1916 жылғы ұлт-азаттық революция



Дата06.01.2022
өлшемі5,08 Mb.
#16763
Байланысты:
1916ж ұлт азаттық көтеріліс.Асқарбек Ақмади

  • Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи маңызы.
  • Асқарбек Ақмади

1916 жылғы ұлт-азаттық революция

  • Алғышарттары:
  • Қоныстандыру саясаты;
  • Жер мәселесі;
  • Соғыс салығы;
  • 1907-1912 жылдары 2 млн 400 мың адам қоныстандырылды.
  • 1916 жылы қазақтардан 40 млн гектар жер алынды
  • 1917 жылы “Қоныстандыру қоры” 45. 147765 десятина тартып алды
  • Әрбір қоныстанушыға – 3,17 десятина жер берді
  • Әрбір жергілікті тұрғынға -0,21 десятина жер бөлінді.
  • Басталу себебі:
  • 1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығы шықты
  • Қазақ зиялыларының екіге бөлінуі:
  • Революцияшыл топ өкілдері қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов)
  • Либералдық-демократиялық зиялылар патша үкіметімен келісуге шақырды. (Т. Рысқұлов, Т. Бокин)
  • Көтеріліс аумағы:
  • Жетісу- Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, М. Мәмбетов, А. Қосақов
  • Торғай –Ә. Жангелдин, А. Иманов
  • Орал облысы мен Бөкей Ордасы-С. Меңдешев, Ә. Әйтиев
  • Маңғыстау- Ж. Мыңбаев
  • Ақтөбе- Ә. Майкөтов
  • Қазақстандағы “1916 жылғы ұлт-азаттық” революциясының картасы
  • Жетісу көтерілісі
  • Жетекшілері
  • Барысы
  • Революцияның ірі ошағы 5 мың көтерілісші қатысқан Қарқара аймағы болды
  • 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.
  • 1916 жылғы қазанда патша әкімшілігі “Қырғыздарды көшіру туралы” шешім шығарды
  • Жетісудағы 237 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар Қытайға кетті
  • 37355 қазақ отбасылары құнарсыз аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды
  • Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді
  • Б. Әшекеев, Т. Бокин ( Верный уезі)
  • Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов (Қарқара)
  • А. Қосақов (Мерке)
  • Торғай көтерілісі:
  • Басшысы: сардарбек Амангелді Иманов
  • Көтерілісшілер саны:
  • қыркүйекте 20 мың сарбаз жиналды
  • 26 қарашада 50 мың сарбаз жасақталды
  • Барысы:
  • 1916 жылғы 22 қазанда 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.
  • 1916 жылы 16 қарашада көтерілісшілер Түнқойма пошта бекетің маңында шабуылдады.
  • Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың
  • хронологиялық кестесі
  • Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873–1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Ел ішіндегі даушарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896–1911 жж бірнеше рет түрмеге қамалды.
  • Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2–3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады.
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшылары:
  • Тоқаш Бокин (1890–1918) – Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Бұрынғы Жетісу облысының Верный уезінде көшпелі кедей шаруа отбасында дүниеге келді. 1898–1906 жылдары Верный қаласындағы ерлер гимназиясында білім алды. Одан соң 1914 жылға дейін Верный уезінің сот органдары мен қоныс аудару басқармасында тілмәш болды.
  • 1913 жылы Верный қаласында өзінің 1802 сөзді қамтыған қазақша-орысша сөздігін шығарды. 1914–1916 жылдары Санкт-Петербор қаласында сот палатасында жұмыс істеді. Осы кезеңде ол патша үкіметіне қарсы түрлі саяси ұйымдардың бағдарламаларымен танысады. 1916 жылы елге оралған Т. Бокин қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу ошағы жетекшілерінің бірі болды.
  • 1917 жылы большевиктер басқарған саяси күштермен жақындасып, Жетісу облысында Кеңес өкіметін орнатуға ат салысты.
  • Т. Бокин сол жылы өлкеде азамат соғысы етек алған кезде саяси күрестің құрбаны болды. 1967 жылы Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылды, Алматының бір көшесі, Іле ауданының бір ауылы Тоқаш Бокин есімімен аталады.
  • Кейкі батыр Көкембайұлы (1871–1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста,
  • 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен.
  • Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы. 1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.
  • Келе жатыр алтын Басы Кейкінің...
  • Жаудан жалғыз – Улап-шулап әлеуметтік желі кеп, Шаһид кешкен дейтұғын, Демін ішке тартқан кезде төңірек Келе жатыр алтын Басы Кейкінің; Тоқсан жылдай екі көзі төрт болған Масайраған оның мұнда жоғында, Торғай жұрты қоя берді еңіреп Орман жұрты қала барды соңында. Бас келеді баса- көктеп ғасырды
  • Кеудесінде қалып қоймай зар әні, Әлихан мен іздеп Қаныш Қасымды Маңдай, шеке сүйегіне тарады; Қарай бермей жаутаң-жаутаң төменге Ата жаудан көңілі қалған, қайран, Бас Көкке өарай көтер, қазақ, басыңды! Арт жағына қайырыла бір қарады…  Белес, белес, белес деп, Айдарынан сипағандай жел иіскеп; Бас келеді тоқсан жылдай көрмеген, Өз денесі Өз көзіне Елестеп! Табанының астында қап тағылық, Қасіретті қара түнді жамылып, Бас… келеді тоқсан жылдай торығып, Өр кеудесін! Өкпе-бауырын сағынып!  Серік Ақсұнқарұлы
  •  
  • Әліби Жангелдин (1884–1953 ж.), мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909–1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады. Ел аралап, кино аппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ыкпал етті. 1915 ж. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім кабылдады. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 ж. тамыз-қазан айларында Актөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілу себептері

  • 1916 жылғы көтерілістің жеңілу себептері
  • 1) бытыраңқылығы
  • 2) қарудың жеткіліксізідігі;
  • 3) руаралық тартыстар
  • 4) Ұлттық демократиялық зиялылар бірліктің болмауы
  • 5) Қазақ феодалдарының сатқындығы
  • Тарихи маңызы:
  • Қазақ халқының таптық санасы өсті.
  • Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды
  • Халық батыры туралы кітап
  • Амангелді Иманов атындағы шың
  • Амангелді Имановқа арналған ескерткіштер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет