі сипатталған.


1916 ж. Жетісуда болған ұлт-азаттық көтерілістің ауызша тарих айту дәстүрінде көрініс табуын акаде­мик К.Нұрпейіс былай деп баяндайды: «Қыркүйек пен қазан айының басында Жетісу көтерілісшілері жеңіліс тапты, олардың айтарлықтай бөлігі күші ба­сым жазалаушылармен табан тіресе шайқаса оты­рып, батыс Қытайдың Шыңжаң өлкесіне өтуге мәж­бүр болды. Қытай ауып кеткендердің көпшілігі шека­ралық өңірді мекендеген Ұлы жүздің Албан, Суан, Орта жүздің Найман, Керей тайпаларының, қырғыз­дардың албандармен жапсарлас қоныстанған Бұғы тайпасының 300 мыңнан астам өкілдері еді. Қанды оқи­ғалардың куәгерлері болған Албан тайпасынан шық­­қан Көдек Маралбайұлы, Бөлтірік Атыхан­ұлы, Әбен Атамқұлұлы сынды ақындардың халық­тың жадында жатталып, кейінгі ұрпақтарға жеткен өлең-жырларында сол кездің тарихи шындығы тайға таңба басқандай суреттелген [15]. Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» деген жырында:
Сойылы бар батырдың
Талайын атқан оқпенен,
Жапалақтай жығылған,
Сай-салада тығылған.
Қызыл жоса,қырман боп,
Қырылдық жаман шыбыннан.
Албанның қасқа қайсары
Серікбай, Ұзақ, Жәмеңке -
Бәрі он екі кісі еді,
Қарақолға бет алып,
Қара жолмен шұбырған [16].


Айтылмыш ақындар патша жендеттерінің соққы­сына шыдамай халықтың үдере көшуін «үркін», «үр­ке қашу» деп анықтаған. Осы ұлттық қасіретті сурет­те­ген өлең-жырлардың біразын ХХ ғасырдың 20-жыл­дарында көтеріліс болған Жетісу аймақтарын әдейі аралаған Ілияс Жансүгіров хатқа түсіріп кеткен екен. Содан бері көптеген жылдар мұрағат қорларында жатқан Ілекеңнің қолжазбасы кейінгі жылдары оның шығармашылық мұрасын зерттеушілерге белгілі болды...


Жоғарыда есімдері аталған ақындар 1916 ж. к­ө­терілістің куәгерлері ғана емес, оған тікелей ара­ласқан, сол үшін патшалық билік жүйесі тарапынан кезінде қуғын-сүргін көрген жандар еді...Олардың біз­ге жеткен өлең-жырлары Жетісудағы көте­рілістің негізінен Қарқара ошағының (тарихта Ал­бан көтерілісі, кейбір мұрағат құжаттарында «Ал­бан-Бұғы көтерілісі» аталған) тарихынан сыр шертеді. Оның бас­та­луы мен барысы, жеңіліс табуы, көтеріліске жетек­шілік еткен айтулы тұлғалар, тірі қалған көтері­лісшілердің Қытай ауып кетуі жөнінде аса құнды мәліметтер сақталған».
Бөлтірік Атыханұлы қысым көрген жұрттың Қытайға үдере көшуін былай суреттейді:


Ел күңіріне үріккенде
Кеулей қашып жөнелдік.
Атадан қалған қой, жылқы
Тимей қашып жөнелдік.
Тіккен үйді тенкейтіп
Кірмей қашып жөнелдік.
Екі жеңін шапанның
Кимей қашып жөнелдік.
О қашқаннан бардық та
Қытайға барып тығылдық
Аяғын құшып қалмақтың
Жалынып, жарбап жығылдық, -


деп сол кезеңнің жағдайы анық суреттелген.


Осылайша халық жадында 1916 жылғы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі оқи­­ға­лары сақталып, ауызша тарих айту дәстүрі туындыла­ры арқылы бізге жеткен. Бұл деректердің маңыздылығы болған оқиғаларға халықтың берген бағасымен та­нысуға мүмкіндік аламыз.
«Қазақ тарихы» журналынан алынды.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет