Тақырып: Босанғаннан кейінгі кезеңнің қабыну аурулары.
Жоспар: 1. Қабыну ауруларының себептері, жіктелуі.
2. І топ қабыну аурулары
3. ІІ топ қабыну аурулары
4. ІІІ топ қабыну аурулары
5. IV топ қабыну аурулары
6. Мастит
Босанғаннан кейінгі кезеңде болатын жыныс мүшелерінің қабыну аурулары босану жолындағы жарақаттар арқылы микробтардың жыныс мүшесіне лас қол, құрал арқылы сырттан енуінен, немесе әйел организміндегі бұрыннан бар ауру ошақтарынан лимфа және қан тамырлары арқылы жыныс мүшелеріне келіп қабындыруынан болады. Босанғанан кейін болатын аурулар 4 топқа бөлінеді.
– екіаралық, қынап жыртылыстарының жаралары,
- қынап қабырғасы, жыныс еріндерінің қанды ісігі (гематома),
- босанғаннан кейінгі эндомертрит – жатырдың ішкі шырышты қабатының қабынуы.
Бұл ауруларда қабыну процесі тек жыныс мүшелерімен шектеледі.
– параметрит – жатыр маңының қабынуы
- пельвиоперитонит – кіші жамбас қуысы ішкі пердесінің қабынуы
- сальпингоофарит – жатыр қосалқы бөліктерінің қабынуы
- тромбофлебит – жатыр, жамбас қуысы, аяқ вена тамырларының қабынуы.
Бұнда қабыну процесі жыныс мүшелерінің маңына таралады, бірақ кіші жамбас қуысынан шықпайды.
– жайылған перитонит, немесе іш қуысының қабынуы
- асқынған тромбофлебит
- септикалық шок
Бұл ауруларда қабыну процесі кіші жамбастан өршіп қанға өтеді.
– сепсис
- септицемия
- септикопиемия
Бұнда процесс қанға өтіп, бүкіл денеге таралады және басқа мүшелерде іріңді қабынулар туғызады.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің қабыну ауруларына тән ортақ белгілер:
Дене қызуының көтерілуі
Тахикардия
Дененің түршігуі (озноб)
Нерв жүйесінің күйзелуі – бас ауру, ұйқысыздық немесе ұйқышылдық, сандырақтау, әлсіздік.
III, IV топ ауруларында жүрек – қан тамыр, бүйрек, асқорыту, тыныс алу жүйелері қызметі бұзылады.
Әйел жүдейді, терісі сұрланады, кейде сарғаяды, бөртеді.
Қанда эритроцит, гемоглабин мөлшері төмендеп, лейкоцит, ЭТЖ артады.
Екіаралық, қынап жыртылысына салынған тігіс іріңдегенде тырысып, керіп аурады, қызарып, ісінеді, бетін сұрғылт іріңді қабық басады, қанағыш болады. Аталған белгілер байқалғаннан кейін, 2-3 ші күндері қызу көтеріледі.
Көмек.- тігісті сөгіп, жыртылысты сутегі асқын тотығымен жуады, іріңнен тазартады.
Іріңнен тазарту үшін, күніне 3 рет гипертониялық натрий хлор ертіндісімен жараға салфетка қояды.
Жарақат іріңнен тазарған соң, синтомицин, грамицидин, метилурацил майларын жағады.
Антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындайды.
Жара тез жазылу үшін трипсин, хемотрипсин ферменттерін, жергілікті ультракүлгін сәулесін береді.
Жара іріңнен тазарған соң, 12-14 күндері жыртылысқа екінші қайтара тігіс салады.
Сыртқы жыныс еріндері, қынап қабырғасының қанды ісігі – гематома тұсы керіп аурады, терісі ісініп, қою қызыл, күрең түске боялады. Гематома- капилляр тамырларының үзілуінен сол маңға қан жиналудан болады.
Көмек - гематоманы тіліп, қаннан тазартады.
- қан кетіп тұрған тамырды байлап, асептикалық таңғыш салады.
Эндометрит – жатыр кілегей қабатының қабынуы.
Басталу себептеріне қағанақ суының ерте кетуі, толғақ әлсіздігі, босану кезеңдерінің ұзаққа созылуы, босанғаннан кейінгі кезеңде әр түрлі себеппен жатырға қол салу (плацентаны қолмен бөліп шығару, жатырды ішінен – сыртынан уқалау) жатады.
Беліглері: босанғаннан кейінгі 2-3-ші күндері дене қызуы 39* -қа көтеріліп дене түршігеді, тамыр соғуы жиілейді. Жатырдың субинволюциясы байқалып, қолмен басқанда аурады. Жыныс мүшесінен жағымсыз иісті қанды – іріңді сұйық бөлінеді. Қанда лейкоцит, ЭТЖ артады.
Көмек: жатырда плацента бөліктері қалған болса, қырып тазартады немесе залалсыздандырған фурациллин ертіндісімен жатырды жуады. Жатырға 10 минуттай мұз басады. Дезинтоксикациялық, антибактериалдық ем жүргізеді.
Дене қызуын түсіретін, түршігуді басатын анальгетиктер тағайындайды. Ем нәтижелі болса, ауру беті 8-10 күнде кері қайтады. Нәтиже болмаса, одан әрі өршігіп, жатыр маңына таралады.
Параметрит – жатыр маңының қабынуы.
Белгілері босанғаннан кейінгі 10-12 күндері білінеді. Қызу 40*- қа көтеріліп, іштің төменгі бөлігі төмен тартып аурады. Кіші дәретке жие, ауырсынып отырады, іш қатады.
Қынаптық тексеруде: кіші жамбас пен жатыр аралығында қозғалмайтын қабыну ісігі анықталады. Бұл ісік мезгілінде анықталып, емделсе, ауру беті 3-4 аптада кері қайтады, емдемесе өрши түседі.
Метрит – жатыр бұлшық етінің қабынуы. Ауру белгілері босанғаннан кейінгі 4-7 күндері байқалып, 3-4 аптаға созылуы мүмкін. Әйелдің дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашады, тәбеті төмендейді, басы аурады. Жатырдан қанды – іріңді сұйық көп бөлінеді. Жатыр көлемі үлкен, басқанда аурады.
Достарыңызбен бөлісу: |